Ақырет ақиқатын тану
Біліп алғын, ақыреттің ақиқатын ешкім де тани алмас. Қашан өлім ақиқатын танымағанша, өлімнің ақиқатын білмес. Қашан тірлік ақиқатын танымағанша, тірлік ақиқатын танымас. Қашан рухының ақиқатын білмегенше, рухын тану ақиқаты, өз жаратылысын танумен байланысты екенін жоғарыда айтып өткенмін. Жоғарыда айтылғандай, адамның денесі қызметкерлерден ғой. Екі асылдың бірі – рухы, біреуі – дене болмысы. Ал рух – атты кісіге, дене болмысы – оның қызметкеріне ұқсар және бұл рухқа ақыретте қызметкер орындаушы ретінде, дене қалыбының қажеті болар. Және оған жұмақ пен тозақ та бар. Ол pyx қалыбының ешқандай серік немесе өнімі болмай, өз затына да қажеті болмас. Онда тозақ пен жұмақ, бақыт пен бақытсыздық та бар. Бар игілік ләззаттары діл қалыбына сай пайда болмай, өздігінше пайда болар. Бұларға «Жұмақ рухани» деп ат қойдым. Ғалам және бақытсыздық, дене қалыбының орындаушысы болмастан, рухқа жетуін «От жалын руханиы» деп атадым. Бұларды «Жұмақ пен тозақ» деп атайды. Орындаушы қызметкер денемен бірге болар. Жалпыға мәлім жұмақта түрлітүрлі дарақ, миуа, шербет, пәк таза шарап, әдемі сарай, қор қыздары, түрлі қажетті игіліктердің бәрі бар. Ал тозақ ішінде жылан-шаян, от-жалын, көлеңкесіз, көріксіз ербиген алып дарақ, ысқырған ыстық самал және бұдан басқа да азаптаушы ғаламаттардың көп екені мәлім. Жұмақ пен тозақтың сипаты Құран хабарларында мәлімденген. Бәрін де пайымдайтындай етіп „Ихио” атты кітабымда өлім жайлы айтылған сөзімде баяндағанмын. Бұл жерде өлім ақиқатын баяндамаймын. Рухы жұмақ және тозаққа ишарат жайынан айтпақпын. Бұларды әр адам біле – бермес. Осы жайында Хадиси құдсида хабар беріп: «Жақсы жолдағы пенделерім, жақсы жолдағы пенделерім үшін, бәрін де дайындап қойғанмын, оларды біреу көрмеген де, біреудің құлағы есітпеген де, олар ешкімнің де қаперіне келмеген де» дейді. Ал бұл дәулет пен игіліктер жұмақ руханида болмақ, ділдің ішкі жағынан, ғалами періште жағына қарай есік бар. Сол есіктен жоғарыда айтылған игіліктердің бәрі ешқандай шүбәсіз анық көрінер. Ол адамдарға жұмақ есігі ашық болар. Ақыреттің бақыты, шарапатының несібесі, өткір көз, сезімталдық — қасиетті нәтижесімен раушандалып, анық көрініп тұрар. Есітіп, ғибраттанудың қажеті жоқ. Бәлкім, сондықтан да денеге тәуіптің бақыт әкелуі немесе бақытсыздық әкелуі мүмкін, оны саулық немесе кесел ауруы деп айтар. Саулықтың себебі, аз-аздан өте тоя жемеу. Бір қалыпты мөлшермен жеу керек. Ал кеселденудің себебі, мөлшерден артық тоя жеудің себебінен болар. Осыған ұқсас тәжірибелерімен мәлім болуға тиіс. Ділге, яғни рухани адамға бақыт та, бақытсыздық та бар. Ғибадат пен мағрипат (ілім-білім) бақыттың дәруі, білімсіз надандық – бақыттың тосқауылы, узахәәрі деуге болады. Сонымен, бұл ілім – ең бір ғазиз және теберік те. Ғұламалар бұл ілімді көп үйрене алмадық деп өкініште болар. Бәлкім кейбіреулер ілімге іңкәр емес, тән алмайтындар болуы мүмкін. Жұмақтозақты қолымен ұстап, көріп, сезетін жанды дүние деп түсінер және ақыретті тану үшін есту, тыңдау, ғибраттану арқылы нақпа-нақты біле алмас. Бұл сөздерді кең түрде талдауды „Ихио» атты кітапта көптеген дәлелдермен баяндағанмын. Адамдар зерек және дана болып, ішкі жан дүниесін күнәдан таза ұстаса, бұл ілімге жол тауып ақырет діліне мықты және берік болар. Керісінше жағдайда, халықтың иманы ақыретке зағиб және сус болар (яғни ақыретке соқыр сеніммен бару деген сөз). Егер ақиқатты қаласаң, өлімнің әсерінен осыларды пайым қылғайсың адамда екі рух бары белгілі болды. Бірі – хайуани рухы, бірі – періште рухы жынысынан. Бұны адами немесе Инсани рухы деп атайды. Рух – хайуанидың мағынасы сол діл болар. Бұл деген – бір парша ет, адам кеудесінің сол жағына жайғастырылған. Рух – хайуани құрылыс шеберлерінің тілсіз сөздеріне ұқсас, хайуаннаттың ішкі жандүнисінен болар. Оның мінезі мен әдеттері тағат ғибатшылар сияқты. Рухани-хайуани – бұл бір рух. Яғни, зауарип атты тамырдың әрекет ықпалы мен көмейге және дененің қабат ағзаларына тарар. Рухы күш-қуат, қимыләрекеттерді көтеріп жүруші болар. Уақытымен бұл рухы тамырмен көмейге жетсе ыстығы көтеріліп, тағат-ғибатшыл болғысы келер. Көз сол рухтың қуатымен көре алар. Құлақ та соның ықпалымен ести алар. Бәлкім жалпы еезімдердің бәрі де, сол рух деп қуаттанар. Сонымен рух-хайуанның мысалы – шыраққа ұқсар. Шырақты қараңғы үйге қойса қараңғылықты жарық етер. Осыған ұқсас, Әзіреті Хақ, нұрлы тағаланың құдіретімен рух хайуани денеде болмақпен бірге көру, есту және басқа да сезімдер арқылы қуатқа ие болар. Егер бағзы тамырға тоған байлап, рух-хайуани сейілге шықса, ол түрлі ісәрекеттерден қалып, қураған шөлге айналар. Сонымен рух-хайуани — шырақтың отына ұқсас, ал діл — пілігіне ұқсас. Сондықтан шырақта май болмаса шырақ өшер. Осыған ұқсас адам ішіп-жемесе хайуани-рух халі нашарлап, жеңіліске ұшырап, адам өлімге тап болады. Шырақтың пілтесі май талап еткен сияқты, хайуани-рухы да ішіп-жеуді талап етер. Сол сияқты шыраққа таяқ немесе тас тисе ұшып түсер. Егер пілік пен майы орнында болса жанады. Осыған ұқсас адамға, хайуанға қатты зақым жетсе, оның себебінен өлер. Егер рух хайуанидың сипаты тағат-ғибадатта болған күнде де, рух-хайуани қуатпен сезім әрекеттерін Хақ нұрлы Алла тағаланың жол дәстүрімен, аспан періштелері – нұр сәулесі арқылы қабылдар. Уақытымен рухи-хайуани мінез- сипатындағы ыстықтық үстемдігі, не болмаса суықтық қасіретінің көбеюі, басқа себептердің басымдығымен періштелер нұрын қабылдауға мүмкіндігі болмай қалар. Сол себептен айнадай анық, болса, барлық суреттерін қабыл қылар. Уақыты өтіп шаң басса, қараңғы күңгірт тартса, ешқандайда суретті қабылдай алмас. Рух-хайуани періштелер нұрларын қабылдауға, бар қалыбымен ғибадатта болуы шарт. Уақыты жетіп рух-хайуани әдеті жоғалса періштелер нұрларын қабылдай алмас, сезім әрекетінен де қалар. Сонымен адам мен хайуандардың өлгені осылар болар. Бұл рух хайуани әдеттерін қатардан шығарылып тасталудың себептерін іске асырушы, Алла тағала Махлуқатының махлұғы оны «мәләкул мәуіт» деп атар, халайық содан біліп алар. Рух ақиқатын танымаған жағдайда хайуанаттың өлгенінің мағынасы осы болар. Жалпы адамның өлуі және бір себеппен болар. Өйткені адамда рух-хайуани бар ғой. Және бір рух бар екен. Оны рухи адами деп атағанбыз. Және оған діл деп ат қойдық. Өткен тараулардың кейбіреулерінде баяндаған болатынбыз. Алайда, рух-адами – рухи-хайуанидан емес. Рухи-адами жасайды, яғни дене емес. Сондықтан тағдырды қабылдамайды. Хақ тағаланың ілім-білім мағрупаты рухи-адамида қарар табар. Хақ тағала жеке дара болғандықтан, ілім үлесін қабыл қылмас. Даралардың мағрипат ілімі де жеке болмақ. Ілім үлесін қабылдамас. Хақ тағаланың мағрипаты ілім үлесі өзінде ғана қарар табар. Сонымен пілік, шырақ оты, нұр шырақ, бұл үшеуін байқап көргін: пілік – ділдің мысалы, шырақ оты – рухани-хайуанидың мысалы, шырақ нұры — рухи-адамидың мысалы. Сондықтан шырақтың нұры, шырақ отынан абзалырақ. Оған анықтаманың керегі болмас. Рухи-адами да осыған ұқсас – рухи-хайуаннан артығырақ үлес тарату оған жол таппас. Бұл мысал рухи-адамидың маңызы мен нәзіктігіне назар салмақпен анықталар. Және бір себеппен, бұл мысал анық дәлелденбес. Шырақтың нұры шыраққа бағынышты және оның шашыраған шапағаты бұтақ тармағы сияқты. Уақыты келіп, оның әсілі, негізі жоқ болса, одан тарайтын нұры да жоқ болар. Сонымен рух-адами, руххайуаниға тәуелді емес. Анығы рух-адами жоқ болмас, бәлкім, мұны қаласаң иман нұрын жоғары етерсің, шырақтың нұрынан жақсырақ болсын десе, шырақтың бір жағы ол нұрмен болғай. Ол уақытта бұл мысал дұрыс келер. Ал рухи-хайуани – рухи-адамидің қызметкері сипатты. Уақыты жетіп рухихайуани жоқ болса, өлсе – солай болмақ. Онда бәрібір рухи-адами өз жайында қалар. Бірақ қызметкерсіз әлсіздікте болар. Ал қызметкердің өлуі, хал-жағдайын нашарлатқанымен, атқа мінерлері де түгелдей жоқ болмас. Сонымен рухи- хайуани, рухи-адамиға куш-қуат беретіндерден екен. Хақ нұрлы Алла тағала, мағрипат ілім-білімін көсем басшы еткей! Егер мағрипат көсемін қолға берсе хал жағдай және қызметкерлері жоқ болмағы, рухиадамиға жақсылық болған артықшылықтан құтылар. Бұл жайлы Әзіреті расул акрам: «Өлім – болмысқа сауға да тартуда» депті. Сонымен кісі әрбір демін сайдтік үшін (көсемдік үшін) сақтар. Уақытымен сайдтік қолға келсе, демінің таусылып жоқ болуын ғанибет деп білер. Егер Алла тағаладан пана тілемек, сайдтік қолға келместен ілгері (бұрын), бұл жағдайға сай қызметі болмаса, оның қасіреті мен күнәсіне шек жоқ. Бұл ғалам қасірет- азабы қабірінің алғашқысы болар.
Имам Ғаззали