Алдымда менің жол жатыр. Бұралаң, бұлтарысы көп өмір жолы. Талай жыл жүріп келем, жүріп келем. Өріне шығып сүйінген, ойына түсіп күйінген де күндерім бар. Сонда да жүріп келем. Адал жүріп келем. Ойға алған көп дүниені тындырғандаймыз, асыл мұраттың біраз биігіне көтерілгендейміз. Көкжиек кеңейіп, жол шеті құбылып, ұзара түскен, қол жетпес арманша шалғайға тартып, шақыратын сияқты жұмбақ алысқа. Бір ғажабы, елегізімейтінге ұқсаймын…
Сафуан Шаймерденов «Қарғаш»