Дүниенің адал игіліктері (Имам Ғаззали)

Дүниенің адал игіліктері
Нақақтан жамандауға әдеттенген өсекшілер – дүние шарабынан жаратылғандардан. Дүниедегі бар нәрсенің бәрі түптеп келгенде, жаман болып шығатынына күмәнданбағын. Бәлкім жаратылысы дүниеге тән емес, дүниеде кейбір нәрселер бар шығар. Сондықтан да ілім және оны пайдаланып амал қылмақ – дүниелік болғанымен, түптеп келгенде, дүниелік болмай шығады. Ілім мен амал – адаммен бірге ақыретке баратындардан. Амал шын мәнінде өзі жолдас болса, оның әсері де жолдас болар. Амалдың әсері екі түрге бөлінеді. Әуелгі бөлігі – діл жауһарын пәк және сап таза сақтамақта. Күнә қылудан басқа да қолайсыз нашар істерден күтіне, сақтана білу керек. Екінші бөлігі – Хақ тағаланың айтқан сөздерімен бір пікірлес болу керек. Тағат және ғибадатқа бар ықыласымен кірісіп, оны бұлжыттай орындауымен асыл болар. Сонымен ілім мен амал ең қажетті істер қатарына жатады. Ақыретте адаммен бірге болатындардан, сондықтан, Хақ тағала Құран Кәрімнің Қаһф сүресі 46-аятында: «Жақсы істер мәңгі-бақи қалар» депті. Сонымен ілімнің ләззаты — ғибадат етіп сыйыну ләззаты. Хақ тағаланың сөздерімен бір пікірлес болып, оны жан-діліңмен қабыл алудың ләззаты — бар ләзаттардан артық та және ұлық та болар. Ілім мен амал дүниелік те, дүниелік емес те дедік. Ал ләззаттардың барлығы, оның мазмұны бола бермес. Бәлкім кейбір ләззаттар дүниелік болмауы ықтимал. Ал біреулері дүниелікке тән болады да, өлгенінде ақыретке жолдас болып бірге бара алмас. Сондықтан қатын алмақ және тағат етуге қуат беруші азық, тамақ, киім-кешек, отан құрмақ жыныс қатынасы – бірден-бір дүниелік қажеттіліктерге жатады. Ал бұларды қадір тұту, ақырет жолдарының шарттары болар. Дүниеден тиетін бұлардың үлесіне қанағат қылу керек. Кейбір қарама-қайшылық болса да бұлармен ақырет ісін үлкен талапталпыныспен орнына келтіру керек. Бұл жолда болған адамдар ақылый дүние (есі-түсі дүниеге шығып кеткендер) қатарында болмас. Дүниенің мазмұндық мәртебесі сол болар. Дүниеден ақырет мақсатының нәтижесін табу болмаса, бәлкім өкінішке себеп болып, бұл ғаламда тұрақтап қалуға көңілін байлап және ақыретке жиіркенішпен қараса, бұл жағдайда болмақ жиіркенішті мазмұн болар. Осыған байланысты, Әзірет (С.Ә.У.) дүние лағынатталған (жиіркенішпен қараланған) және түрлі нәрселер дүниеде болар. Олар да лағынатталған. Егер Хақ тағаланың айтқаны мен сөздеріне сай болса медет, көмек беретін нәрселер мақтауын тауып, жақсылығы баяндалады. Сонымен, бұл дүние мақсаты мен ақиқатын мұншалықты сөз етуімнің өзі жеткілікті шығар, қалғанын үшінші бөлімде баяндармын. Інші Алла тағала.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *