Дүниеге берілмектің зияны (Имам Ғаззали)

Дүниеге берілмектің зияны
Уақытымен дүниенің жай жапсарына назар аударсаң үш нәрседен ғибраттануға болар. Біріншісі – жердің бетінде жаратылғандардың есепсіз көптігі. Бұлардың жанды-жансыз деп те өсімдік, хайуанат деп те атап жатады. Жерді мекен етіп зиярат ету үшін жаратқан. Ал ондағы заттар – алтын, күміс, мыс, және темір – құрал сайман, басқа да заттарды жасау үшін қажеттілер. Ал жануарлар жемек, мінбек үшін қажет. Адамдардың жан ділдерін бұларға үйір қылыпты. Бірақ та ділді дүниеге қызықтырмапты. Ол тәннің қабілеттілігін, дұрыс қызмет істеуін жолға қойып отырар. Ділді дүниеге қызықтыру мәселесінде неше түрлі сипаттар пайда болар, оның себебі тәннің өлуіне байланысты. Сонымен бірге ашкөздік пен бақылдық, қастандық пен дұшпандылық басқа есепкерлер де баршылық. Денені дүние игіліктеріне дос еткеннен кейін діл өзін ұмытар және кейбірі бар қымбатын дүниеге сарп етер. Сол себептен дүниенің негізгі игілі үш нәрсаеден тұрады: тағам, киім, мекен-жай. Өнермен нашықтану адамға қажет. Оларда үшке бөлінеді: диқаншылық, тоқушылық, құрлысшылық. Бұлардың әрбірінің бұтақшылары бар. Мысалы тоқушылық, шығырықшы және жіп иіруші, бұлардың ісіне де көмектесіп қажетті дәрежеге жеткізер. Сондықтан тоқушы және егін егушілердің түрлі аспап, құрал-саймандардың қажеттілігі болар. Ағаш, темір бұданда басқа заттар қажет болар. Ал адам бар қажеттіліктерді бір өзі тауып тауыса алмас. Басқаға қажеті түскен себебінен халықара қызметі пайда болар және әр кісі өз ақысына риза болмай, бір-біріне қастық жасар. Бұл жағдайдан да үш түрлі сипат пайда болар: бірі — салтанат пен саясат, біреуі – қазылық және бірі – өкімет. Бұлардан басқа діни қағида, жол жоралғы мен салтанат және саясат заңдарын халыққа жария етер. Осы істермен дүниенің ой-қыры толықтанып, адамдар рухани бақыт сағадатын жоқ болар, ұмытар. Бұл дүниенің асыл негізі үштіктен тұрмайды екен. Тағам, мекен-жай және киім бұлар тәнді сақтау үшін, ал тән – ділді сақтау үшін керек. Себебі, дене – ділдің қызметкері. Діл – Хақ тағалаға тән. Ал адам ол дүниеге жалғыз кетумен бірге, өзін де және Хақ тағаланы да есінен шығарыпты. Сонымен қажылық ниетімен шыққан адамдар түйелерін семірітекпен шұғылданып, керуеннен қалып кетіп өзін де, Қағбаны да есінен шығарғандықтан адасып, қажы бола алмай, қор болған «Қажылардың» халіне ұқсар. Міне, дүниенің ақиқаты осында болар. Әр кісі өзін бұл дүниеде: мүсәпірлік жағдайда тұтпаса және қымбат дегенін ақыретке арнамаса, дүниенің уақ-түйегінен қолын үзе алмай, қызығына түсумен әуре болса, ол дүниенің негізгі асылын; танымағаны болар. Бұл білместіктің себебін, Әзіреті расулі акрам салалаху Әлейһи уассалам айтып кетіпті. Дүние Харут пен Маруттан да артығырақ (жәдігерлеу), одан азар болып шеттеген жөн. Уақыт өте дүниенің жәдігөйлігі мәлім болар. Оның мекерлігі мен адастырушы екенін білмек халықтың парызы болар.
Енді дүниенің жәдігөйлігін бірнеше мысалдармен білдірейін.
Әуелгі мысал – дүниенің жадылығы сол болар, өзін саған екі ғаламда опа қылғандар қатарында көрсетер. Әрдайым сенімен бірге болғандай қалпын сақтар. Шын мәнінде олай емес. Бәлкім дәйімі сенен ұзақтап қашуда болар. Бей опалылық, бейбақтығын аңғартар. Алайда астыртын әрекетінен опасыздық, қулық, сұмдығын саған білдірмес. Өзіңнің көлеңкеңе ұқсап жақындап, саялағың келсе сенен қаша берер. Бірақ жырақтап кеткені саған мәлім болмас. Ал өміріңде сенен қашатындардың – бірі, одан сенің хабарың болмас. Жақын да, жаны да сенімен бірге ұқсап көрінер. Және бір мысал, дүниенің сыйқырлығы сол – саған өзін дос көрсетер. Ал сен оған ғашық боларсың, саған сондай болып көрінер, тіпті, одан өткен әлемде сұлу жоққа ұқсар. Бірақ уақыты келгенде дұшпандығын аңғартып, сыртын көрсетуі де – лезде. Және бір мысалы, ол – жәдігөй немесе жәдігөй кемпірге ұқсар. Халықты өзіне ғашық етіп адастырар, үйіне кіргізіп оп-оңай қолына түсіріп, жеңіске жетер. Иса Әлейһісалламнан қалған нақыл екен. «Қанша ой-пікірін жүргізіп, көзбен көріп, қолмен ұстап, дүниені – сұлулар суретінде, өздерін тіпті білмейтін сипатты, сұлу жүз назды көзқарастарымен безендіре көрсетер. Бір сұлудан «неше ерің бар?» деп сұраған екен: Дүние көптігінен оның санының қанша екенін білмеймін депті. «Бұларды сен талақ еттің бе, жоқ өлтірдің бе?» дегенде айтқан екен: «Бәрін де өлтіргенмін, қалғандарын да өлтіруге дайынмын» депті. Иса Әлейһісалам айтыпты: «Таңым бар менің, ол – ақылсыздар, дүниенің қулық-сұмдығын көре-біле тұрып және соған бар ықыласымен ұмтылып, өзгелерден ғибрат алмайды» депті де: «Ей, Құдай тағала, сақтағын бізді дүниенің сыйқырынан» деген екен. Және бір мысал, тағы бір сиқыры көзіңе көрінгенді мейірімді және опалы сияқты жарқырата безендіріп көрсетер. Халыққа жеткізетін бәлелер мен бейнетті жасырып тасада ұстар, білімсіз надандар оның сырт-сыпайы көрінісіне сеніп, таңданар. Оның мысалы нағыз сайқалдарға ұқсар, жүзіне перде жамылып, әсем киімдер киініп, безенген түрлі заттарды тағып алып, өзіне жасанды көркемдік беретіндер сияқты. Кімде-кім оны алыстан көрсе ғашық, болмауы мүмкін емес. Уақыты жетіп оның пердесін сыпырса, боямалығы мағлұм болып, өкінішті жағдайға тап болар. Сенімді хабарларда дүниені, байлықты қиямет күні кейіпсіз, түсі жаман, аяр қатындарға ұқсатып қояр. Жүзі кір, лас, көзі көк, тістері ақсиып аузынан шығып көрініп тұратын сұмырай суретімен халыққа көрсетер. Халайық оның аузынан шығатын сасықтарынан шошына жиреніп, бұл шерменділік пен рәсуалық қалпынан бойын тартып, шыдамсыздықпен шеттеуге мәжбүр болады екен. Періштелер айтады: «Бүл дүние сендердің жақсы көрген сұлуларың еді, бұның соңына түсіп бірбірлеріңе қастық қылып, нақақтан қанын төктіңдер, рахымсыздықпен қарындас-қауымдарыңды жұрдай қылып қапаландырдыңдар, бұған құмар болдыңдар».
Шын мәнінде, дүние сені тозаққа тастар. Дүниелік ақыл да жақсы көрген байлықтарыңа ілесіп, отхана мен асхананың – ошақтарына енер. Және бір мысал, адам өз әзәлдағысына жақсы eceп берсе, әзәлдің бұл дүниеде болғаны жоқ. Сол сияқты eceп берсек, аты шулы абатшылық та бұл дүниеде болмапты. Байқағын, әзәл мен абатшылықтың арасында неше күн бұл дүниеде болды екен? Бұл дүниенің мысалы мүсәпірдің сапар қылатын жолына ұқсар, әуелі бесік болса, ақыры – көрдегі жай болар. Ал мұның расында неше санаулы уақыттар бар. Әр жыл – бір маусымды мезгіл. Әрбір сағат – бір қадамға ұқсас. Әрбір ай – бір парсаңға ұқсар «парсаң 6 шақырымға жуық». Әр күн – бір милге «4000 қадамға» тең болар. Адам бұл сапарда дәйімі жүрумен әуре. Кейбірі маусымға жетер, кейбірі парсаңға кетер. Бұл дүниеде он жыл, я он күн болуың мәлім емес. Дүниелік ақыл ләззатын дүниеден көрер. Ал оның ренішін, расуалығын ақыретте көрер. Мұның мысалы сол бір кісінің халіне ұқсар – тағамның майлы тәттілерін мөлшерден асық жеп, оны асқазаны сіңіре алмай күпті болғандарға ұқсар. Бұл кеселден көрген машақаты – жегенін желкесінен шығарып, ақыры үлкен өкінішке тап қылар. Сондықтан тағам тәтті болғанымен де оны сіңіру жағдайы сөтті бола бермес. Дүниенің ләззаты да әрдайым бойға тарап кете бермес. Бұл жағдай жан берер уақытта мәлім болар. Әрбір адамның бағы – бостандығы, құл-кәнизагы, алтын-күміс сияқты қазыналары көп бола қойсын. Дүниеден өтіп жан берер уақтында онымен қоштасып, айырылысу жағдайы өте қиын болар. Дүниемен қоштасу – өлу – қиыншылық, ренжулерімен тынбас. Ол достық ділінің сипаты болар. Ділге – өлім жол таба алмас. Және бір мысал, дүниенің ісі адамдарға жеңіл де, қысқа да көрінер. Ал адамдар бұған күмәндана қарап, бұл іспен шұғылдану жағдайын ұзақтатқысы келер. Жақыны – сол бір істен мың іс пайда болар. Бар өмірі де сонымен тәмәм болар. Иса әлейху саллам айтқан екен: «Дүние іздеушілердің халі, ШорДария суынан ішушілердің халіне ұқсар, қанша ішсе шөлдегені сонша өрши түсер, қашан өліп тынбайынша шөлдегені басылмас». Әзіреті расуллі акрам саллалаху Әлейһі уасаллам айтқан екен: «Cyғa түскеннің құрғақ шығуға шарасы жоқ» деп. Дүниеге былғанған кісінің бұзылмауына лажі жоқ. Және бір мысал: бір адам дүниеге келіп ержеткен соң кісіге ұқсап бір атақты қонақ үйге түсіпті. Ол қонақ жайдың иесі қонақ түсетін сарайын жарқырата өсемдеп – бар жағдайларды жасап, алтын табақтарға түрлі тағамдарды салып дайындап, күміс табақтарға қош иісті сусындарды құйып, оқтын-оқтын қонақтарды аралап, ұша етін пісіртіп, бір-бір кесегін қонақтарға береді. Ол кісі ақылды еді. Қонақ үй қожасының әдетін білетін. Берген тағамдарын рақаттана ішіп-жеп, жан жадыратар шербеттерінен шөлін қандырып, өз мекеніне қайтатын еді. Кейбір надан опасыздар кетер уақытында да сол дастарқандағылардан сүйгендерін үйіне алып кетеді деп күмәнданатын. Міне дүние мысалы — осыған ұқсас қонақ сарайы, мүсәпірлер бар жайып қойған қажеттілерін ішіп- жеп кете береді. Бірақ алып кетемін деп дәме қылмайды.
Және бір мысал, дүние-ай, ақылдың дүниеге қызығып, ақыретті ұмытуы – кемеге мініп, теңізде сапарға шығып, жазира шөл жиегіне жеткен қауымға ұқсайды. Жиекке шығып табиғи қажеттіліктерін өтеп, дәрет алып келмек. Кемеші тысқа шыққандардың бір нәрсеге айналып кешігіп қалмауын ескертеді. Дәрет алудан басқа іске алданбауы керек. Өйткені кеме кешікпей жүріп кетеді. Сонымен бір топ адамдар жазираға шығады. Ол топ тез дерет алып кемеге кіріп, таза ауалы жақсы жайға орналасады. Бір тобы, жазирадан ғажайып таң қалғандай әдемі құстардың даусын ecтіп, көз жауын алатындай лағыл-маржан сияқты заттарды көремін деп кешігіп келіп, кемеден жақсы жай таба алмай, көңілсіз қараңғы жерге орналасады. Және бір тобы көргеніне қанағаттанбай, таңсық заттардан олжаланамын деп, тіпті кешігіп келіп кемеден отыратын жай таппай қалады. Бұл топтағылардың реңі қашып, тапқан олжалары бойына тарамай, қиын жағдайда қалып, ренжу азабын тартады. Бір тобы жазираның ғажайыптарын тамашалаумен кемеден ұзап кетеді. Кеме оларға қарамай жүріп кетеді. Сол жазирада кейбіреуі шөлдеп өлсе, бағзыларын жыртқыш хайуандар жеп қояды. Сонымен, әуелгі топ – тәртіп сақтайтын момындардың мысалы деуге болады. Ақырғы топ тілге көнбейтін тәртіпсіз кәпірлердің мысалы. Өйткені өздерін Құдай тағала және ақыреттен хабарсыз етіп, бар ықыласын дүние-байлық, қызықшылыққа жұмылдырып, есі-дерті дүние қамы болып, ділдері де дүние махаббатына байланғандардан. Нақыл сүресінің 107-аятында: «Дүниенің тіршілігін және достық махаббатын ақыреттің мәңгілік өмірінен артық көргендер» деп айтқандарға осы топтағылар жатады. Арадағы екі топ, момын жалпы пенделердің мысалы. Бұлар иман негізін саламат сақтағандар. Бірақ дүниеден қол жимағандар. Бағзылар байлығының көбеюімен көңілді, бағзылар ауыр тұрмыс жағдайында өмірі өтсе, кейбіреулер кезбеліктің киімін киіп, қиыншылықпен өмірін еткізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *