Хақ тағаладан ғана пана тілеушілерденбіз
Харижиттер Куфаға басып кірген кезде имам Ағзам шәкірттеріне сабақ өтіп жатқан болатын. Әбу Ханифа шәкірттерін қорықпауға шақырып сабағын жалғастыра береді. Сол кезде харижиттер сабақ жүріп жатқан мешітке бас көктеп кіріп келіп: «Сендер кімсіңдер?»,– деп сұрайды. Сонда имам именбестен, сасқалақтамастан: «Біз Құдыреті күшті Хақ тағаладан ғана пана тілеушілерденбіз. Алла Тағала: «Егер мүшіріктердің бірі сенен пана тілесе, Алланың сөзін тыңдауы үшін оған пана бер. Сонан соң оны қауіпсіз оынға жеткіз» («Тәубе» сүресі, 6),– деген»,– деп жауап бергенде харижиттер оларға тиіспей шығып кеткен екен402.