Мұндай ғалым әлемде біреу ғана
Әбу Ханифа ғылым-білімге барын салып ізденгендіктен, басқалар жете алмаған белестерді бағындырған. Бір күні Әбу Ханифа халифа Мансурдың алдына барғанда сарайдағы әйгілі ғалым Иса ибн Мұса халифаға: «Қазіргі уақытта мұндай ғалым әлемде біреу ғана», – деген329.
«Ас-сират аш-шәмсия» атты еңбектің авторы шафиғи мәзһабының танымал ғалымы, имам Шамсуддин Мұхаммед ибн Юсуф ас-Салихи ад-Димашқи «Ғуқуд әл-жұман» атты еңбегінде былай дейді: «Имам Әбу Ханифа – хадис хафиздарының алдыңғы қатардағыларынан саналады. Себебі, танымал хадис ілімінің сыншы ғалым Әбу Абдулла әз-Зәһаби «әл-Мумтиғ уә табақат әл-хуффаз әл-мухаддисин» деген кітабында Әбу Ханифаны хадис хафиздарының қатарында атаған. Әз- Зәһаби өте дұрыс айтқан. Себебі, имам Әбу Ханифа хадис хафизы болмаса, соншама фиқһ мәселелерінің үкімін айтпас еді. Ол дәлел дәйекке сүйеніп үкім шығаруға бастамашы болған адам».
Даңықты мұхаддис шафиғи ғалымы Исмаил әл-Ажлуни ибн Мұхаммед Жаррах Әбу Ханифа туралы кең көлемде мәлімет бере келе, оның хадис саласында көш бастайтын ғалымдар қатарында екенін айтады. Сондай-ақ, шариғат үкімдерін қарастыратын адамның міндеті хадис риуаят ету емес, үкім шығарумен, ижтиһад жасаумен айналысу. Мұжтаһид ғалымдардың бәріне отақ ерекшелік осы екендігін жазған.
Әбу Ханифаны сынайтындар оның теңдесі жоқ ғалым екендігін, хадис іліміндегі орнын да жақсы біледі. Олар оның ілімінен сын таппағандықтан оны райға көбірек сүйенеді деп айыптаған. Негізінде сәләф ас-салихтың кезеңінде
«рай» шариғат үкімдерін мәтіндерден шығару жолы ретінде қаралатын. Мәтіндерді түсіну, оны терең зерттеу ижтиһадсыз, райсыз болуы мүмін емес330. Бұл жоғарыда аталған әл-Ажлунидің жасаған тұжырымдары.
Ұстаздан шәкірт озар