Діл қалауы сипаттары

Діл қалауы сипаттары
Діл ғаламында адам денесі шаһаріндегі сарбаздарының әрбірінің алыс-беріс қатынастары бар, падиша ділге бұл сипаттардың әрбірінен әр бөлек сипаттағы жағдайлар да болар. Бұл қасиеттердің бағзы бірі жаман сипаттардан болып, падиша ділді құртқысы келетіндер қатарында болатынын білгені жөн. Кейбіреулері жақсы сипаттардан, олармен діл падиша тағдырлас болып бақытқа қолы жетер. Бұл қатынастарды айта берсек есепсіз. Жалпы, оны төрт бөлікке айыруға болады: 1. Төртаяқты хайуандар сипатындағы қатынас-байланыстар; 2. Жыртқыштар сипатындағы қатынас-байланыстар; 3. Дию-шайтан сипатындағы қатынасбайланыстар; 4. Періштелер сипатындағы қатынас-байланыстар.
Сол сияқты адам денесінде шаһуат ләззатын жаратыпты. Оның қалауы төртаяқты хайуандар ісін істемек: азарлау, ішпек, жемек, жыныс қатынасын жасамақ. Және осы денеде ашу ғазабын да жаратыпты, оның қалауы – ит, бөрі, арыстан сияқты жыртқыштардың ісін істемек. Сонымен қатар балағаттап сөгу, ұру, өлтіру, халыққа қолмен, тілмен азар беру сияқты басқа да қастандықтарды жаратты.
Дию-шайтан сипатындағылар қалауы – мекерлік, ила-әдіс қолданып ақты «қара» деп, халық арасында қулық пен сұмдық, аярлықты асқындыру. Адам денесінде ақылды пайда қылыпты, оның қалауы – періштелер ісін қылмақтық, ол ғұламалар мен ілімді дос тұтып, жаман істерден бойын тартып, халық арасында туралыққа жол ашып, қысастық, бақылдық, мейірімсіздік пен қаталдықтан өзін тоқтатпақ, жақсы істерімен шаттанбақ, надандықты ар, намыс қылмаққа шақырады.
Ақиқатында адам денесіне тән төрт сипат бар. Олар: иттік, доңыздық және диюлық пен періштелік. Осылардан иттің халық арасында жексұрын, жаман атануы, оның бас, аяқ терісі басқа да сыртқы суретіне байланысты емес. Оның ішіндегі жаман сипаттарынан, халыққа азар беруінен, жаман нәрселерге құмарлығына байланысты. Доңыз сыртқы сипатына байланысты ғана емес, ішкі дүниесінің настығы, лас жаман нәрселерге құмарлығынан жексұрын атаққа ие.
Сонымен, рухтың ақиқаттын және ішкі жан-дүниесіндегі иттік және доңыздық сипаттарды аңғардың. Енді мағыналарын да осыған сай пайымдауға болады. Айтылған нұсқаларда адамға жарлық беріп келтірілген нұр – періштелердің нұры сипаттас. Ол нұрмен шайтанның мекерлік айла тәсілін біледі екен. Сондықтан да шайтан мекерлік пен пітна-құлыққа жол таппай қор болады екен. Сондықтан Әзіреті рассули әкрам саллалаху Әлей уасаллам айтқан екен: «Әр адамның бір шайтаны бар және менің де шайтаным бар. Бірақ, Құдай тағала мені ол шайтаннан басым етіпті. Шайтан менің ашу-қаһарымның қолында – тұтқын. Менің қолымнан шығып ешқандай залал жасай алмас» депті. Адамға жарлық етіпті, ышқуаздық шаһуат-доңызы және ашу-итті әдеппен ұстап, ақылдың алақанынан шығармау қажет. Ақылдың жарлығынан тыс қадам баспауға тиісті. Егер бұл жағдайлар орындалса жақсы сипаттар пайда болып бақытсағадат ұрығын қолыңа келтіресің. Егер бұлай болмай шаһуат құмарлығы, ашу ғазабы алдында қызмет істесе, адамгершілікке жат сипаттар пайда болып, шаһуат-құмарлық ұрығын қолыңа келтірерсің. Егер өз хал-жайын дәрменсіздік, ұйқысыздық немесе ұйқыдағы жағдайда ұстаса, сөз жоқ доңыздың, не иттің және шайтанның алдында қолы байланғанын көресіздер.
Кімде-кім бір мұсылманды кәпірдің қолында тұтқында көрсе, ол мұсылманның күнді қалай кешетіні белгілі жағдай. Ал адам періштені, иттің немесе доңыздың, я болмаса диюдің қолында тұтқын екенін көрсе, оның жағдайы одан да төмен болатыны белгілі жайт. Ғалам халқы егер нысап қылса, істеген амалдарын есептесе, күндіз-түні жан-дүниесінің қалауына қызмет кемерін байлағанын көреміз. Бұлардың халі шын мәнінде осындай. Олардың суреттері адамға ұқсар, қиямет пердесі ашылғанда олардың шын мағынасы әшкере болар. Суретімен де мағынасымен де өздерінің шын бейнесін көрсетер. Егер ол кісінің шаһуат құмарлығы басым болса, қиямет күні халық көзіне доңыз суретінде көрінер. Ғазап ашуы басым кісілер, ит не бөрі суретінде көрінер. Осы бір жағдайларға байланысты анықтық – егер адам түсінде итті не бөріні көрсе, оның жоруы залым дұшпанға тап болар. Егер түсінде доңызды көрсе, оның жоруы нас, лас жаман адамға кездесер. Сондықтан да ұйқы өлімнің бір белгісі, інісі деуге де болады. Аңдағанға ұйқының өзі, бұл ғаламнан жырақта екен. Сурет – мағына-мәннің бағынышты көлеңкесі. Әр адам ішкі жандүниесіне сай көрінгісі келер. Бұлардың мән-мағыналарын талдай беру бұл кітаптың ауқымына сыймайды.

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *