Пайғамбар сүннеті мен сахабалар жолын қорғаудағы ерекше ыждағаты
Шафиғи ғалымы Ибн Хажар әл-Һайтами өзінің «Мауаһиб ар-Рахман фи манақиб ан-Нұғман» атты еңбегінде имам Ағзамның ислам тарихындағы алмағайып кезеңде әһлі сүннет жолын сақтап қалудағы еңбегін былай бағалайды. Құран мен хадистен үкім шығаруда сахабалар мен табиғиндерден жеткен деректер мен дәйектерге сүйенбеген адамдардың өз ойлары мен нәпсінің ырқына еріп қате жорамалға ұрынатындығы анық. «Жүректерінде қыңырлығы барлар бүлік шығарып, өз ойларындағыдай жорамалдау үшін (аяттардың) ауыспалы мағыналары барларына құмартып тұрады»377 деген аятта айтылғандай тура жолдан тайғандар – мұсылмандардың қатарында жүргендей болып көрінгенімен, (өз айтқандарын жөн санап бұрмалау үшін) тура жолдан адасып кететіндігі меңзелген. Осы жағдайды дөп басқан пайғамбарымыз «үмбетім көптеген топтарға бөлінеді…» деген хадисінде солардың ішінен суырылып шығып, жеңіске жетіп, мерейі үстем болатын топты «Олар менің және сахабаларымның жолын
ұстайтындар» деп атап, басқалардан ерекшелей айтқаны белгілі.
Міне, осы мәселеге орай екінші буынның (әтбағу табиғин кезеңінің) соңына қарай қайшылықтар шиеленісіп, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар мен бидғаттар көбейе бастағанда ғалымдар діни кітаптар жазуға бар ынтасымен кірісті. Осы кезеңде сүннеттен таймаған сахабалар мен табиғиндердің ұстанымдары мен өмірлік деректері егжей-тегжейлі толығымен қағазға түсіп жатты. Өйткені, діннің
374 Әбу Зәхра, 289-б.
375 Таханәуи, Иғлаус-сунән, 1-т., 11-12-б.
376 М. әс-Сибаи, әс-Сунна, 470-б.
377 «Әли-Имран» сүресі, 7-аят.
туын көтерген алғашқы буын сахабалар пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) берекелі мәжілістерінен сусындап, дәл сол ортада өмір сүргендіктен Құраннан басқа кітап жазуды қажетсінбеді. Хадистерді де Құран секілді жаттап, кейінгі буынға жеткізіп отырды. Ол кезеңде көзқарас түсініктерінде айтарлықтай қайшылықтар болмағандықтан әрі саны жағынан да аз болғандықтан ғұламалардың төрелігіне жүгіну аз болатын.
Пайғамбарымызбен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) қатар өмір сүріп, уахи мен мұғжизаға куә болған, көңілдерінде ешбір күдік жоқ, имандары берік, дүниенің қызығынан бет бұрған ақ жүректі сахабаларға жаңадан пайда болып жатқан қайшылықтар нық сенімдеріне селкеу түсіріп, кері әсер ете алмағандықтан оларды аса уайымға да сала қоймады.
Кейбір оқиғаларға байланысты ижтиһад жасаған ғалымдардан қателескендері де болды. Бірақ, ақиқаттың ақ жолын іздеудегі қателігі болғандықтан, оларды ешкім айыптамайды. Дегенмен мұсылмандардың көпшілігін «әһлул-хал уа әл-ақд» (билік пен келісім иелері)378 деген атқа ие болған үмбеттің беделді тұлғалары мен сүннет жолын ұстанған қалың жұртшылық құрайтын еді. Бұлар пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Үмбетім адасушылықта бас қоспайды», «қалың көпшіліктің соңына ілесіңдер» деген сахих хадистерінде айтылған ешқашан «шариғатқа қайшы істі жаппай қолдап кетпейтін қалың қауым» осы. Сондай-ақ, үмбеттің ижмағының дұрыстығын көрсететін Құран аяттары тура жолдан тайғандардың қауіпті бағыттарға түсіп, бидғаттар мен нәпсіге негізделген жалған мәзһабтары сырт көзге қаншалықты дұрыс болып көрінгенімен, ақиқаттың ауылынан мың көш алыс жатқанын дәлелдейді. Бірақ адам баласы өзі дінге ұюдың орнына дінді өз ойы мен еркіне бейімдеп алғысы келеді. Әрі оны бір тартымдылық пен ерекшелік деп есептейді. Шынтуайтында Алланың заңы үнемі нәпсі мен адамның қалауларын, мінез-құлқы мен әрекеттерін тезге салып отыру үшін жіберілгендігін білмейді. Бұл туралы Құранда: «Егер шындық олардың еркі мен нәпсілеріне ерсе, жер мен көк және ондағы нәрсенің бәрі быт-шыт болар еді. Оларға үгіт болатын нәрсе әкелдік. Олар болса, сол үгіттен теріс айналады»379, – делінген.
Шындық осыншалықты жария әрі түсінікті болса да, өкінішке орай шындыққа
шақырғанда құлақ аспаған топтарды шайтан аздырып, әртүрлі жолдарға түсіріп, бидғат шыңырауына құлатуда. «Алла тура жолға салғаннан кейін, шайтан иектеп, сандалғандардың айтатынындай «Біз жақтағы тура жолға кел!» дейміз бе?»380, «Міне, осы – тұп-туара жолым. Осы жолға түсіңдер. Алла жолынан адастыратын жолдарға түсуші болмаңдар!»,381 – деген аяттарда көрсетілген нәпсілерінің жетегінде кеткен дінбұзар топтар шығып, бұрынғы өткен ұлы тұлғаларды айыптай бастағанда, діннің негізі мен сахабалардың сара жолын сақтап қалу үшін жаратылған, дін ғұламаларының көшін бастаушы тұлғалардың бірі, өмірі ғибратқа толы кемеңгер ғалымдардың ең беделдісі – Әбу Ханифа ан- Нұғман.
Әбу Ханифаның сүннетті сақтап қалуда, діни үкімдерді қалыптастыруда теңдессіз еңбек сіңіргенін дәлелдейтін деректердің бірі ретінде – ақиқат шыңына көтерілген әйгілі тариқат шейхтарының бірі Сәһл ибн Абдулла Тустаридың:
«Мұса (Оған Алланың сәлемі болсын) мен Иса(Оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарлардың үмбетінің
378 Ижтиһад жасайтын ғалымдар мен саяси билік иелері.
379 Мүминун сүресі, 71-аят.
380 Әнғам сүресі, 71-аят.
381 Әнғам сүресі, 153-аят.
арасында Әбу Ханифадай бір кісі болғанда олар не иудей, не христиан болып кетпес еді», – деген сөзін айтуға болады.382
Бұл мәліметтер сүннетті сақтауда алдыңғы өткен буында Әбу Ханифадан асқан тұлғалар болмаған дегенді білдірмейді. Әрине, олардың исламның қалыптасуына қосқан үлесі мен қалдырған мұралдарының орасан зор екендігінде дау жоқ. Бірақ, алғашқы кезеңде имам Ағзамның кезіндегідей түрлі жат ағымдар мен адасушы топтар соншалықты белең ала қоймағандықтан діни ілімге аса қауіп төне қоймаған еді.
Қорытындылай келе, былай деп тұжыруға болады. Әбу Ханифаның мүжтәхид ғалым екендігін оған қарсы көзқараста жүргендер мен оны жақтағандардың барлығы тегіс мойындаған. Мүжтәхид болу үшін оның үкім шығаратындай көлемдегі хадистерді жетік меңгеруі шарт. Ал үкім шығарылуы керек хадистердің саны өте көп. Олай болса, кейбіреулердің айтқанындай, «Әбу Ханифа 15 немесе 150 хадис қана білсе» қалайша мүжтәхид ретінде танылады?! Қалайша басқа ғалымдар Әбу Ханифаның үкімдерін дұрыс санайды, фиқһымен шұғылданады, оның айтқандарын осы күнге дейін сақтап, оқып талқылап келеді? Әрине, бұлай болуы ақылға сыймайтын жайт екендігі анық.
Әбу Ханифаның мәзһабын оқығандар оның берген жүздеген пәтуаларының сахих хадиске сай келетініне көз жеткізе алады. «әл-Қамус»383 атты еңбектің авторы Мұртаза әз-Забиди Әбу Ханифаның сүйенген және оларды Кутубу ситтаның384 ғалымдары да дұрыс деп құптаған хадистерін «Уқудул-жауһарил мунифа фи адиллати Әби Ханифа» атты кітабында жинақтап жазған. Егер кейбіреулердің айтып жүргеніндей, «Әбу Ханифа тек қана 17 немес 50 немес 150 хадис қана біліп, (олардың айтқанындай) «олардың жартысы қате болса» онда қалайша жүздеген ижтихадтары сахих хадистерге сай келген? Әрине, бұлай болуы мүмкін емес. Ол өз заманындағы хадистердің көбін білгендіктен, соған қарай мәселелерді шешіп отырған.
Жалпы алғанда, білімнің қадірін білген, танымал ғалымдардың Әбу Ханифаны дәріптен, хадисшілер секілді тек хадиспен шұғылданып, хадис жинақтамаса да, оның барлық айтқан үкімінің мазмұны мен мағынасы хадис пен Құранға барып тірелетіндігін мойындаған. Тіпті, оны хадис ғалымдарының қатарына қосқан385.
Әсілі, Әбу Ханифаға қарсы шығудың себептерінің бірі, өзгелердің оның ижтихад жасау тәсілін түсінбегендіктен туындап жатты. Осының нәтижесінде ол жайында жағымсыз сөздер айтылып, желдей есіп, кейбір білім жолындағы ғұламаларға да барып жетті.
Мұнымен қатар, Әбу Ханифаның айтқан пәтуасы басқа ғалымдардың көзқарастарына қайшы келіп те жатты. Алайда, ол туралы жаман ойда болғандар Әбу Ханифамен жолыға қалғанда, оның ойын, пікірін біліп, оның діндар, тақуа екендігін, оның әр мәселеге егжей-тегжейлі қарайтындығын байқап, ол жайында айтылған жағымсыз сөздердің жаңсақ айтылғанын түсініп, дереу өзгеріп, оны мақтап ала жөнелетін. Бұған қатысты «Хайратул Хисан» атты кітабында Мекки былай дейді:
382 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбул, 2009. 25-30-беттер.
383 «Тажул-арус мин жауаһирил қамус» деп аталатын еңбегі 40 том болып жарық көрген.
384 Хадисте ең танымал болған алты кітап: Бухари, Муслим, Тирмизи, Әбу Дәуіт, Ибн Мажә, Насаи.
385 М. әс-Сыбаи, 445-б.
«Әбу Ханифа білімімен танымал бола бастағанда, Әузағидің санасында ол жайында жағымсыз пікір қалыптасады. Бірақ, екеуі ол уақытқа дейін жолықпаған болатын. Тіпті, бір мәртесінде Әузағи Абдуллаһ ибн Мубаракқа:
– «Әбу Ханифа» деген лақап ат тағылған Куфадан шыққан бидғатшы кім өзі? – деген еді. Сонда ибн Мубарак оған Әбу Ханифаның атын айтпастан, өте күрделі мәселелерді түсініп-талдауы, оларға берген пәтуалары жайында сөз қозғайды. Сонда Әузағи:
– Бұл пәтуаларды айтқан кім? – деп сұрады. Ибн Мубарак:
– Иракта жолықтырған бір ұстаз,– деді. Әузағи:
– Олай болса, ол үлкен ұстаздардың бірі, оған барып тағы да білім ал,– деп өсиетін айтады. Сонда ибн Мубарак:
– Ол кісі – Әбу Ханифа,– дейді. Әрине, мұны естіген Әузағи таң қалады. Көп ұзамай Әузағи Меккеде Әбу Ханифаның өзімен жолығып, Ибн Мубарактың айтқан мәселелері жайында сөз қозғайды. Сонда Әузағи Әбу Ханифаның расында үлкен ғалым екендігін мойындайды. Кейін Әузағи Ибн Мубаракқа:
– Бұл адамның білімі мен парасат-пайымына қызықтым. Ол мен ойлағаннан мүлдем басқа адам болып шықты, – деп386, ол жайында түйген пікірінен айнып, естіген жерде оның есімін құрметпен еске алатын болды.
Жоғарыда да айтып өткеніміздей, имам Ағзам хадисті шариғи дәлел ретінде қабылдауда қатаң талаптар қойған. Сол талаптарға сай келген хадистерді ғана қабылдаған. Біле-білсек, Әбу Ханифаның хадисті аз риуаят етуін кемшілік емес, қайта хадис риуаят етудің ауыр міндет әрі ақыреттегі жауапкершілігінің ауырлығын сезінуі деп ұққанымыз жөн. Бұл – нағыз тақуа дін ғалымының бойынан табылатын артықшылық. Сондықтан, хадисті аз риуаят етуі – оны даттауға емес, мақтауға тұрарлық амал. Үлкен бір мәзһабқа жол салып, жүз мыңдаған сауалдарға аят-хадистерден дәлел келтіре отырып, жауап бере білу Құран мен хадис ілімін терең білмеген кісінің қолынан келетін іс емес. Әрі жаңа тәсілдерді дамыта отырып, өзіне тән жаңа бір мәзһабтың негізін қалау оның Құран мен хадис ілімін терең меңгергенін нақты көрсетеді.
Жоғарыда да атап өткеніміздей, Әбу Ханифаның ілім алған тізбегі атақты табиғиндар арқылы Омар ибн Хаттаб, Али ибн Әбутәліп, Ибн Мәсғуд секілді ғалым, фақиһ сахабаларға барып тіреледі. Сондықтан, оған хадисті аз білген деп жала жабу орынсыз387.
Әрине, Әбу Ханифаға барлық хадистер тегіс келіп жетпегені де жасырын емес388. Бірақ, ол хадистердің арасындағы насих пен мансухты жақсы білгендіктен,
386 Хайсами, Хайратул-хисан, 33-б.
387 Әбу Ханифаның хадис іліміндегі орнына қатысты кең мәлімет алу үшін қараңыз: ән- Нұғмани, М. Абдуррәшид Мәкәнәтул-Имам Әби Ханифа фил-хадис, Бейрут, 1416 388 Осы мәселеге қатысты М. әс-Сыбаи былайша ой түйеді: «Әбу Ханифаға кейбір хадистердің жетпей қалуы немесе оның білмей қалуын жоққа шығармаймыз. Өйткені, сахабалар дінді жаю үшін тарыдай шашырап жан-жаққа тарауы себепті кей өңірге жетпей жатады. Сондықтан, сахабалар, табиғиндер немесе одан кейінгі келген ғалымдардың ешқайсысы хадистердің барлығын білетіндігін жар салып айтқан емес. Бұған мысал: Бір күні Шағби жанында діни сұхбат беріп жатқан бір жас жігітке: «Біз бұл айтқаныңды естімедік» деп тоқтатады. Сонда жас жігіт: «Білімнің барлығын естідің бе?» деп, Шағбиге сұрақ қояды. Шағби: «Жоқ» деді. Жігіт: «Жартысын естідің бе?» Шағби:
«Жоқ», деді. Жас жігіт: «Олай болса, бұл айтқанымды естімеген жартысынан деп біл» деп бізге жетпегенін, білетінімізден білмейтініміздің көп екендігін түсіндіреді.
Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге болған сахабалар да хадистердің барлығын біле бермейтін. Мысалы: Хазірет Омар (р.а) мәжусилерден (отқа табынатындардан) салық алмау жайында және оба ауруы жайындағы хадистерді
Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірбаяны мен хадистерді алдыңғы немесе соңғы айтылғандарына қарай отырып, әсіресе, пайғамбарымыздың соңғы кезеңде айтылған хадистерін негізге алған. Әбу Ханифа бір-біріне мән-мағынасы қайшы келген хадистерді өзара біріктіруден гөрі, соңғы үкімдердің алдыңғыларды жойған деген пікірді ұстануы оның «Фиқһтық үкімдер өмірдің өзгеруіне қарай өзгереді» деген пікірінің нәтижесінен туындаған. Өзі пәтуа берген мәселеде егер дәлелдігі күшті сахих хадис табылған жағдайда өз көзқарасынан қайтып отырған. Тіпті, ол мүрсәл хадистердің өзін дәлел ретінде қабылдаған389.
Әбу Ханифа мен оның ізбасарларын әхлур-рай деп сынаудың астарында мәзһаб пен ғұрып айырмашылығы жатқанын, соңғы кезең ғалымдарынан Жамалуддин Қасыми «Кейбір мухаддистердің, әхлур-рай имам дары жайында жазғандарын жинастыруды былай қойғанда, оқуға дәтің шыдамайды. Оның себебі, әркімнің өз мәзһабын дәлелдеп, өзгелердің көзқарастарын жоққа шығаруды көздеген түсініктен туындап жатты. Бәлкім, мәселеге тереңірек үңілсе, ақиқатты табар ма еді, қайтер еді. Өйткені, ақиқат үнемі тек белгілі бір топтың жағында болып, өзгелерді тәрк етуі мүмкін емес. Нағыз әділ адам – барлық түсініктерді аяғына дейін зерттеп барып, үкім беруші адам»390 дейді. Әбу Ханифаны сынға алғандардың шектен шыққандығы соншалықты, мұның әділетсіздігін мойындаған өзге мәзһаб ғалымдары оны ақтап алуды міндетіміз деп біліп, ол жайлы қалам тербеді. Мәселен, Жәләлуддин ас-Суюти (қ. 911 һ. ж.) секілді ірі шафиғи ғұламасы «Тәбидус-сахифә фи мәнәқибил-Имам Әби Ханифа» атты кітабын, тағы бірқатар шафиғи ғалымдары Шихабуддин Ахмад ибн Хажар әл- Хәйтәми (Хәйсәми) (қ. 973 һ.ж.) өзінің «Хайратул-Хисан фи мәнәқибил-Имамил- Ағзам Әби Ханифа Нұғман», Зәхәби (қ. 748 һ.ж.) «Мәнәқибул-Имам Әбу Ханифа уә сахибәйхи Әби Юсуф уә Мухаммад ибн әл-Хасан», Мұхаммед ибн Юсуф әс- Салихи (қ. 942 һ.ж.) «Уқудул-жуман фи мәнәқибил-имам Ағзам Әби Ханифәтин- Нұғман», Абдулуаһһаб әш-Шағрани (қ. 973 һ.ж.) «Мизан» атты кітабын жазды391. Ол жайында Мәліки мәзһабының өкілі Ибн Абдулбәрр «әл-Интиқа фи фәдәилис- сәләсәтил әиммәтил-фуқаһасын», ханбәли мәзһабынан Жәмалуддин Юсуф ибн Абдулһади «Тәнуирус-сахифасын» жазған. Міне, осылайша оны хадис саласы бойынша сынап-мінеу хижра жыл санауының 9-ғасырынан кейін бәсеңсіді. Негізінен, Әбу Ханифаға қарадай өшігіп, қарсы сөз айтып, пікір білдірудің негізгі себебі, оны терең танымаудан туындап жатты. Яғни, оның үкім шығару тәсілі мүлдем өзгеше болғандықтан, уақтысында көбі дұрыс түсіне алмады.
естімеген, бұл хадистерді оған Абдурахман ибн Ауф жеткізген еді. Сол секілді Аммар және басқалары білетін тәйәммүмға қатысты хадисті хазіреті Омар мен (р.а) Абдуллаһ ибн Мәсғуд естімеген болатын. Хазірет Әли мен Хузайфаның білетін мәсіге мәсіх тарту жайындағы хадисін, Айша (р.а.), Омар (р.а) және Әбу Хұрайра (р.а.) естімеген болатын. Сахабалардың арасында мұндай мысалдар өте көп. Бұл білместіктерін айтып, ешкім оларды сөге жамандамаған. Хадистерді білмедің деп олардың ешқайсысына
кінә тағып, кемсітпеген. Хадистерді білмей тұрып бұл хадистерге қайшы үкім берген жағдайлары да болды. Олай болса, сахабалардың арасында болған жағдайды дұрыс қабылдап, Әбу Ханифаға келгенде айыптау орынсыз болары сөзсіз». М. әс-Сыбаи, әс-Сунна уә маканатуһа фит-ташриил-исламияти, 488-489-б.; Қосымша: Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл, Алматы, 2010, 23-б.
389 Ләкнәуий, әр-Рәфу уәт-тәкмил, 23-б.; Сонымен қатар Әбу Ханифаның хадис іліміндегі орнына қатысты орыс тілінде мәлімет алу үшін қараңыз: Статус имам а Абу Ханифы в Науке «Хадис» http://laysajamil.wordpress.com/2010/12/26/abuhaneefa-in- hadeeth/
390 Ж. Қасыми, әл-Жәрх уәт-тағдил, Муәссәсәтур-рисәлә, Бейрут, 1985, 32-б.
391 Алла достлары, 4-т., 280-б.