Имам Ағзам Әбу Ханифаның зеректігі
Бірде Аббасидтер әулетінің «даңқы төске өрлеген» әділ әрі тақуа патшасы Халифа Харун Рашидтың алдында имам Ағзамның аты аталғанда ол: «Әбу Ханифа басқалардың екі көзімен көре алмаған нәрсесін, ақыл көзімен көретін парасат иесі болған», – деген.
Язид ибн Һарун: «Мыңдаған ғалымды көрдім. Бірақ, Әбу Ханифадан асқан ақыл-парасатты, тақуа әрі ізгі жанды көрмедім», – десе, имам аш-Шафиғи:
«Дүниеге Әбу Ханифадай зерек ұрпақ әкелген ана жоқ болар сірә!» – деген екен.170 Мұхаммед ибн Абдулла әл-Ансари: «Имам Ағзамның ақыл-парасатының деңгейі топ ортасында сөзінен, жүріс-тұрысынан барлық іс-әрекетінен-ақ
байқалып тұратын».
Абдулла ибн Мүбарак өзі куә болған бір оқиғаны былай еске алады: Екі кісі ақшаларын бірге ұстауға уәделесіп, біреуі бір дирһам екіншісі екі дирһам шығарып бір жерге сақтайды. Аяқ астынан әлгі ақшадан екі дирһамы жоғалып кетеді. Екеуі қалған бір дирһамға таласып қалады да, бөліске сала алмай әркімнен бір төрелік сұрайды. Сонда біреулер жоғалған дирһам екеу болғандықтан, бір дирһамы міндетті түрде екі дирхам иесінікі болады, ал қалған бір дирхам екеуінің қайсысынікі екендігі белгісіз. Сондықтан, теңдей екіге бөлсе ғана әділдік болатындығын айтады. Әбу Ханифаның жауабы бәріне ұқсамайды. Ол: «Бір дирһам қосқан кісі үштен бірін алады, ал, екі дирхам қосқан кісі үштен екісін алады», – деп шариғат талабы бойынша әділ төрелігін айтқан екен.171
169 әл-Кәмил фит-Тарих, 5-т., 25-б.; Бәззәзи, Манақибу имам Ағзам, 2-т., 17-б.
170 Мауаһиб ар-Рахман 192- бет.
171 Мауаһиб ар-Рахман 204- бет.