Смағұл Елубай. «Қиямет-қайым ғасыры»

Адам Жаратқан Иенің Жер бетіндегі ең күрделі де басты жобасы. Оған үңілер болсаңыз, тереңіне көз жетпес шыңырауды көресіз, ұшан-теңіз құпияны сезесіз.
Ана құрсағынан ажыраған сәтте бізді үрей билеп, бақырып-шақырып дүниеге келеміз…
Сен үшін қоршаған ортаның бәрі түсініксіз. Бойыңды үрей билейді. Анаңыз аттап алыстаса болды шар етесің. Бәрінен қорқасың. Бәрінен үркесің. Сондай шарасыз, панасызсың. Түк түсінбейсің. Алайда, Ұлы Жаратушы сенің халыңның осылай мүшкіл боларын алдын ала біліп, алдын-ала шара қолданыпты. Яғни, панасыз шақалақтың қауіпсіздік шараларын қарастырған. Біріншіден, сені аяласын, асырасын деп ана жүрегін телегей-теңіз риясыз махаббатқа толтырған. Екіншіден – қызылшақа шақалақ сенің бойыңа Жаратқан Ие Жер бетінде жоқ жәннат исін дарытқан. Сенің бойыңдағы сол тәтті жұпардан тыныс алған адам танауы талмаурап, ләззат табады. Саған құштар болады. Саған сөйтіп жүрекпен байланады. Сүйеді. Саған барын салып қызмет етеді. Сөйтіп, Сенің қауіпсіздігіңді Алла Тағала алдын ала ескерген. Өз қамқорлығына алған. Сен қашан бой көтергенше ересектер қамқор болсын деп қылығыңды, түріңді, тіліңді балдай тәтті еткен. Раббыңыз сәбилерді осылай қамқорлығына алған. Осыдан келіп тағы бір сұрақ туады – «Сонда, өмірге келген нәрестенің шын қамқоршысы, шын ата-анасы кім?» деген.

Смағұл Елубай. «Қиямет-қайым ғасыры»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *