Оны қалайша хадис білмеді деуге болады?

Оны қалайша хадис білмеді деуге болады?
347 әл-Мекки, Манақиб, 2-т.,91-б. 348 Таханәуий, Әбу Ханифа, 18-19-б. 349 М. әс-Сыбаи, әс-Сунна, 490-б.
350 Әбу Ханифаның фиқһ дәрістерінде қолданған хадистерін шәкірттері жинастырған кітап. Кейбір деректерде ол «Китабул-әсәр» деп те аталады.
351 Мекки, 84-85-б.; Нумани, «Китабул-Әсардың кіріспесінде», (аударған: М. Өзшенел), Сакария университеті Илахият факультетінің журналы, 1 нөмір, 1996, 236-б.

Ол дәстүрлі түсініктегі хадис маманы ретінде саналмаса да, хадис іліміндегі
«Жәрх уә тәғдилде»352 өзіндік орны болғанын «әл-Жәуәхирул-мудия» кітабының авторы: «Имам Әбу Ханифа – жәрх пен тәғдил мәселесінде сөзі өтетін ғалымдардың бірі. Осы ілімнің маңдайалды мамандары қалайша имам Ахмед, Бұхари, Ибн Маин, Ибнул-Мәдәни және осы саланың басқа да шейхтарының жәрх уә тәғдилге қатысты көзқарастарын алып, онымен амал етсе, Әбу Ханифаның да көзқарастарын қабылдап, онымен амал еткен. Бұл оның абырой-беделін, ілімінің тереңдігін көрсетеді»353 деп баяндайды. Оның жәрх пен тағдилге қатысты хадис жеткізушілер туралы айтқан көптеген мәліметтері қайнаркөз кітаптарда кездеседі. Абдуллаһ ибн Мүбарак Әбу Ханифаның хадис білмеген деп жүргендерге берген жауабынан да оның осы ілімдегі орнын бағамдауға болады. Ибн Мүбарак:
«Оны қалайша хадис білмеді деуге болады? Одан кепкен құрма мен кептірілмеген құрманы айырбастауға болып болмайтындығына қатысты сұрағанда: «Мұнда тұрған ештеңе жоқ»,– деді. Оған Сағыд жеткізген хадис айтылған кезде: «Ол – шәзз (қайшылығы бар) хадис. Зәйд Әбу Аияштың риуаятын алуға болмайды» деп жауап берді. Айтыңдаршы, хадис білмеген адам осылай жауап бере алады ма?»,354
– дейді.
Осыншама біліміне қарамастан Әбу Ханифаның хадис білімі таяз деудің негізгі себептерінің бірі − мәзһаб таассубынан (яғни, фанатиктігі, бірбеткейлігі) және қандай да бір мәселеге қатысты басқа күшті дәлел табыла қалса, өзге мәзһабтағылардың хадистерін дәлелдік жағынан әлсіз деп табуы да сырт көзге қарағанда хадиске қайшы әрекет секілді көрінгендіктен. Әйтпесе, оның жасаған ижтихадтарына үңілгенде, олардың үкімдік сипаты бар жүздеген хадистерге сай екендігін көреміз.
Әбу Ханифа осы мәселеге қатысты «Пайғамбарымыздан Құранға қайшы келетін қандай да бір хадис риуаят еткен адамның сөздерін қабылдамау пайғамбарымызды қабылдамау немесе оны жасынға шығару деген сөз емес. Бұл
– пайғамбарымыздан қате риуаят еткен адамды мойындамау болып табылады. Күмәнге ұшыраған пайғамбар емес, жалған хабарды бізге жеткізген адам»355 деп, хадистерді қабылдаудың кейбір өлшемдерін айтып кеткен-ді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *