Ілім және оны іске қосу


Ей, перзент, сақ болғын, Расулилланың үмбеттеріне айтқан ақылдарының бірінде: «Алла тағала пендесін өз кеңдігінен жырақ ұстауының себебі — ол пенденің ақыретте пайда бермейтін істермен шұғылдануынан болар. Ол кісі өмірінің титімдей болса да бір сәтін босқа өткізсе, соның өзі қиямет күні өкінішті жай. Бір адамныц өмірі қырық жастан өтсе, жақсы істері жаманынан артық болмаса, бұл кісі де жаһәнға дайындық жасай берсін» депті. Осы бір хадисте ақыл ілімін қастерлейтін ұлық ғибрат бар. Ей, перзент, насихат айтпақ оңай. Алайда оны қабыл ету қиын екен. Кейде насихат айту кеңіл талабына сай келгенмен істі атқарушы кісінің табиғатына сай келмеуі ықтимал. Оның себебі, шариғатта жаратпай тасталған нәрселер. Сол бір сәтте ол кісінің көңіліне мақұл келіп, оны қолынан шығарып тастағысы келмейді. Ақиқатында, сондай кісілерге каләм, шарип басқа да қисынды ойлау ілімінің талабынан тыс айналып, заң ілімімен керегінен артық шұғылданып, көңілі қалаған дүние істеріне ес-түсі бүтіндей ауып кетеді. Бұларға да насихат айту өте ауырға айналады. Өйткені олар: «Бұл жеке іліміміз Алланы разы қылуға және жаһаннамнан құтылуға пайдасы болар» деген күмәнді пайымдауларға берілгендер. Және ілім болғанымен де іске қажеті жоқ деген ұғымға сай іс істейтіндерден. Осы сияқтылардың өзімен ғана қанағаттанып, істерін істеп жүргендер баршылық. Мұндай кісілер шариғатты құрметтеген болып, олар ілімі бола тұрып амалға аспаса да бұл сияқты жайттан пайда жоқтығын білмейтіндерден. Қабыл етіп, оқып үйреніп, оны іске асырмай тастаған адамдардың қиямет күніндегі азабы екі есе артық болар. Расулилла (С.Э.У.): «Оқыған ілімі пайда бермеген ғалымның қияметтегі азабы қатты болар» депті. Айтылып келе жатқан дерекке қарағанда, Жүнайт Бағдади дүниеден өткен соң, бір кісі түсінде ол бір қасиетті ғазизден сұраған екен: «Ей, Абул Қасым халіңіз қалай?» деп. Сонда ол: «Оқылған ілімдер бекер болды. «Оны істе, бұны ісгемеге» ұқсаған нәрселер жоқ болды. Тек түнде тұрып оқыған намаздар ғана пайдаға қалды» депті.
Ей, перзент ісіңде амалсыз болма, Сопылардың сөзінен хабарсыз болма.
Іске асырылмаған ілім ешқашан пайда бермейді. Мәселен, бір кісі шөлде жалғыз қалды делік. Оның он бірдей үнді қылышы және басқа да құралдары бар болсын, өзі де мықтылардан бола қойсын. Кенеттен бір жолбарыс оған қарсы шабуылға шықса, сол құралдарының өзі апаттан сақтай ала ма? Жоқ әлбетте, оны өз қолымен қайратын іске қосқанда ғана, апатган аман сақтап қалады.
Құрылысшы бір кісі жүз мың мәселені оқып-үйреніп, оны басқаларға үйретсе, ал өзі оны біле тұрып амал қылмаса, іске асырмаса, мұнда өзіне келетін не пайда бар? Айтайық, бір адамның ыстығы асып, запыранды дертке жолықса оның емі — „Сканжабин” — запыран айдайтын дәрі болар. Кеселденген сол дәріні тауып ішіп, іске асырмаса оның ақуалы дұрыс болмас.
Екі мың қадақ шарапты шөлмекке өлшеп құйсаң да, Mac болмайсың ішпесең, жан-жағыңа қойсаң да.
Мысалы: Жүз жыл ілім үйреніп, мың кітапты оқып шықсаң да, ондағы айтылғандарды іске асырмасаң Алланың мейірім-шапағатынан үміт етуге хақың жоқ. Бұл сияқтыларды Алла тағала Құран Көрімде: «Адам әр уақытта істеген істерінің нәтижесінде пайда көрер. Кімде-кімнің Алла тағаланың жамалын көруден үміті болса, жақсы істерді істесін. Уақытында істеген жақсы істері — өзіне жақсы сый, жаман істері өзіне жаман жаза болып қайтады. Көптеген кісілер иман келтіріп, тура, таза жолменен жүрер. Оларға жаратқан ие Фирдауси жұмағын мекен етер» депті.
Ей, перзент, бұл хадиске не дейсің? Ислам бес амалмен жүзеге шығып іске асады: біріншісі – Құданың жеке даралығы, Мұхамедтің
Пайғамбарлығына сену иман келтіру; Екіншісі – бес уақыт намазды орындау; үшіншісі — зекет беру; төртіншісі – рамазан айында ораза тұту; бесіншісі – шамасы келсе адам өмірінде бір рет қажылыққа зиярат ету.
Осы бес амалдың алғашқысы иман жөнінде. Иман – Пайғамбардың айтып кеткен үкімдерін тілмен айтып, ділмен тастықтап, жан-тәніңмен оны амалға асыруыңда. Керекті, пайдалы амалдар үшін есепсіз амалдар көп. Бірақ, пендесі жалғыз Алла тағалаға тағат ғибадат қылады. Сонда ғана жаратқанның жарылқауымен жұмақтан жай алуға қолы жетеді. Өйткені, тек ізгі істерді істеумен ғана Алланың мейір-шапағатына лайықты болар. Егер сұрау беріп: «Жалғыз иманмен кісі жұмаққа бара алады ма?» десе: «Бара алады» дейміз. Бірақ иманмен жұмаққа жеткенше пенденің алдында көптеген тар жол, тайғақ кешулі асулар бар. Осы асуларды асып өтпей жұмаққа жетудің мүмкіндігі жоқ, ол асулардың ең әуелгі және қатерлісі «Иман тауы» болар. Әр пенде өмірінде иманын шайтанның қармағынан сау-саламат жеткізе ала ма, жоқ па — әңгіменің бар түйіні осында жатыр. Осы қиын істердің үдесінен шығуға күші жеткенде ғана, жалғыз иман мен жұмақтан жай алуы ықтимал. Қасан Басири Рахматтула Әлейһи: «Ертеңгі қиямет күніңде Алла тағала пенделеріне, ей, пенделерім тек менің рахым шапағатыммен жұмаққа кіріңдер де істеген істеріңе жараса, үлестеріңді алыңдыр» деп жазыпты. Сол айтылғандай жақсы істері жоқ адамдар, жаратушы Алланың беретін үлестерінен құры алақан қалады екен. Ей, перзент, ықтият бол, амал қылмасаң cayaп таппайсың!
ХИКАЯТ Бани Исраиыл халқынан бір кісі жетпіс жыл Құдайға тағатғибадат етеді. Құдай бұл кісінің ақуалын періштелерге білдіруді жөн керіп, бір періштені оның құзырына жолдайды да: «Барып айтқын сонша ғибадатымен ол пенде менің жарылқауыма лайық емес дегін» дейді. Алланың бұл сөзін қалт жібермей, ол пендеге жеткізеді. Сонда ол пенде жауап береді: «Біз ғибадат үшін жаратылдық, ғибадат ету біздерге міндет» депті. Періште Алланың құзырына қайтып келіп: «Я Алла ол пенденің не дегені өзің аян» деді.
Сонда Алла айтыпты: «Ол пендем маған ғибадат етуден бетін қайтармады. Енді, мен де оны жарылқаудан жүз үйірмегенім болсын. Ей, періштелерім, куә болыңдар мен оны марапаттап жарылқадым» депті. Міне, көрдің, бұл кісі тек ғибадатпен Алланың ризалығына лайықты болыпты.
ХАДИС. Мұхаммед (С.Ә.У.) айтқан екен: «Қияметтің сұрауларынан бұрын, өзіңе-өзің есеп беріп тұрғын. Алла қиямет таразысына тартуға қоймастан бұрын, өз істеген іс- амалдарыңыздың салмағын өлшеп жүріңіздер» деп.
Али Карамулла құрмет иесі айтыпты: «Кімде-кім бір жақсы амалға әрекет қылмастан, жұмаққа кіремін деп үміт қылса, ол жақсы кәсіпсіз Алладан тілеушілер қатарында (яғни бір кәсіпті үйренбестен алдын, білгір кәсіпкерлердің ісін атқарамын дейтіндерден). Өз әлін білмей өзге жақсы іс істегендермен бірге жұмақтан жәй аламын дегендер де өзін қиыншылыққа қалдырар». Қасан Басри Рахматулла: «Амалсыз, яғни жақсы істеріңсіз жұмақты талап етпек — күнәһарлық» депті. Және бір сөзінде: «Амалға сеніп, оған сүйеніп те қалма. Амалды жоққа шығарып одан жүз үйіруші де болма, тек сонда ғана, жұмақтан орын алуға лайықты боларсың» депті. Мұхаммед Әлейһисалам айтқан екен: «Ақылды кісі деп соны айтамыз. Егер, оның ақылы нәпсісінен басым келсе және өлгеннен кейін тірілуді біліп, жақсы істің амалдарын іске асырар. Ал ақымақ кісі, сол кісі болар, нәпсінің қалауына ілесіп және жаратқанның жарылқауынан үміттенетін жандар» деп. Ей, перзент, ықтият бол, түнімен кітап оқып, ұйқыңды арам қылдың. Мұндағы мақсат не? Егер ниетің – дүниелік абырой-атақ алу, мүлік жинау, я бұл фәни дүниеде бірден-бір мансап – лауазымға ие болу, немесе жақындарың мен теңдестеріңнің арасында мақтану болса, онда шама-шарқыңа болайын! Егер мақсатың – Рәсулилла шариаттарын тірілдірмек немесе мінез-құлқыңды тазаламақ, пәктеу арқылы жамандыққа бұйырушы нәпсінің мойнын сындырмақ болса, онда саған екі дүниеде де ғазиз бақыт орнасын! Ақындар айтқан екен:
Көзім хақтан басқаны ойлап, ұйықтамауы бекер дүр, Көзім хақтан басқаны іздеп, жылауы да қате дүр.
Жыламақ, тек Алла үшін ғана болмағы шарт. Ей, перзент, Алланың әмірімен бұл дүниеге қанша қаласаң, сонша жасағын, бәрібір адал ақиқаты сол, сен оны бір күні тастап кетесің. Өлгеннен соң халім мүшкіл болмасын десең, бүгін ойлан! Нені қаласаң соны өзіңе дос тұт! Бірақ, бәрібір одан ажырасасың. Не істі амал қылсаң, қалауың да, істеген ісіңе қарай тағдырың да — солай болар. Жақсы амал – жақсы ісіңе жақсы үкім, жаман ісің – жаман үкім. Ей, перзент, қисын және қарама-қайшылық жайлы ілімдердің саған пайдасы шамалы. Ақіретте пайда бермейтін бұл сияқты дүниелік ілімдермен шұғылданып, Алла алдында күнәһар болып өміріңді зая өткізесің.
Ұлық иесі Алланың құрметімен Иса Әлейһи саламнан түскен Інжілден көрдім. Мүрдені жаназа уақытынан қабір басына жеткізгенше Алла одан өзінің ұлылығымен қырық сұрау береді екен. Алғашқы сауалы: «Ей, пендем, сен неше жыл бойы пенделердің көзі түсетін жерлеріңді тазалап, пәктеп жүрдің ғой, ал менің назарым түсетін жерлерді неге бірде-бір рет таза сақтап жүрмедің! Мен болсам ол жағдайдан үміт етіп күн сайын саған қарайлаудамын. Ей, пендем, адам киіміне оранып алып, менен басқаларға не істеп, не істемедің, халің бұл екен, менен басқаның ықпалынан пайдаланып, бір сәт те болса, демалудың өзі саған лайық емес еді. Сөйле, жоқ әлде сөзді естімейтін саңыраумысың?!» дейді екен.
Ей, перзент, сақ болғын, іске аспайтын амалсыз ілім — делбеліктен басқа ештеңе де емес. Бірақ, ілімсіз амал да ешқандай пайда келтірмейді. Соны білгін де есіңнен шығарма. Әр қандай ілім болса да бүл дүниеде күнәдан аулақтатып тағатғибадатқа ықпал етпесе, ондай ілім қиямет күні сені жаһаннамнан қайтара алмас. Бұндай ілімнен сақтан!
Егер сен бүгінге дейін және бұдан кейін де істеген істеріңе амал қылып өткізген және өткізбеген күндеріңді есіңе келтіріп, есепке алмасаң қиямет күні әрқашанда: «Біздерді фәни дүниеге қайтар, енді туралыққа негізделген жақсы жолды амал қыламыз» дегеніңде, саған: «Ей, ақымақ, өзің ғой сол бір дүниеден келген және не дейсің?» деп жауап береді.
Ей, перзент, рухыңа құрмет қыл, нәпсіңе сынықтықты қарсы қоя біл. Тән үкіміне өктемдік етіп өлтіре біл. Рух деген ұлық нәрсе, ол кілең жақсы амалдарды қалайды. Соны білгін де жақсы іс, жақсы амалдарды істе. Нәпсің бұйырған істерді істесең, ақыры бір күні жеңілерсің — нәпсіңді тый, оны сындыра біл. Тәніңнің талабына ерік берсең, ол семіріп кетеді де ғибадат ету мәселесі қиындай түседі. Сондықтан әрі тәніңді бағындырып (арықтатып) ғибадат етуте жеңіл болғын. Түптеп келгенде, баратын жерің — қабір, Ол қабір қай күні, қай сағатга баратыныңды күтіп тұрады. Сен болсаң, олар алдын сауығасыз, яғни жақсы ғибадатсыз барудан сақтанғын. Сенен қабірде ренжімесін.
Абу Бәкір Сыддық разияалла анху: «Бұл дене – құстардың қапасы және жабайы хайуандарды қамайтын ағылқана. Ал сен ойлан, осы екеуінің қайсысына лайықтысың. Егер жоғарыда аспандап үшатын құстар қатарынан болсаң, яғни ізгі ниетті ғибадатты кісілер тобынан болсаң, Алла тарабынан келетін «Ей, пәк, жаратылған» деген хабарды есітіп, жоғарыға қарай ұшқайсың. Сен жұмақтың ұлы дәрежелі жайларын құшарсың!»
Бір себеп болып Расулилла саллаллаху Әлейһи уассалам айтқан екен: «Неліктен Сайд ибн Муаз ғаламнан өткен күні Алланың ғаршысына келелді? Әйтеуір, оның иәк тәнінен шыққан пәк рухы ғарыш Аллаға көтерілген еді.
Алайда, Алланың өзі сақтасын. Бұл жағдай екінші тайпадағыларға нәсіп болмады. Өйткені, Алланың өзі хабар беріп: «Бүл имансыздар хайуандар сияқты, тіпті, хайуандардан да артық адасқандарданды» депті. Бұл халде оларға, дүниеден тура жаһаннамға барып түсуден басқа жол қалмаған еді. Айтылған деректерге қарағанда: «Хасан Басриға мұздай су берген екен. Ол кесені қолына алысымен есінен айырылады да кесе жерге түседі. Есін қайта жиғанда: «Сізге не болды, уа, Абу Сайд?» деп сұрады. Сонда ол жауап беріп: «Ертеңгі қиямет күнге тозақтың дәйімі тілегені — арыз-наласы. Ей, жұмақ жайы, бізге мұздай су беріңіздер деп жалынғаны есіме түсті де есімнен танып қалыппын» депті. Ей, перзент, сен біліп алғын, егер іс-амалсыз ілімнің өзі ғана пайда қылатын болса, Алла тағала» менен сұраушы, мағрипат талап қылушы, тәубе қылушы бар ма деп сұрамаған болар еді».

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *