Ділдің шарапаттары мен қасиеттері

Ділдің шарапаттары мен қасиеттері
Адамдар бұл сияқты мағыналарды білмеген екен. Ақиқаттың мөрі мен ұлықтығынан ешқандай хабары болмапты. Дауыссыз есіту, Пайғамбарлық мөр, нұбибат және уалилік — діл ғаламының дәреже шарапатынан дедік. Бұл мағынаның мәнінде үш қасиет бар: бірі — не нәрсені де жалпы халық түсінде көрер, Пайғамбар мен уали оны ояу кезінде де көре алар; екіншісі – жалпы халықтың ділі, өз денесіне ғана әсер қылар. Ал Пайғамбарлар мен уалилер басқалардың денесіне әсер қылар; үшіншісі – жалпы халық оқумен, үйренумен ілім-білімге ие болар. Ал олардың қасиеті кісіден үйренбейді. Хақ тағала олардың ішкі жандүниесін кемелдендіріп білдіріп қояр. Зерек те таза ділді болғандықтан көптеген ілімдерді үйренбей-ақ біліп алар. Бұл сипаттағы ілімдерді іліми Ладуный дейді, яғни Аллалык, ілім дейді.Сондықтан да Хақ тағала Қахф сүресінің 65-аятында: «Біз Пайғамбарға Алла ілімінің бағзыларын білдірдік» депті.
Осы үш қасиет бар кісі – Алланың Пайғамбары, не әулиелер қатарында болар. Егер бұл үш дәреженің бірі ғана болса,соншалықты айырмашылығы да болар. Хазіреті расулі (С.Ә.У.) кемелі мен шарапаты осы үш дәрежеге де ие еді. Хақ тағаланың қалауымен жалпы халыққа әнхазірет алайхи салламның мөр нүбибаты барын білдірген. Пайғамбар алайхи салламның айтқандарын істеумен мәңгі бақилық бақытқа қолың жетер.
Міне үш қасиетті Алла тағала адам баласына сый еткен. Сондықтан түс көрмек бір қасиет, ақыл-парасатты * беріпті. Екіншісі, ілім алуды табандылықпен үйрену ақиқаты, ушінші қасиет болар. Адамдарға өз нәсіл затында * нәрселерді куәландыру мүмкін емес. Әрбір нәрсе діл * арқылы суретінен көрмесе оны анық, айқын біле [алмайды]. Осы себептерден де Әзіреті Хақ нұрлы Алланың ақиқатын өзінен өзге ешкім де біле алмас. Бұның жолы есепсіз көп. «Маонийн Асмоұллах» [Алла Тағаланың көркем есімдерінің мағыналары] бұны жан-жақты анықтап баяндап бердім. Айта кетейін дегенім, әулие- әнбиелерде бұл уш қасиеттен басқада қасиеттер болуы мүмкін, бірақ оны біздер білмейміз. Бір анығы ондай қасиеттер біздің жаратылысымызда түп орнымен жоқ деуге болады. Сондықтан да нұрлы Хақ тағала сырын езінен өзге ешкім де біле алмас. Бұған ұқсас әнбиелердің қадір-қасиет шарапаттарын, әнбиелердің өздері білер, біздердің іліміміздің шама-шарқы, әнбиелердің қадір-қасиетін игеріп қамтып ала алмас. Сондықтанда нұрлы Хақ тағала біздерге ұйқыны беріпті. Біреу бізге ұйқы жайлы әңгімелеп бер десе, ұйқы деп соны айтуға болады – егер кісі өзінен хабарсыз болып, барлық іс-әрекеттен қол үзіп, есіту, сөйлеу, көру, ұялу қасиегтерінен айырылса. Егер ояу болса көреді, есітеді және басқа да нәрселермен шұғылданып, олардың қадір-қасиетін білер еді. Бұл әңгімелерге біздер онша мән бермейміз. Сондықтан да Хақ тағала Құрандағы Жүніс сүресінің 39-аятында: «Олар Құран іліміндегі аяттардың мән-мағынасын білмей тұрып, жалған айтады» депті. Ал Ахкоф сүресінің 2-аятында: «Олар өздері тура жолды таба алмай, бұл ескі үлгі – ескі қалып дейді» деп мәлімдепті. Бұл сияқты таңданарлық қасиеттер әулиелер мен әнбиелерде ғана болар. Ол сипаттардың ерен қасиеттерімен ләззаттануға болады. Ал басқаларда бұл сияқты сипаттар бола бермес, ондай ләззаттардан құры алақан болар.

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *