Діл қызметкерлері (Имам Ғаззали)

Діл қызметкерлері
Ділдің сарбаздары жайлы баяндау біраз ұзаққа созылар. Солай болса да, мысалдармен баяндап берейін. Денені, мысалы, бір шаһарға теңесек, қол, аяқ, денедегі басқа да мүшелер – сол шаһар өнершілерше ұқсайды. Шаһуат зауқы шаһар халқынан алым-салық жинаушысына ұқсайды. Ғазап бұл шаһардың түнгі падишасы сипатты. Діл дегеніміз сол шаһардың падишасы, ақыл – оның уәзірі. Падишаларға бұлардың ауадай қажеті бар. Өйткені, мемлекет ісі тек осылармен бірге орындалады. Ал шаһуат – алым-салық жинаушы амалдарға ұқсас, жалғаншы мен жаман қылықты, ақты «қара» дейтіндер сияқтысы да болады. Әрқалай жағдайда уәзір-ақыл айтар, шаһуат оған қарама-қарсы іс қылуды қалайды. Әрдайым қалауы мол байлық болар. Ол, дене мемлекетінде баршылық, одан салық сылтауымен өзіне көбірек алуға тырысады. Ғазап болса, шаһардың түнгі падишасы – қатты, қайсар, наһақ жаман істерден қорықпайтыннан болады. Әруақытта өлтірмек, сындырмақ, жаман істерді істеп, қан төкпекті жаратар. Сондықтан бір шаһардың падишасы әрбір істі уәзірімен бірге істеп, қызметкер шабармандарының құлағын бұрап отырса, сол сияқты қызметкерлерінің жаман істерін әшкерелеп, тиым салып, түн падишасын да уәзірі қарамағында мықтап ұқыптылықпен ұстап, артық қадам бастырмастан қадағалап отырса ғана мемлекет ісі өз дәрежесінде болар. Бұған қоса падиша діл уәзірдің кеңесімен ақылдасып іс қылса, шаһуат, ғазап жайын уәзірдің ақыл зердесінен тыс қалдырмай, жарлығының шегінде, дене мемлекеті оның иелігінде болар. Сонымен қатар, бақыт жолын тауып, Хақ тағаланың ілім-білімінен баһар алар. Егер уәзір ақылды шаһуат және ғазап қолына тұтқын қылса, дене мемлекеті ойрандалып, падиша діл де тұтқын болып, бақытсыздыққа тап болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *