Шектен шыққан рафизиге жауап
Бір күні шектен шығушы рафизидің бірі имам Ағзамға келіп: «Адамдардың ең күштісі кім?»,– деп сұрайды. Сонда ол:
– Біз үшін әзірет Әли (р.а.), ал сендер үшін әзірет Әбу Бәкір (р.а.).
– Қалайша?
– Себебі әзірет Әли халифалықтың Әбу Бәкір сыддықта болу керектігін білді. Мойындап, соған табыстады. Ал сендердің көзқарастарың бойынша әзірет Әлиден халифалықты тартып алған Әбу Бәкір сыддық. Өйткені Әли билікті қолына алу үшін еш нәрсе жасай алмады,– деп рафизидің аузына құм құйған екен401.