Ғибадаттың мұрат-мақсаты

Ғибадаттың мұрат-мақсаты
Ей, перзент, ілім алудың басты мұраты – тағат-ғибадаттың түпкі мақсатына жетуі болар. Біліп алғын, тағат-ғибадат жақсы және жаман, әдемі, сұлу да және көріксіз де, адал және арам істер де, сөз бен нақты іс амал да шариғатқа араласуда көрініс табады. Әрдайым сөйлегеніңді істегенің, сөйлемегеніңді істемеуің, бәрі де шариғатқа сай келетін болсын. Егер шариғатқа сай емес деп табылған істі істеу, күнә деп саналады. Айт немесе қатерлі операция күндерінде ораза тұттың, я біреуге күш көрсетіп тартып алған киіміңме намаз оқыдың. Бұлар сырт қарағанда ғибадатқа ұқсаса да шариғатқа сай келмегендіктен, бәрібір күнәһар қатарында боласың. Ей, перзент, айтар сөзің де, пейіл құның да шариатқа теріс келмесін! Өйткені, шариатқа сай келмейтін ілім де, іс амалың да адамды тура жолдан жаңылыстырушы болар. Надан сопылардың шариаттан тыс айтқан сездеріне алаңдамағайсың, сен солардың суретіне емес, iсі мен жүріс- тұрысына бақ. Нағыз сопылық махамы ғибадатқа түгелдей берілмек. Нәпсілік шаһуат талабын қырқуы шарт. Нәпсіге бейімделіп тұрғанды ар-ұят семсерімен шабу арқылы жүзеге асырар. Кейбір жүзеге асыратын істер жасырын қупия атқарылар. Бірақ та шариатқа қарсы сөйлеу, нағыз шариғатқа жанаспайтын істерді істеп, бейсеубет сөздерді ауызга алмақ сопылыққа жатпайды. Ей, перзент, бұл тіл жақсы, жаман сөздерді сөйлеуші және бұл жағдай шаһуат ғапілетімен толысқан жағдайда, бақытсыздық ғаламаты алыс емес екенін біліп алғын. Қашан сен нағыз ғибадатқа бел байлап, осы нәпсілік кеселдерін жеңіп өлтірмесең, жалпы жағдайың, болмыс қалыбың, мағрипат нұрына малына алмас

Имам Ғаззали!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *