Тағаланы тану
Өткен әнбиелер кітаптарында мына қаулы жазылыпты: «Өз жаратылысыңды танысаң, өз пәруердігеріңді танырсың». Ақбар шығармасында айтылыпты: «Әрбір кісі өз жаратылысын таныса, пәруердігерін де шын мәнінде, ақиқат таныр». Бұл сөздер жоғарыда айтылғандарға дәлел болар.Адам жаратылысы айнаға ұқсар. Егер кісі айнаға қараса Хақ Тағаланы көрер. Көптеген халықтар жаратылысының айнасына қараса да Хақ тағаланың жамалын көре алмас. Сен Хақ Тағаланы көретұғын жолмен, сол айнаға қарау тәсілін білгейсің. Ол екі түрлі тәсілмен қолға түсер. Әуелгісі жасырын, (халі мүшкіл қураған ағаш сияқты) көптеген адамдар ол тәсілдің пайымына жете алмас. Сондықтан кісі пайымына сыймайтын сөзді айтудың өзі орынсыз. Екінші тәсілді жалпы халықтың пайымдауы оңай. Бұл оңай дегеніміз адам ез заттының болмысынан, Хақ нұрлы Алла тағаланың заты міндетті түрде орындалуға тиіс болмысын таныр. Өзіндегі сипаттардан, Хақ тағаланың сипаты, құдіретті тағлымын білер. Өз мүлкі – өз денесін қолына алып, иелік жасаудан Құдай тағала ғаламаның күллі ғаламға иелік етуін байқар. Бұл сөздердің ман-мағынасы, кісі – уақытында өз болмысын таныса, бұлғаламға келместен бұрын атасының беліндегі бір тамшы судан пайда болғанын білер еді. Онда ақыл-ес, құлақ, көз, қол, аяқ, сүйек, сіңір, ет, тері жаратылған жоқ. Ал бұл ғажайыптар адам болмысына өзінен-өзі пайда болды ма, я біреу пайда қылды ма? Ал сен осы халіңде бір түк сияқты нәрсені жаратуға шамаң келмес. Ал сен ол кезде бір тамшы су едің, бұдан да әлсіз халде едің. Енді сол әлжуаз затыңда бүл дәрежеге жеткізген, қадірлі табандылығымен, күш-қуатымен ерекшеленген ғалам пәруердігерінің құдіретін тамаша қылғайсың. Әруақытта адам өз денесіндегі тысқы және ішкі ғажайыптарына назар салса, жаратушының таңқаларлық құдіреттерін білер еді. Бір тамшы судан жетілдіріп, бұл сипаттағы кемелділікке, көрік-келбет, керемет сұлулыққа ие eтіп жаратыпты.
Сонымен, адам өз сипаттары ағзаларының сирек кездесетін қасиеттерін көре білсе, сол сияқты тысқы ағза – қол, аяқ, көз, құлақ, тіл және ішкі ағза – бауыр, қараталақ жүрек және бұдан басқа барлық таңданарлық та, сирек кездесетін сипаттарының керемет екеніне тан берер. Xақ тағаланың ілімі мен құдіреттерін, кемелін білгейсің. Құдай тағаланың іліміәр нәрсені мүхитша орап алған. Оның білеітін, ілімінен тыс еш нәрсе жоқ. Егер барлық нәрселер топтасып қол ұрғанымен адам ағзаларының бір бөлігін де дәрежесінде жарата алмас. Хақ тағала жаратқан суреттен артығырақ, сұлуырақ сурет жасай алмайтынына ой жіберіп ұялса, ұқсату мүмкін емес. Мәселен, денедегі тіс суретінің және бір басқа суретте болмағын ойланса жетеді. Сонан соң, сол ауыздағы отыз екі дана тістерінің алдындағыларының ұшы өткір тағамды кесіп немесе үзіп жер. Ал азу жақ тістер тістердің анасы сипатты. Ол тек тағамды жаншып диірмен сияқты майдалап ұсақтаса, тіл астынан сілемей су пайда болып, шайналған азыққа су қосып дәм кіргізіп асқазанына дайындап берер. Енді, жалпы ғаламның ақыл-есі барлары, бұдан жақсырақ бір суретті жаратып жүзеге келтіруі мүмкін емес. Осыған ұқсас саусақтар – басбармақ төртеуінен бөлек суретте, басқаларынан оқшаулау орналасқан, жуан,келтелеу. Бұлардың әрбірінің атқаратын міндеттері бөлек екені мәлім. Төрт бармақтың буындары үшеуден, басбармақтың буыны екеу. Қолмен қалаған нәрсені ұстар, бұдан да белек қызметтерді атқарар. Егер барлық ақыл ғаламы жиналып, саусақтар суретін басқа бір сипатта болуын қалаған жағдайда, мәселен саусақтың бәрі-бірдей болуын немесе үш саусақтың бір суретте болуын, я саусақтардың алтау, я төртеу болуын, бұдан өзге де суретте жаратылуын қаласа, әлбетте, бәрібір ойдағыдай жетілген кемелділікте бола қоймас. Шындық осыны дәлелдер. Хақ нұрлы Алла тағала аса бір шеберлікпен жаратқаны мәлім екенін осылардан байқауға болады. Жаратушы – бар ғаламға мүхит сияқты екенін,барлық ғаламдағы нәрселердің даналықпен өз орнына сай жаратылғанына осылардың өзі дәлел.
Сонымен адам ағзаларының әр бөлігінде бұл сияқты керекті жайттерге назар салсақ, ол ағзалар тағам мен киім-кешек мезгіл мен мекен және бұдан да басқа темір мен мыстан болған құралдар, басқа да иерселерді Хақ Нұрлы Тағаланың өз қалауымен жаратыпты. Енді бұл пайда болған сөздерден пенделердің, Хақ тағала пенделеріне деген мейірбандығын білуі шарт, Сондықтан Хақ тағала: «Менің мейірімшапағатым ғазабымда белгілі» депті. Әзіреті пайғамбар (С.Э.У.): «Хақ тағаланың пенделеріне шапағаты және мархабаты сүт емізген балаға анасының шапағат мархабатынан да артық» депті. Енді адам затының күш-құдіретіне Әзіреті жаратушы қадірімен кемелділігі белгілі болды. Қоршаған ортаның күш-қадірінен, Алла тағала ғаламының ілімі, барлық нәрселерге мухиттығын аңғартар. Бұл өз атырабының мән-мағынасын және ғажайып қасиеттерін біліп, хабардар болуы – Хақтағаланың құдіреті мен кемелдігін көрсетер. Пенде өзіне керексіз болатын, я қажет уақытта керек болатын әсемдік, безену үшін керекті нәрселер өзінде, өзінің ықтиярында. Барлығы Хақ тағаланың өлшеусіз жарылқайтын
мархабаттарын білдірер. Осы себептен де өз жаратылысыңды танымақ – Хақ нұрлы Алла тағала ілімінің кілті екенін білгін.
Имам Ғаззали