Жаңбыр

Жалпы атауы жауын болғанмен де, жаңбырдың да жауу дәрежесіне қарай бірнеше атауы бар.
Мысалы:
Бірқалыпты толассыз ұзақ жауған жауынды, ақ жаңбыр десе, баяу сілбіреп жауған жауынды, боз жаңбыр деген.
Су тамшылары мұз түйіршіктеніп түссе, ол – бұршақ болады дағы, жаңбыр тамшылары жерге мұз болып түссе, мұздақ болғаны.
Атмосфералық ылғал бүркіп тұрса, былғары бүрку атанған.
Күзде жауатын қалың жаңбырды, қара жаңбыр деген.
Қар араласып жауатын жаңбыр да қарлы жаңбыр.
Будақтата төгіп, тез басылатын жаңбырды нөсер деген.
Ала бұлттанып, тез жауып өтсе, ол өткінші жаңбыр болғаны.
Күн шығып тұрғанда жауған жауынды, соқыр жауын дейді.
Жел болмастан-ақ жауған жаңбыр – сылбыр жаңбыр.
Сіркіреме жауын – өте ұсақ тамшымен түсетін майда жауын.
Сіркіреп жауар жауыннан мол, нөсер жауыннан саябыр жауатын жауын – сірлету.
Жайлап бүркіп, баяу жауар жауын – себездеу, себізгілеу.
Жайлаған ұзақ жауын – сілбелеу.
Қатты жауса – селебе деген.

Э.Т. Құрманалиева, Н.Т. Тілегенов, А.Т. Сайлауова «Артық болмас білгенің»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *