Халифа мансұр қалай бағалады?
Басрада араб тайпаларының арасында қырғи қабақтық өрши бастаған тұста Халифа Мансұр тайпалар арасында дұрыс мәміле орнату үшін бітімгершілікке үндейтін кітап жазуды бұйырды. Содан Ибн Әбу Ләйлә мен Ибн Шұбрама ұзақ уақыт кітап жазуға кірісті. Жазылған кітап халифаның көңілінен шықпады. (Халифаның да білім деңгейі жоғары болатын) Кеңесшілерінің бірі Мансұрға:
«Куфада фиқһ ілімін терең меңгерген бір жас ғалым бар. Ол мұндай күрделі мәселелердің шешуін табудың шебері. Сол кісіні шақыртайық қаласаңыз»,
– дейді. Бұл ұсынысты Ибн Әбу Ләйлә мен Ибн Шұбрамаға айтқанда, олар:
«Негізі мұндай мәселелердің маманы деп айта алмаймыз. Бірақ, адамдар арасында пікірталаста, кәләм іліміне шебер көрінген», – дегесін, Халифа оларға кітапты қайта жазуды тапсырды. Кітап дайындауға тағы бірталай уақыт кетті. Халифа қайта жазылған кітапты көріп тағы да ұнатпай: «Ілім мен оның иелері жоғалып бара жатыр екен», – деп кейістік білдіреді. Халифаға әлгі ұсыныс қайта айтылады. Осыдан кейін халифа имам Ағзамды құзырына шақыруды бұйырды. Алдына келген имам ға бірқатар сұрақтар қойып сынады. Жауаптарына қарап, өз ойлағанынан әлде қайда қабілетті екендігіне көзі жеткендей болды. Ол Ибн Әбу Ләйлә мен Ибн Шұбраманың жазған кітабын имам ға тексертті. Имам оқып шығып: «Ішіндегі Алла Тағала мен пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөздері қатесіз жазылған. Бірақ, қалғандары тым орынды деп айта алмаймын», – деді. Халифа: «Олай болса, бітімгерлік кітабын сен жаз кәне!» – деді. Имам табан астында кітап жазуға кірісіп кетті де көп өтпей Халифаға тапсырды. Халифа кітапты қарап шығып, Ибн Әбу Ләйлә мен Ибн Шұбрамаға берді олар ары-бері парақтап: «Айтарлықтай кемшілік көре алмадық», – деді. Халифа екі ғалымды имам Ағзамға көмекші етіп бекітіп, ал имам ға сарайда қызмет етуді бұйырды. Сарайдағы имам ның мәртебесіне сүйінген жұрттың сөзі ел ішінде желдей есті.271 Имам ад-Дайлами риуаятында Абдулғазиз ибн Әбу Рауад былай дейді:
«Имам Ағзамға келіп, мені халифа сарайға шақырып жатыр. Оған кейбір
шариғат әмірлері мен тыйымдарын айтып ескертіп отыруым керек. Маған осы тұрғыда шариғат талаптарын ескерте алатын, әрі оның шамына тиіп, ашуына ілікпейтіндей кеңес берсеңіз», – дедім. Имам : Халифаның құзырында болады екенсің, ең әуелі орынсыз беталды сөйлемеуге, үндемеуге әдеттен. Өйткені,
268 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 9-бет.
269 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 156-бет. 270 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 11-бет.
271 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 15-бет.
сөз соларда. Сенен қандай да бір мәселе туралы сұраса, нақты жауабын бер. Бірақ оған: «Уа, Мүминдердің әміршісі! Дүниеге адам үш себепке байланысты қызығады. Біріншісі – абырой. Бұған келсек, сіз ата-тегіңізбен атақ-абыройлы пайғамбар ұрпағысыз. Екіншісі – мансапқа келер болсақ, сіз араб және басқа да мұсылман халықтардың құрметті патшасысыз. Үшіншісі – дүние-мүлік, байлық. Оған келсек, Алла Тағала сізге шексіз байлық берген. Олай болса, сізге тек Алладан қорқып, өзіңізді түзеуге талпыну ғана қалғаны. Алла Тағаланың тыйым салған нәрселерінен бойыңызды аулақ ұстасаңыз, сонда дүние мен ақыретіңізді тең ұстаған боласыз» деп насихат айтқаның орынды, – деген еді».272