Бағзы бір парыз мәселелері ( Имам Ғаззали)

Бағзы бір парыз мәселелері
Ей, перзент, жазған хатыңда кейбір мәселелерді сұрапсың. Бірақ оларды жазып, не айтумен түгел сипаттап беруге болмайды. Оның мән-мағынасы мен жай-жапсарына қанығып ілесе алмасаң, көбі көңіліңе аян болмайды. Өйткені, сенің сұраған ілімің рухани шабытқа байланысты, көркем- өнер, сұлулық, әдемілікке әуестеніп, қызығу ілімі. Оны «Зауық ілімі» кейде оны (іліми хал) деп те атайды. Айтып өткеніміздей, ол ілімге тиісті ілімдерді сөзбен жан-жақты сипаттап айтуға мумкіндік жоқ. Өйткені, бұл ащы, не шырын тағамның дәмін татып көргенде ғана сезіп білінетін жағдай іспетті. Хикаяда айтылған екен: «Бір кісі өзінің тәуір керетін досына жьшыс қатынасының ләззаты қандай болады» деп хат жазғанда, досы: «Ей, пәленше, мен сені тек жынды деп есептеп жүрсем, енді білдім, сен жынды-ақымак, екенсің» деп түңіле жауап жазыпты. Құрылысшының қалау, сезім-ләззатына терең тусініп ілесе алған жағдайда ғана, бұл ілімге қызығып тереңіне бойлап қадірін білерсің, ал тек айтып жазғанмен ешқандай нәтижеге жете алмайсың. Ей, перзент, сұраған бағзы мәселелерін «Эһя ул — улым» атты кітабымда талданып айтылса да төменде қысқаша тоқталып өтемін. Ей, перзент, шариғатқа тән амалдың алғашқы сагысы сабыр-ықтиятың берік болсын! Оны әрдайым, басқа көлденең кесірлерден сақтай біл. Екіншісі – тәубеге келген соң, қайтадан күнә істерді ісгеме. Үшіншсі – сенен Хақ тағала талап еткендерді түгел орында, бойыңда біреудің ақысы қалмасын.
— Алланың әмірлерін орындауға жететін, саған ақіретте пайда беретін ілімді бойыңа сіңіріп, жинақтауың керек. Осы бір мөлшерден артық білім алу саған міндет емес.
ХИКАЯ. Шибли Рахматуллах Әлейһи айтқан екен: «Төрт жүз пірі мұраттарына қызмет етіп, төрт мың хадисті оқып тусіндім. Бірақ сол төрт мыңнан, тек біреуін бекем ұстап, сол хадисті пайдаға асырдым. Басқасына көңіл аудармадым. Басқаша айтқанда, терең және жан-жақты пікір ойлап сенімді болдым, жаһаннамнан құтылуды ойлап, осы хадиске сүйеніп ілім үйрендім. Өйткені, сол бір хадистің өзі, қажетті ілімнің жиынтығы екен. Сондықтан, сол хадисті пайдаландым» депті.
Хадис. Расулла саллалаху Әлейһи уассалам кейбір сахабаларына айтқан екен: «Бұл дуниеде қанша уақыт тұруыңа қарап іс қылғын. Алайда артық істермен шұғылданып, өміріңді босқа өткізбе. Ақіретте қанша уақыт тұратыныңды ойлан (мәңгілін ескертіп отыр). Аллаға өлшеусіз мұқтаждығыңды және жаһаннам жалынына қаншалықты шыдай алатыныңа қарап іс істегін». Бұл хадисті терең аңғарып мойындағын. Жаһаннам алаңында сен тағат қыла алмассың және қажетгіліктің күнәкәрліктен айырмашылығы болар. Ей, перзент, осы хадистің маңызына түсініп, оны амалға асырып іс істесең, есепсіз ілімдерді оқыпүйренудің қажеті де болмайды. Шақиқи Балқиямен сұхбаттас болғандардың бірі, Хатам Ұл-Асамнан (Алла екеуін де жарылқағай) және бір басынан өткен хикаядан айтайын, сен құлағыңды салғын. Бір күні Шақиқи Хатамнан сұрапты: «Міне отыз жылдан бері сенімен сұхбаттаспыз, шыныңды айтшы, сол уақыттан бері осы сұхбаттастығымыздан не пайда көрдің? Хатам айтыпты: «Бұл уақытта үйренген ілімдерімнен сегіз пайда көрдім» осы сегіз пайда мені жаһаннамнан сақтауға ықпал жасар деген үмітім бар» депті. Бұл сегіз пайдаң нелерден құралады дегенде, бірінші пайда сол — халыққа жүзімді бұрын көрдім.
Әрқайсысының езіне лайықты ғашық-машық, сүйген дос жараны бар, Бағзы біреулері өлім шербетін ішкенге дейін сұхбаттас болып, ажырамас кейбір сүйіскендер қабір жанында да бірге болады. Ол ғаламнан өткеннен кейін жалғыз өзін қабірге қойып қайтады. Бірде-бір ғашықтардың екі бірдей сүйгендері жоқ. Сүйген жарымен бірге қабірге кірсе, (ғаламнан өткен соң ) ол ғашық-машықтар бір біріне- жанашырлық жасап көмектесе алмайды. Соларды ойлап өзіме-өзім айттым: «Ең жақсы сүйіктім сол болар, ол өлгеннен соң, көрге өзіммен бірге кірер және жанашырлық жасап жәрдемін береді. Өзіме ізгі іс, ізгі-амалдан басқа қамқор сүйіктіні таппадым, соны ғана дос тұттым, өйткені, ол қабірде де маған жарық нұр болсын және мені жалғыз қалдырмасын!» дедім. Екінші пайда халыққа бетімді бұрып және бір көргенім бәрі де көңілі ұнаған бағытқа бет бұрып,нәпсі талабын орындауға асығады. Бұл жағдайды аңғарып Алла тағаланың мына бір айтқандары есіме оралды. «Кімде-кім Алла алдында жауап беруден қорқып, нәпсісін жамандықтан тиса, әлбетте жұмақ оның жайы болары ақиқат» дегені. Анық білгенім, Құран – Хақ және Шындық. Алдымен Алла айтқан ғибадаттарына разы болып, мойын ұсынғанша нәпсіге қарсы тұрдым. Оған қарсы ұрыс ашып, өзімді жаман пікірлерден қайтарғанша қатты қиналдым. Үшінші пайда — әрбір адамдарды көрдім. Мал-дүние үшін жиған желіп-жортып, жиған малдарын бекем ұстап қайырлы және cayaп істерге жұмсамайды. Бұны көріп Алла тағаланың бір сөзін есіме алдым. «Сіздерде болған мал мен байлық таусылады. Алла алдындағы байлықтар таусылмайды” деген. Бұл дүниеде не бір байлық арттырған болсам, бәрінде Алланың разылығы жолында жұмсадым да және оның құзыры алдында жариялық тапсын деп кедейлерге таратып бердім. Төртінші пайда – кейбір елжұртты көрдім: «Біздің абырой ізетіміз қауым-қарындастарымыздың көптігінен» деп мастанып, астамшылыққа салынады. Кейбір халықтар өздерінің абырой ізеттерін, оның себебін мал-мүлкінің және, перзентгерінің көтігінен деп ойлайтыны да болар. Басқалары өз аброй атағының асқақтауынан десе, біреулері зұлымдықпен мал топтаса, біреулері зорлық-зомбылықпен тартып алып, дүниесін көбейтсе, тағы біреулері бар мал-мүліктерін қажет емес жерлерге сарп етіп, ысырапқа жол берушілік жағдайды армандайды. Сонда Алланың сөзі еріксіз есіне түседі: «Шын мәнінде сіздің абырой ізетке ие болуыңыз, Алладан қорқып тақуалық жасауыңызға байланысты» деген. Ал тақуалықты қалап, Құранның һақтығына, шындығына сеніп, иман келтірдім. Әлгі кісілердің күмәнденуі, сенбеуі ғапілетте қалып, адасып абыржуының дәлелі. Бесінші – пайда көптеген адамдарды көрдім, кейбіреулері бір-бірін жамандап, сыртынан сөгіп, өсек-аянмен шұғылданып, ғайбат жасаумен болады. Бұлардың негізі пенделердің мал-дүние, мәртебе үшін бір-біріне қастандық жасау деп түсіндім. Алла тағаланың «Мен олардың бұл дүниеде толық жақсы жасауы үшін жеткілікті ризық-несібелерін бөліп бердім» деген сөздерін есіме алдым. Ризық-несібенің бөлінуі, әзалда Алла тағаланың ұйғаруымен бөлінген және алдын-ала белгіленіп қойылған екен. Сондықтан ешбір жанға қастандык, жасамастан, Алланың қалауына разы болдым.
Алтыншы – әрбір адамдарды көріп, өткінші дүниенің мәртебе-мансабының қызығына кенеле беремін деумен бір-бірін дұшпан санап, өзара дау-дамай туғызып, араздасады екен. Сонда Алланың бір айтқан сөзі еріксіз есіме түсті «Шайтан сіздердің дұшпандарыңыз болар, шайтанды өзіңізге дұшпан деп біліңіз». Анық аңғарғаным, шайтаннан басқаның дұшпандықта артық емес екеніне күмәнсіз көзім жетті. Жетінші пайда – не бір кісілерді көрдім. Байлықты көбейту жолында желіп жортып жүріп, қулық-сұмдықтан жиренбей, басын от пен шоққа ұрып, өздерін арам, шүбәлі ісгерден аулақ ұстамастан өз қадірін кетіріп, өзін-өзі төменге тартып қор болуда. Бұларды көріп, Алла тағала сөзін есіме алып қайталап айттым. «Жер жүзіндегі барша мақұлықтың ризығын жеткізуші – жалғыз Алла тағала ғой!» дегенді қайта айтуға мәжбүр болдым. Шын мәнінде, ризық — Алланың ықтиярында екеніне кезім жетіп, оның ғибадатына басымды иіп, басқа жақтан үмітімді үздім. Сегізінші пайда – қайсы бір пендені көрмейін, сүйеніші де таянышы да өзіне ұқсаған және бір пенде. Яғни, мақұлык, болып жаратылады да және бір мақұлыққатты паналайды. Кейбіреуі пұлына, кейбіреуі үй-мүлкіне, біреуі кәсібіне біреулері өзіне ұқсаған нашар мақұлық қатарында жаратылғандарға сүйенеді. Соларды көріп, Алла тағаланың мына бір сөздері есіме түсті: «Кімде-кім Алла тағалаға тәуекел қылып сүйенсе, Алла оның жәрдемшісі болар. Әлбетте, ол кісінің Алла ісін оңынан келтіріп, кемеліне келтірер, Алла тағала сөзсіз әрбір нәрсені және құбылыстарды өз тағдыры мен жаратушыдан деп Алла тағалаға тәуекел қылдым. Ол менің сүйенішім де, жақсылық етушім де, ұлық жарылқаушым да!».
Шақиқи Балқи айтқан екен:«Мен Тәурат, Забур, Інжіл және Құранды оқып тәмамдадым. Сол төрт кітап мына айтылған сегіз пайдаға ие болуыма себепкер болып әмірін айтуда, кімде-кім осы сегіз пайдалы амалға асырса, сол төрт ұлық кітапқа сүйенгені болады» депті. Ей, перзент, жоғарыда айтылған екі хикаядан білдің. Көп ілімге емес, көп амалга асыратын істерге мұқтаж екенсің. Енді сен Хақ жолын ұстағын! Оның астанасына қадамыңды басқын! Қадам қойған кісіге нелердің орындалуы міндет екенін жоғарыда баяндадым. Біліп алғын, Хақ жолына кіруші кісіге, әлбетте, кемел тәрбие беріп, тура жолға бастаушы қиыншылықпен қол жеткізуге болатын тура жол. Жаман мінез-құлықтарды қалыптастыру үшін, шайық ұстаз қолында болу міндетті жағдай. Шайықтың мүридті тәрбиелеуі жерден өнген егіннің жақсы өнім бермегі үшін дихан, оның маңайын бөтен арам шөптен, тікендерден тазалағаны сияқты жағдай. Дәл осы сияқты әрбір мүридке Алланың тура жолын нұсқап, сара жол көрсетіп, тәрбиелеуші пірі керек болады. Шайықтың шарты — ол тәрбие беруге лайықты, Расулла міндеттеген жолға жетектеп жүре алатын ғалым болмағы шарт. Алайда әрқандай ғалым да шайықтыққа жарай бермейді. Мен бұны әрбір кісі «Мен шайықпын» деп жалғаннан жаңылыстырып жүрмесін деп шайықтардың кейбір ғаламат әрекеттерін қысқаша баяндап беремін. Өйткені, шайыққа ілескен әуелі мал-мүлік заттай байлық жинаудан жүз үйіруі шарт, мансап- мәртебе, қызықшылық дегеннен бастартып, Расулилланың жолына бас иіп, сара жолға түсуі керек. Және аз жеп, кем ішіп, көп намаз оқып, көп тағат-ғибадат қылатын ораза тұтып, садақаларын беріп, нәпсісін қиын да болса тыюы шарт. Міне, осы сияқты нағыз шайыққа ілесіп, төмендегі мінез-құлықтарды өзіне жолдас етсе, сабыр-тағат шүкірлік, Аллаға тәуекел, сыпайылық, сақилық, қанағат, нәпсіқорлықтан өзін тыйьп, мүләйім, кемтарлыққа бейім, білімпаз, шыншыл қиялдай білетін және опалылар қатарында болуы керек. Міне, осындай белгілерінен ерекшелеген шайық — Расулла нұрына кенелгендерден болар. Қане енді, сондай шайыққа жолығып, оның артынан ілесетін болсаң! Алайда, бұл сияқты шайықты табу қиын. Бұл сияқтылар қымбат баға қызыл тастан да ғазиз болар, Кімге егер бақыт күліп қарап, сондай шайық кез болып, ол шайық оны қабылдаса, сол мүрид шайықтың құрметін ашық жарияда ішкі жан- дүниесімен құпияда қастерлеуі керек. Жария дегеніміз, сол әр маселеде шайықпен таласып тартыспасын. Ұстаздың қатесін сезіп қалғанда да бәрібір оған құжат көрсетумен шұғылданбасын және құрметсіздік қылмасын. Жайнамазыңды шайықтан аддын жазбағын. Шайық намазын таусып бітірген соң, мүридтік сыпайылығымен, оның жайнамазын жерден жиып алатын болғын. Шайық алдында нәпіл намаздарды бос, артықша оқымағын, шайық нені бұйырса, қолыңнан келгенше орындағын. Енді құпия, яғни жасырын құрмет дегеніміз, сырт көріністе естіп, нені мақұлдаса, екі жүзділіктің ғаламат белгісі байқалып, немесе соған жақындап қалмауы үшін ішінен, сол сырттан есіткенін түгел тастықтауға құмар болмасын, Яғни, сөзі мен ісінде айырмашылық болмасын. Егер де кейбіреулердің сыртқы көрінісі ішкі дүниесіне сай келмесе, оны екі жүзділік дейді немесе соған жақындау болады. Егер мүрид осы айтылғандардың үдесінен шыға алмаса, онда ол тысқы да ішкі де дүниесіне сай келгенше, шайықтың сұхбатын жоққа шығарып тұрғаны мақұл. Ілгеріде баяндап өткізгеніміздей мүрид өз нәпсісіне тиым салып, оған жанашырлық жасауы қажет, Бұл дәрежеге негізінен, жаман пасық адамдардың сұхбатынан сақтану арқылы қолы жетеді. Көңілінен жайғасқан түпкі тегі жындардан болған шайтанның билігінен тазарасың. Сонда ғана оның қалыбы, жан-дүниесі шайтанның азғыруынан құтылады. Әр уақытта кедейлікті қалағайсың.
Міне, осы айтылған насихаттарды сопылық жолға түспекші болған мүрид үшін бұлжытпай орындау — бірден-бір міндет болмақ. Ей, перзент, біліп ал, сопылык, екі іс болар. Бірі Алла бұйрығымен тура журмек. (Алла мұсылмандарға парыз қылған істерді амалға асыру) Екіншісі — көпшіліктен шектемек, яғни халық арасындағы жаман істерден өзін аулақ, ұстамақ. Кімде-кім Алла бұйрығын толық орындаса, жүріс тұрысы, мінез-құлқы адамдармен мәмілесі мүләйім жағымды болса, сондай жандарды шын мәнінде сопы деуге болады. Жаратушы Алла бұйырғандай тура болмақ нәпсіні Алла жолында Құрбан қылудың жағдайымен барабар. Құлықты таза, тәбеті азада адамдармен мәмледе болмақтың жолдары мынандай, Адамдарға өз қалау ықтиярымен өкіміңді өткізбе, егер шариғатқа теріс келмеген халде олардың да қалау ықтиярымен есептесе отырып, байланыста болғаның жақсы болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *