Ілім иелері – Әбу Ханифаның шәкірттері

Ілім иелері – Әбу Ханифаның шәкірттері

Яхия ибн Мағин, Али ибн Мадаини, Ахмад ибн Ханбал және Зуһайр ибн Харб қатарлы бір топ ғалымдар белгілі ғалым Язид ибн Харунның мәжілісінде отырғанда бір кісі келіп Язидтен имам Ағзам шешімін шығарған бір мәселе туралы пәтуа сұрайды. Сонда ол: «Ілім иелерінен барып сұра», – деп жауап береді. Мәжілісте отырған Али ибн Мадаини: «Сонда бұл жерде ілім иелері жоқ па?» – деп таңдана сұрайды. Язид: «Ілім иелері – тек Әбу Ханифаның шәкірттері», – деп жауап береді. Ирактың Уасит аймағынан шыққан Язид ибн Харунның білімі мен тақуалығына, көптеген ізгі қасиеттеріне хадистанушы ғалымдар бас иген танымал тұлға.333

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *