Пайғамбарымыз Әбу Ханифаның келетіндігін сүйіншілеген бе?
Имам Ағзамның ғибратқа толы ғұмыры туралы айтылғанда Әбу Ханифаның келетіндігін сүйіншілейтін хадистерді кездестіреміз. Осы хадистерді шынымен де пайғамбарымыз айтқан ба? Әрине пайғамбармыздың Алладан келген аянға негізделіп, болашақты болжап айтқан хадистері жетерлік. Бірақ дәл мәзһабымыздың негізін қалаған имам Ағзамға қатысты хадисі бар жоғын біреу білсе, біреу біле бермейді.
Әуелі мына мәселені ескерген дұрыс. Имам Ағзамдай мәртебелі имам ның келетіндігін сүйіншілеуі немесе сүйіншілемеуі – пайғамбарымыздың пайғамбарлығына да Әбу Ханифаның ислам әлеміндегі орны мен беделіне де ешқандай нұқсан келтірмесі анық. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың болашақта болатын жағдайлардың барлығын сүйіншілеп кетуі керек дейтіндей бір қағида жоқ. Әрі мұның пайғамбарлық міндетке жатпайтындығын да естен шығармаған жөн. Хадистерінде имам Ағзамның атын атап айтақан айтпағандығын ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені, пайғамбарымыздың айтқан сөздері бізге толығымен жетті десек те, жүз пайыз хадис жинақтарына енген деп айту да қиын. Қысқасы пайғамбарымыздың айтқанын айтпады деу – айтпағанын айтты деумен бірдей. Ал, хадистердің дәрежесін анықтау сол кезеңде өмір сүрген үлкен хадис ғұламаларының еншісінде болғандықтан солардың сөзіне жүгініп көрейік.
Имам Ағзамның келетіндігін сүйіншілейтін хадистің ең маңыздысы әрі нақтысы ретінде Бұхари мен Мүслим және Әбу Нуғайм әл-Исфаһанидың Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын), Ширази мен Табарани Қайс ибн Сағд ибн Ғубададан (Алла оған разы болсын) және Табаранидың Абдулла ибн Масғуттан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен мына хадисті айтуға болады:
«Ілім аспандағы үркер болса да парсы ұрпақтарының бір тобы оған жетеді»107. Хафиз Жалалуддин ас-Суюти бұл хадисті Әбу Ханифаның келетіндігін сүйіншілейтін хадистердің ішіндегі ең сенімдісі әрі тізбегі дұрысы екендігін айтқан. Риуаяттар арасында аздаған өзгешеліктер болғанымен, мағыналық жағынан бәрі бірдей. Имам Мүслим бір риуаятында « » (ілім) деген сөздің орнына « » (имамн) деп келтірсе, аш-Ширази « » (үркер жұлдызында) деген сөзден бұрын « » (ілініп тұрса да) деген сөзді қоса риуаят еткен. Табаранидың Қайс ибн Сағдтан жеткізуінде «Ілім үркер жұлдызында болса, оған
105 Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 158-б.
106 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 88-б.
107 Сахих әл-Бұхари, китаб тафсир әл-Құран, 4633; Сахих әл-Мүслим, китаб әл- Фадаил 4746;
арабтардан бұрын парсы әулетінен шыққан бір тобы жетеді», – деп келеді.
Аталған хадис имам Мәлик пен имам әш-Шафиғиды тұспалдайды деп есептелетін мына хадистерге ұқсайды. Имам Мәлик туралы «Адамдар ілім іздеуде желмаяның өкпесін өшірердей жанталасады. Бірақ, Мадинаның ғалымынан асқан білімдарды таба алмайды», – деген хадис айтылса, имам әш- Шафиғи туралы «Құрайышқа тіл тигізбеңіздер, өйткені олардың ғалымы жер бетін ілімге толтырады» деген хадис айтылады. Бұл хадистердің де дәрежесі хасан болып, әртүрлі риуаяттармен жеткен. Хадис ғалымдарының арасында бұл хадистерді әлсіз дегендер болғанымен, көпшілігі пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)«Мадина ғалымы» деп имам Мәликті, «Құрайыш ғалымы» деп имам әш-Шафиғиды айтқысы келген деп есептеген.
Имам ас-Суютидың танымал шәкірттерінің бірі былай дейді: «Ләу кана ад- дин…»108 деп басталатын хадис Әбу Ханифа туралы айтылғандығын ұстазымыз қадап айтқандықтан, басқа күман туындамауы керек. Өйткені алтын ғасырдан109 кейін парсы елінен шыққан Әбу Ханифа мен оның шәкірттерінің ғылым деңгейіне жеткен ешкім болмады.
пайғамбарымыз көзі тірісінде сахабаларының барлығы араб тайпаларынан бола тұра, әлі де ғылым ошағына айналмаған Бағдат, Басра және Куфа қалаларынан шығатын ғалымдарды, парсы жұртынан шығатын Әбу Ханифа сынды мұжтаһидттер туралы хабардар етуі үлкен мұғжиза болып табылады.
Жалалиддин ас-Суюти: «Сахихтығына сын жоқ осы «Ілім аспандағы үркер болса да…» деген хадис тұрғанда Әбу Ханифа туралы басқа хадис айтудың қажеті шамалы», – деген. Сонымен қатар ол Әбу Ханифа туралы ойдан шығарылған хадистерді де атай кетеді. Олар: «Үмбетімнен аты Нұғман, лақаб аты Әбу Ханифа деген бір кісі келеді. Ол үмбетімнің шамшырағы», «Алланың дінін менің сүннетімді жандандыратын менен кейін Сәбитұлы Нұғман лақаб аты Әбу Ханифа деп аталатын біреу келетін болады», «Үмбетімнің әр ғасырда ғылымда бір көшбасшысы болады. Әбу Ханифа да өз заманында ғылымның көшін бастайды» деген хадистер. Сондай-ақ Ибн Аббастың сөзі ретінде де айтылатын немесе Ибн Сирин айтты делініп жүрген бірқатар сөздер де кездеседі.
Соңғы аталған хадистер мен деректер ойдан құрастырылғандықтан, хадис ғалымдарының көзімен қарағанда құнсыз болып есептеледі. Бұл хадистерді Ибн әл-Жаузи өзінің «Маудуғат» атты еңбегінде айтып өткен. Имам аз-Заһаби мен Ұстаз Жалалуддин ас-Суюти кітабының ықшамдалған нұсқасында Ибн әл- Жаузидың айтқандарын орынды деп есептеген. Ибн Хажар әл-Асқалани «Лисан әл-мизан» атты еңбегінде де дәл осындай көзқарас білдірген. Өз кезінде ханафи мәзһабының үлкен имам ы атанған Шейх Қасым әл-Ханафи да жоғарыдағы имам дарды қуаттаған. Егер аталған хадистер дұрыс деп саналатын болса, Әбу Ханифаның өнегелі өмірі жайлы сүбелі еңбектер жазған Әбу Жағфар ат-Тахауи мен «Табақат әл-ханафияның» авторы Мұхиддин әл-Құраши секілді ғалымдар бұл хадистерді еңбектеріне енгізуге басқалардан артық мән берер еді.
Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмыры мен мінез-құлқы, тұлғалығы мен асыл қасиеттерін қамтитын еңбектерді оқығаннан кейін оның беделін көтеруге мұндай құрамалы мәтіндер мен хадис делініп жүрген сөздердің қажеттілігінің шамалы екендігін білуге болады. Әсіресе баста айтылып өткен «ілім аспандағы үркер болса…» деп басталатын хадисте айтылған парсы жұртынан шығатын ғалымдар арасында дін ғылымында Әбу Ханифаның дәрежесіне жететін ешкімнің болмауы бұл хадистің соған арналғандығын анық көрсетпей ме?!
108 Сахих әл-Мүслимның бір риуаятында хадис осылай келеді.
109 Ғаср ас-сағада – пайғамбарымыз бен сахабалар кезеңі.