Төлен Әбдік «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» («Өтелмеген парыз»)

Кімге беремін бұл асықты? Өз жаныңда жатсын. Жарық дүниеге келгенде көрген жалғызым-ау…
Бұл не қылғаның?.. Бәрі қолынан келгенде қиянат қылмау қолыңнан келмегені ме жарығым-ау. Құдайдан көрген зәбір тірліктің заңы шығар, адамнан көрген зәбір қымбат, жарығым-ау. Соны неге түсінбедің? Қалайша түсінбедің, құлыным-ау! Хайуанның да обалы жібермейді деуші еді, адам обалы қайтіп жіберсін…
Бұл дүниеде ешкім ештеңені өзімен бірге алып кетпейді. Жаманшылық істесең де, жақсылық істесең де — бәрі осы дүниеде қалады.
Қызығыңды көреміз бе дегенде істеген зәбір-қиянатыңды маған арқалатып кеттің бе?! Мен бұдан қалай құтыламын…

Төлен Әбдік «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» («Өтелмеген парыз»)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *