Ішкі дүниенің төрт қызметкерін бағындыру
Ішкі жан-дүниеңде төрт қызметкердің барын білетін боларсың: отырмақ және тұрмақ, тіпті әр түрлі жағдайда өз әліңе ықтиятпенен қарағын, бұл төрт бұйрық берушілердің қайсысына бойұсынатыныңды анықтап алғын. Әрбір пейіл құны саған жүз беріп байқала қалса, ол пейілдің бір сипаты көңіліңде сақталсын.
Көңілің жай тауып, ол ғаламға сенімен бірге барар. Бұл сипаттарды адамгерішлік дейді. Барлық адамгершілік, осы айтылған төрт іс жүргізушілерге байланысты пайда болар. Егер шаһуат доңызының ықпалында болсаң, сенде ұятсыздық, нас, ластық сипаты, құмарлық, бақылдық пен қарабеттік, бұлардан да басқа жаман сипаттар пайда болар. Егер төмен шаһуатты, яғни доңыз шаһуатты нәпсіні жеңіп, оны қолға алып әдеппен ұстасаң, сенің қол астыңда тәртіп пен қанағат сипаты және ұят, парасаттылық, зеректік, тақуалық, яғни пәктік, дәмеленбеушілік сипаттар пайда болар. Егер ашу иттің ықпалында болсаң, сенде жаман істерге бейімділік, настық, ожарлық және өзін жоғары, өзгені төмем қор санамақ, халыққа азар бермек және бұдан да басқа жаман сипаттар пайда болар. Егер ашу итті өз билігіңде әдеппен тұтсаң, сенде сабыр сипаты және біреудің ауырын көтермек, кешірімділік, қошкөңілділік, жомарттық сияқты сипаттар пайда болады. Егер, ол шайтанның ісін істегісі келсе, оның ісі шаһуат доңызы мен ашу итті орнынан қозғап, бұларды шыр айналдырып, ила-мекерлігін үйретер, Сонымен, шайтанның ықпалында болсаң, сен де жақсы амалдан қиянат сипатын қолдап, ақты «қара» деп көз бояп, халыққа теріс жол көрсетіп, тура жолдан адасарсың. Бұдан басқа да жаман істер көрініс беруі ықтимал. Егер, ол шайтанның мекерлігін істемей, оның мекерлік иласына кіріптар болмаса, яғни алданбаса ақыл сарбазына жар жолдас болса, сенде ұлықтық қасиет және ілім, білім, хикмет, жақсылыққа жаны құмар көсемдік сипаттар пайда болар. Бұл жақсы қасиеттер сенің ықтиярыңда дәйімі болса бақыт ұрығын қолыңа келтірерсің. Жамандық туындайтын кейбір пейілдер бар, оны күнә деп атайды. Кейбір пейіл-құн болады – олардан жақсы сипаттар пайда болады, оны тағат деп атайды. Адамдардың өлмек-тұрмағы осы екі жағдайдан шет болмайды. Шын мәнінде, адам ділі раушан-айна сияқты. Ал жаман сипаттар зұлматқа ұқсар. Егер діл айнасын шаң басатын болса, сөз жоқ оны қараңғыландырар, қиямет күні Әзіреті пәруәрдігердің жамалын, өз кемелін де көре алмастан мақұрым қалар.
Ал, жақсы сипаттар нұрға ұқсас, ол нұр – діл айнасында қарар тапса, барлық зұлмат күнәларды айқын көрсетіп тұрар. Осыған байланысты Әзіреті расулі әкірам саллалаху әлейкі уассалам айтыпты: «Әрбір жаман амалдан кейін бір жақсы амал істегін, сол жақсы амалың жаман істеріңді жоқ қылар». Сонымен қиямет күнінде раушан ділдер Алла тағаланың пенделеріне мархаббат қылады екен. Ол жәнінде Шура сүресінің 88-89аятында: «Күнәкәрларға малы, дүниесі мен перзенттері пайда бермейді, Хақ тағаланың кеңдігіне раушан, пәк қалыбында келгенде ғана пайда береді» депті.
Қорыта айтқанда, адам ділі, шындығында, темірге ұқсас, сондықтан айна сияқты раушанданып тұрар. Егер, айнаны таза және пәк ұстаса, барлық нәрсе одан жарқын көрінер. Егер ол айнаны шаң-тозаң басса, оның ішінен еш нәрсе де көрінбес. Осы жайында Һақ тағала Мүтаффифун сүресінің 1-аятында: «Ақиқат биігін шаң баспаған жағдайда адамдар қылған амалдарын көңіл айнасынан көрер», — депті.
Имам Ғаззали