Ғаламның түзілісі
Жұлдыздар мен табиғат және аспан күмбезіндегі жұлдыздар,күннін жылдық қимыл және әрекет жолын бойлап жайласқаны он екі екен. Ғарыш бұлардан өз алдын бөлегірек,басқаша ерекшелігі
бар.Падишаның,мысалы,отыратын үйі бар. Уәзір де,падиша жанында,сол үйде отырады және бұл үйдің маңайында қоңсы-көршілері болар.
(Олардың саны он екі- хамал, сәуір, зауза, сары атан, әсет, сүмбіле, мизан, ақырап, қауыз, жәди, дәлу, хүт). Сол он екі көршілес үйлердің сипатында уәзірдің орынбасары отырар,және жеті атты жолбасшы бұл он екінің сыртқы жағынан айналар. Бұл жеті ат үстіндегі жолбасшылар уәзір орынбасарларының жарлығына бағынады.төрт жаяу бұғау салғыш құрықшылар, жеті ат ұстіндегі жолбашылардан аулақтай маңайда, Әзіреті падишадан қандай жарлық келеді деп, мұнтаздай болып дайын тұрар. Төрт бұғау қоғанақты,төрт жаяуға беріпті. Олар жарлық талабына кейбірін падиша жаққа тартса,кейбірін аулақ алыстатар. Әзіреті Алла тағаланын бір үйдегі уәзірінің мемлекетіндегі періште сұхбаттастары оның қарарында болар.
Көк күмбезіндегі жұлдыздар сол бір үйдін пеш хайуаны іспетті.Он екі жұлдыз,он екі сипат. Уәзірдің орынбасарлары бірнеше періштелер болар. Бұлардың дәрежесі,уәзірмен сұхбаттастығы болғанымен сәл төменірек болар. Бұлардың бәріне ілімді істі тапсырып қойыпты. Жеті жұлдыз жеті атты жолбасшыға ұқсас. Әрдайым сипан маңайын айналып жүрер және әр сипаннан әртүрлі жарлық оларға жетер. Олар әр нәрсе төрт асыл деп аталатын. Олар – от, су, жел, топырақ, яғни төрт жаяу қызметкерлер, бұлар өз отандарынан сапарға шықпас және бұларға төрт тәуелділер бар. Олар – ыстық, суық, ылғалдық және құрғақтық. Бұл төрт бұғаулы құрықтар, төрт асылдын қолында болар. Мәселен уақытында біреудің хәлі ауырлап, дүниеден жүз үйіріп қайғымен уайым жеңіп дүниенін қызығы да ризығы да көңіліне жақпай ақырет қамы оған басым келсе, тәуіп бұл ауру қапашылық меланхолиясы деп атайды екен. Бұнын емі қызыл реңді дәрі шөп, дәмі тықырлау ащы болар. Оның қайнатпа шербеті есінен айырылған құсалық, рухани кеселдерге дауа болар дейді. Кейбір көңілдегі дітімен болжайтын тәуіп,бұл кесел қыстың зымыстан құрғақ суығы салдарынан пайда болған, көктем келіп ылғал басым болмайынша, дені сауықпайды дейді. Жүлдызшы айтар: «Бұл кесел жалқық көбіктің кобеюінен, бұл жағдайдың қалыптасуына, Меркурий ықпалы бар. Егерде Меркурий Марсқа жақындаса , сөз жоқ кесел пайда болады. Уақыты келіп Меркурий екі дәреже-алшақтық дәрежесіне жеткенше, бұл кеселден айыға алмайды» дейді.Сонымен бұл аты аталған топтардың бәрі де шындық айтқан іспетті,бірақ тек өз білгендерін ғана айтар. Алайда бұл топтарға Әзіреті Хақ тағала кеңдігімен олардың бақытына сол екі жол басшы,дана керуенді Меркурий мен Марс деп атауға өкім етіпті. Ол заттар уақыты жетіп,жер жаяулық кеңдігінен аспан көк кеңдігіне жаяулап шығады екен. Ұзын бағаулы құрықты көмейдін басынан іліп,дүние ләззатарынан жүз үйіріп, ғам қайғының қамшысын ұрып, жігерлене талап шылауын қолына алып, Әзіреті Алла тағала кеңдігіне қарай тартар. Сонымен бұл тәуіптік ілім табиғат ілімі және астролог ілімінен болмай,бәлкім бұл Пайғамбарлық телегей теңізінің тамшылары шығар-барлық атрап мемлекет және барлық басшылар да бағынушылар да қызметшілер де қәзіретке мұхит болар. Сонымен бұл ілімді білушілер әр кісіні не үшін жаратқаны және жаратушыны қалайша талдап түсінер және қайсы істен шет қалдырар? Ал енді астролог,тәуіп табиғатшылар тобы әр сөзді айтар,не айтса да шын айтар. Бірақ Қәзіреті падиша мәртебелім және оның сыпайы салт атты қызметкерлерінің ахуалынан хабар таба алмапты. Хақ тағала бұл сияқты бәле-кеселдерді саудайы (Меленхол) бейнет пен кеңдігіне жетелер және ол кесел емес деп айтады екен. Бәлкім ілтипат мархабатымен бұғауына түсіріп өзіне тартар. «Әулиелерімді сол бұғау арқылы өзімен тартамын деген сипатты. Яғни «Ақиқаттан қиыншылық,әуелі Пайғамбарларға,одан кейін соларға ұқсастыларға лайық депті. Сонымен сен бұларға кеселді назарымен қарама,бұлар мына топтағылардан: я Мұса, бұлар жөнінде мынандай хабар бар, кесел болдым, бәрібір жат қылмадың мені, Мұса! (бұл жерде егер кеселді барып көргенінде,мені көрген болар едің мағынасында). Сонымен әуелгі мысал, адамның денесіне падишалығы дәлел болар. Екінші мысал-адамның өз денесінен өзге мемлекетте падишалық ету. Осы тұрғыдан алғанда бұларды білмек те қазіреті Хақ тағаланы танымау жағдайынан екенін айта кету еді. Бұл себептен де ілім-білім мағрифаттың жаратылуын әуелгі етіп алға тарттық.
Имам Ғаззали