Имам Ағзам үкім шығаруда қателесе ме?
Имам ан-Нәсафи Ахмад ибн Мұхаммед әл-Бағдадидан жеткізген дерегінде былай делінген: «Яхия ибн Мұғиннан Әбу Ханифа туралы (кейбір жаңсақ көзқарастарға байланысты) сұраған едім. Ол маған: «Оның әділ әрі сенімді екендігін (сиқа) Абдулла ибн Мүбарак пен Уакиғ нақтылап айтып кетті емес пе? Осыдан кейін қалай күдіктенуге болады?!» – деген еді». Бұл деректі имам Әбу әл-Мағали Нажих ибн Ибраһимнен естігендігін айтады.209
Муаффақ әл-Мекки: «Әбу Ханифа мәзһабы тек өзінің көзқарасынан ғана тұрмайды, ол шура (кеңесу) негізінде құрылған», – деді210. Яғни, Әбу Ханифа мәзһабының негізгі қағидалары қарамағындағы шәкірттері әрі танымал ғалымдардың көзқарастарымен санасу арқылы қалыптасқан. Осыған орай, Зәхид әл-Кәусәрий «Әбу Ханифа өзінің мәзһабын (шәкірттерімен) ақылдасып- кеңесу арқылы қалыптастырған. Ол (діни мәселелерде) шәкірттерінің пікіріне құлақ аспай, өз білгенімен үкім шығарған емес. Бұл оның дінде ижтихад жасау және Аллаға, елшісіне және мүміндерге ерекше шынайылық таныту жолын ұстанғандығын білдіреді. Ол діндегі көптеген түйінді мәселелерді ортаға салып, шәкірттерінің пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын айтып, бір ай көлемінде немесе одан да көп уақыт бойы бір тұжырымға келгенше олармен ой бөлісетін еді. Соңында шәкірті Әбу Юсуф түйіні шешілген мәселені әдіснамаға енгізіп қоятын. Осылайша, ол әдіснаманы толық хатқа түсіреді. Әрине, бұл мәзһаб (жол, ұстаным) негізін бір ғана адам қалаған, соның ғана көзқарасына құрылған мәзһабқа қарағанда ақиқатқа ең жақын және көңілге қонымдысы»211 деген.
Ибн Каррама былай деді: Бір күні Уакиғ ибн Жаррах әл-Куфидің жанында
тұрған едік. Бір кісі келіп: «Әбу Ханифа қателесті» деді. Уакиғ оған: «Білмейтін адамдар ғана осылай дейді. Керек десеңіз, адасқан адамдардың айтатын сөзі бұл. Бұлай беталды сөйлеуіңе жол болсын! Әбу Юсуф пен Мұхаммед секілді фиқһ имам дары, хадис маманы Яхия ибн Әби Зайд, Хафс ибн Ғиас, Хиббан ибн Али мен Мундал, араб тілі ғалымдары Қасым ибн Мағын, тақуа Дәуіт әт-Таий, Фудайл ибн Иаз секілді әрбіреуі өз алдына бір төбе, шоқтығы биік ғұламалар қасында жүргенде ол қалайша қателеседі? Осындай достары бар адам қателесе ме? Егер ол қателессе, достары қатесін түзетер еді ғой?», – дейді212.
Әрине, бұл имам Әбу Ханифа ешқашан қателеспейді деген сөз емес. Бірақ, кез келген мәселені осынша білгір ғалымдардың талқысына салып барып шешім шығарған, сахабалардың кезеңін «өкшелеген» уақытта өмір сүрген және Алланың дінінде зеректігі һәм парасаттылығымен танылған Әбу Ханифа секілді имам ның қателесу ықтималы басқаларға қарағанда қандай болатынын өзіңіздің де ішіңіз
208 Мауаһиб ар-Рахман, 144-153-бет.
209 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 91-бет.
210 З. Кәусәри, Хуснут-тақади, 12-б. 211 З. Куәсәри, Хуснут-тақади, 11-б. 212 Хайсами, Хайратул-хисан, 108-б.
сезіп отырған шығар. Жалпы, ақылдасу – Исламның бекіткен негізгі ережесі. Әбу Ханифаның кеңесуге басты мән беруі – шариғаттың өлшемдерінен қия баспаудан туындаған терең жауапкершілігінің айқын көрсеткіші.