«Субханаллаһ уалхамду лиллах» мағынасын білу»
Сүбханаллаһи уалхамду лиллахи уа лә иләһә илаллаһу уаллаһу әкбар! Мағынасын білгейсін, бұл сөз талдаудың қысқаша жинағы.Хақ тағаланың пәктігін білгенін – Сүбханалланың мәнін білгенін болар.Уақытымен өзіңнін падишалығыңның іс-әрекетінен Хақ Сүбханаһу уә тағаланың падишалығын таныдың да,жалпы мақсатқа жету құралдары оған тәуелді және жазушы қолындағы қалам оның мысалы болар. «Әлһамдулиллаһ» мағынасын білсен, Хақ тағаланы білсен өзге ризықнесібе беруші жол екенін білгенің. Ал Хақ тағаладан өзгеге мадақ пен шүкіршілік етуге лайықты арзитындай да еш нәрсе жоқ және Лә иләһә илаллаһ мәнісін білгенін болар. Енді Аллаһу әкбардын мәнісін білгейсін.
Біліп алғың, Хақ тағаланы халық өздеріне ұқсас қылмақ пенен ғана біле алмас. Аллаһу әкбардын мағынасы, Алланың өзінен өзгелерді ұлығырақ деп болмас. Талдап көрсек Хақ тағалаға теңдес ешбір де зат жоқ екен, Хақ тағалаға осыны лайықты деп тану мен бірге жалпы ұлықтық онда болса және барлық жаратылыс Хақ тағалаға нұр шұғыласынан болар.Мәселен жалынның нұрын сол жалыннан ұлығырақ деп болмас,сол сияқты бөліп те болмас. Сондықтан Аллаһу әкбардың мәнісі сол болмақ-адам ақылы оны тек салыстырмалы жағдайда ғана танығай. Алла сақтасын. Қазіреті Хақ тағаланың пәктігімен дәулеті, адамның пәктік дәулетіне ұқсас болмас. Хақ тағала жалпы жаратылысқа ұқсамақтан сап таза,адамдарда нендей ықылас болмақ, Аллаһ сақтасын! Хақ тағаланың падишалығы пәк және биіктеадамдарда қандай ол сияқты қәдір шарапат болар.
Бәлкім бұл айтылғандағы лайықты үлгі шығар-Әзіреті Хақ нұрлы Аллаһ тағаланың кемелі және ұлылығын танымаққа.Адамдар кемшіліксіз емес-әлсіздеу де,тек болжам көрегендікпен жол табады.Сонымен баяндалған сөздерде мысалы –соған ұқсас.Егер нәресте бізге сауал берсе: «Падишалық және мемлекет басшысы болмақтық амалы мен ләззаты қандай? десе, жауап айтар едік: «Асық, доп ойнаудың ләззатына ұқсар » деп . Өйткені жас нәресте бұдан артық айтқанды түсіне бермес және адам ол нәресенің нендей зат екенінің ақиқатын танымақ қой салыстырумен оны біліп болмас. Мәлім жағдай – падиша салтанатының ләззатына, асық, доп ойнау ләззаты жанаспайды. Бірақ әр екеуіндегі шаттықты ләззат деп айтса болады. Жанына жақын болу себебінен де салтанат ләззатын, ойын ләззатындай деп балаға анғартуға болар. Ал бұған ұқсас Хақ тағаланың кемелі мен ұлықтылығының ақиқатын өзінен өзге ешкім де білмес.
Имам Ғаззали