Имам әл-Әузағи: имам Ағзамның ақыл-парасатына қайран қалдым
Абдулла ибн Мүбарак өзі куә болған бір оқиғаны былай әңгімелейді: «Имам әл-Аузағиды көріп, онымен сұхбаттасу үшін Шам аймағындағы Бейрутқа бардым. Бірде ол маған: «Жаңашыл бағытта аты шығып жүрген Куфалық Әбу Ханифа деген кім екенін біліп кел!» – деді. Мен үйге қайтып келіп үш күн бойы кейбір күрделі мәселелерді жазып алып бардым. Имам ның (Әбу Ханифаның) айтқан сөздерін де жаздым. Мешітке барсам азан шақырылып қойыпты енді намазға тұрайын деп жатыр екен. Жазғандарымды әл-Аузағиға көрсеткенімде, ол оншалықты мән бермей намаз бен қамат арасында бірнеше қатарын ғана оқыды. Сол аралықта намаз да басталып кетті. Намаздан кейін жазғандарымның бәрін оқып шығып,
«Нұғман ибн Сәбит былай деді» деген сөздерге үңіліп, Нұғман дегенің кім? – деді маған. Өзіңіз айтқан Әбу Ханифа деген кісі, – дедім мен. Мәселелер үсті-үстіне күрделене түсті. Кейін біз Әбу Ханифамен Меккеде кездестік. Аталған мәселелер төңірегінде талқылау жүріп жатты. Имам Әбу Ханифа имам әл-Аузағиды өзінің терең ілімімен мойындата берді. Кейін ол кісіден: Әбу Ханифаны қалай бағалар
272 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 72-бет.
273 Мүминун сүресі, 50-аят.
274 Хафизуддин Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Шиһаб әл-Баззази әл-Кердери. Манақиб әл-имам әл-Ағзам, Хайдарабат, Даира әл-мағариф ан-Низамия әл-Кәина. 1321һ. 1-том, 39-бет.
едіңіз, – дедім. Ол: «Бұл кісінің ақыл-парасатына қайран қалдым. Ол туралы ойларымда үлкен қателіктерге бой алдырыппын. Сол үшін, Алладан кешірім тілеп, тәубеге келдім», – деді».
Имам әл-Әузағидың асқан парасат иесі имам Ағзамды (р.х.) мойындап, ілім мен кемеңгерлік алдында бас июі оның даналығын көрсетсе керек. Ал, ғалымдар арасында өзара түсіністікке тамаша себепкер бола білген Абдулла ибн Мүбарактың көрегендігін айтпай кету мүмкін емес. Бұл оқиға Хасан мен Хұсейннің (р.ғ.) үлгілі істерін еріксіз еске түсіреді. Бір күні Фрат өзенінің жағасында бір қария дәрет алып жатқанын, бірақ шарттарына сай алмағандығын байқайды. Жасы үлкен адамға мынау қате деп айтса, ол одан әрі қателікке ұрынып, кінәлі болып қала ма деп: «Көке, сіздің жасыңыз үлкен көпті көрген адамсыз, біз болсақ жаспыз. Дәрет алу мен намаз оқуды бізден жақсы білесіз. Біз сіздің алыдыңызда дәрет алып, намаз оқиық. Қате-кемшілігіміз болса, түзетіңіз»,
– дейді де аталары пайғамбарымыздан (с.ғ.у.) көргендеріндей дәрет алып, намаз оқиды. Сонда әлгі қария өз қателігін түзетіп, тәубеге келеді.275 Ғұламалар мен әйгілі адамдар басқалардың қателігін түзетуде міне осындай әдепті болатын.