Дене және рух

Дене және рух
Жолдары белгілі бұл мәндегі діл ілімділерінің арасында адамның өлімімен бірге рухы да жоқ болады дегендер табылар. Тек одан кейін қайтадан денеге келтірер дегендер де болар. Бұл қаулы – теріс қаулы, әр кісі біреудің сөзімен амал қылса, құрыалақан болар. Сонымен, кісі бұл жолға бара қойсын, ақылдың ішкі көрінісі емес, сыртқы көрінісі деуге де жарамас. Егер ақылдың ішкі көрінісінен хабары болса білер еді, дененің өлмегі — рух ақиқатын набыт қыла алмас. Егер акылдың сырт көрінісі болса, аят пен хадис мазмұнымен білер еді.
Адам өлгеннен кейін рух екіге бөлінер: бақыттылар, бақытсыздар рухы деп аталады. Бақыттылар рухы жөнінде Құранның Әл-и Имран» сүресінің 169170-аятында: «Ол тайпалар Хақ жолында өліпті, өлік күмәнданбағын, бәлкім, олар Хақ Тағаланың өз пәзіл-кәрәмінен сый еткен игіліктерінен аямастан, мархабат етіп берген түрлі нәрселерінен шад-шадыман көңілденген болар». Алайда, кәпірлер оның сыбайластары жөнінде, Әзіреті расуллі акрам (С.Ә.У.) Бадр шайқасында өлтірілген кәпірлерді жинатып бір құдыққа тастатты. Әзіреті расуллі Әлейһихус салам ол құдықтың басына барып, кәпірлердің әрбірінің атын атап айқайлап: «Ей, пәленше уәде бойынша Құдай тағала дұшпандарға қаһар ашуын төгіп, жаза беруді біздерге тапсырып еді. Бәрін де шын мәнінде орындап шықтық. Құдай тағала ол уәделерін ақырына жеткізді және сіздерге де өлгеннен кейін азап қинауға саламын деген уәделерінің ақиқат екенін көрдіңдер ме?» деген екен. Сахабалар: «Я, Расулилла, бұл мүрде өлік қой, өлілер де сөзді есітеді ме?» — дегенде, Әзіреті Пайғамбар (С.Ә.У.): «Қасам етемін, Құдайдың атымен, Мұхамедтің жаны – оның құдіретті қолында. Өліктер, сіздерден есіткіштеу, бірақ жауап беру қасиетінен айрылған» депті. Әрбір адамдар өліктермен тамырлас болған хадистер және ақпарлардан хабардар болса, соншалықты ақыл, қайғықасіретінен хабардар болмағы және зиярат қылғанды және ғаламда болып жатқан жағдайлардың бәрінен де хабары болар. Сонымен сенімді хабарларға қарағанда, рухының жоғалуына ешқандай негіз жоқ. Бәлкім сипат уақыт жоқ болар. Сондықтан, хадисте келтірілгендей қабір – адам рухы жасайтын ғар (үңгір) және ол – тозақтың ғарларынан жұмақтың бау-бақшаларынан болар.
Өлумен бірге, өз затыңнан және затыңа ұқсас тиісті сипаттардан ешқайсыда жоқ болмайды. Бірақ қалау сезімдерінен: әрекет, тағлым, тәбет, кемей мен ағзалар мақсаты бір еді. Өлген соң бұлар жоқ болар. Дүние ләззатынан бөлектенерсің (оңаша, жеке қаларсың). Сондықтан адам денесі қызметкерге ұқсар. Кісінің аты өлсе, жаяу қалар. Ал кісі білімсіз болса, данышпан болмас. Егер көр болса құрылыс үй-жайларды, түрлі өрнектерді көре алмас, керісінше де солай болар. Атсыздар жаяу қалар, сонымен дене қызметкердің де рухы атқа мінер. Рухы бар қажетті заттардан өзін аулақ ұстап, Хақ тағаланың айтқандарының ағысына ғарық болып шомған күйінде, бір пікрлестікті табандылықпен алып барса, сонда ғана сопылық жолының даңғылына түсер. Ол жолдың талап-талғамы осындай болар. Ақырет ақуалын көре білуге талпынар. Өзгелерге өлгеннен кейін мәлім болатын нәрселерді, болған, көрген нәрселердің бәрі де есте қала бермес. Бірақ әсері мәңгі-бақи қалар. Жұмақты оған көрсеткен болса, pyx рахат және шаттықта болар. Ол кісіге көңіл шаттығы нәсіп болар. Егер оған тозақтың белгілерін көрсетсе, азап-қиыншылыққа тап болар. Ал көрген оқиғалары жадында болса, әңгімелеп берер. Сондықтан айтылған нақыл бар екен. Әзіреті расуллі акрам (С.Ә.У.) намазда тұрып, қолдарын созған екенн Намаздан кейін сахабалары арыз айтып: «Ей Расулилла не себептен намазда тұрғанда мүбәрәк қолыңызды ұзатгыңыз» дейді. Расулилла (С.Ә.У.) айтыпты: «Жұмақтан бір бас әдемі піскен жүзімді алғын деп, бұл дүниеге келтіруді жөн көріп қолымды созғанымда кенеттен ғайып болды» депті. Ал сен, жұмақ игілігін бұл ғаламға келтіруге болмас па еді деп, күмәнданбағын. Жұмақтың игілігін бұл ғаламға келтіруге болар еді. Егер Әзіреті Расулла (С.Ә.У.) келтіремін десе келтірер еді. Оның қажет, қажет еместігін әңгімелеу ұзақ. Бұл кітабымыздың көлеміне сыймайды. Әзіреті расул Әлейһисалам жұмақтың ақуалын Жабрейіл Әлейһисаламнан есіту арқылы баян қылады дейді. Әзіреті расуллі акрам (С.Ә.У.) жұмақты өздері керіп баяндағаннан. Жұмақ ақиқатын бұл ғаламнан көрген жоқ. Өзі бұл ғаламнан ғайьп болып, ол ғаламға барып көрді. Бүл жағдай Расуллі акрам (С.Ә.У.) бір уақытта Миғражға барғаны дәлел болар. Сонымен қатар ғайып болу екі жағдайда пайда болар. Бірі – хайуани – рухтың өлуіне байланысты, бірі – адами-рухтың сейіл қылуына байланысты. Алайда жұмақты бұл ғаламда көруге болмас. Сондықтан жеті қат аспан, жеті қабат жер бір пісте шопағына сыймас. Осыған ұқсас жұмақ та бұл ғаламға сыймас. Адамидың бұл ғаламдағы қалауы, әуестік сезімі – жұмақты көрмекке тағат келтіре алмас. Ал ол ғаламның қалау-әуестік сезімі – өзгеше болар.

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *