Ақыл еркіндігі қателіктері
Бүл ақыл еркіндігіне қол қою өз алдына бір мәселе. Хақ тағаланың әр бір жарлығынан шағатындардан екен. Ал бүл мәселенің қате болмағы білімсіздіктен пайда болар.
Әуелі негіз- көптеген білімсіздіктен құралады да, Хақ тағалаға иман келтірмеуге тіреледі. Хақ тағаланыда көзбен көріп қолмен ұстап көруді талап қылар. Оның мекенсізде тұлғасызда екенін білместен, көзбен көргісі келер. Жалпы жаратылыс ақуалын жұлдыздармен табиғатқа байланыстырар. Олардың айтуынша адам мен жан-жануарлар – барлық жаратылыстағы құбылыстар өздігінен жаралған өзінше пайда болған дейді. Әр уақытта пайда бола бермек дейді. Ия бәрі де о бастан табиғи, өзінше пайда болар және біреудің себебімен пайда болар деп бар даусымен жариялар. Сондықтан бүл топтағылардың мысалы — бір сауатты жазылған кітапты көріп бұл кітапта өздігінен пайда болған дегенге ұқсайды. Турасын айтса, бұл ғаламның жаратылуына іңкәрлығын ғана аңғартар. Адамдар бұл жағдайға бой ұрса бақытсыздықтан өзгені көрмес Табиғатшылар мен жолдасшылардың қате көзқарастары жоғарыда баяндалды.
Екіші негіз – ақыретті қаламаушылар. Олардың айтуынша, адам жанжануар және өсімдікке ұқсас. Уақыты жетіп өлсе жоқ болар. Оған сауап та азап та болмас. Ал бұл білімсіздер өз жаратылысына сәйкестендіріп өздерін әрбір жәндік немесе өсімдік қатарында санар. Ол топтағыларда адам ақиқаты жайында айтылғанымен, оны танымайды, ол рух мәңгібақилық өлмейтіннен екенін білмес. Денеден ол рухты алады, оны өлім деп атайды. Бүл сөздердің ақиқатын төртінші тарауда баяндағанмын, иншалла Алла Тағала.
Үшінші негіз – бұл білімсіз топтар. Құдай тағаламен ақыретке иманы кәміл болар, бірақ шариғат мән-мағынасын білер емес. Олардың айтатыны – ғибадат және күнә оның кеңдігіне барабар. Бұл жағдайды Құранда көрмейді ме екен Хақ нұрлы Алла тағала «Фитир» сүресінің 18-ші аятында және «Анкабут» сүресінің 6-шы аятында: «Кісілер өзін күнәдан пәк ұстапты, бұдан өзге емес те, өз жаратылысының мән-мағына қасиеті үшін күнәдан өзін пәк ұстапты. Адамдар кәпірлермен күрес істепті. Бұдан басқа ештеңе де емес, өз жаратылысының қадір-қасиеті үшін күресіпті және олар жолдарын туралаушылардан, тек өз жаратылысының қадыр-қасиетін істер. Яғни, бұл қылған амалдарын қиямет күні өзі көрер. Ал бұл сияқтылар шариғатқа теріс қарайтындардан».
Кейбір күмәнданатындар, қызметті – кісі Құдай үшін істер, өз табиғатынан істемес дейді. Бұлар, мысалы, сондай ауруларға ұқсар — өзі күтінбесе, тәуіптің айтқанын істеу-істемеуден тәуіпке келетін не зиян бар дейтіндерден. Бұл сөзі шындық, бірақ күтінбегені – аурудың асқынуына себепкер болушы, ал тәуіп сауығудың жолын көрсетуші және оны дәлелдеп беруші ғой. Сондықтан дәріні жеу-ішумен қатар, күтіну – дененің саулығына себепкер. Тағат қылмақтан ілімділік пайда болса, күнә істеуден сақтанып күтіну – ділдің саламаттығына себепкер болар. «Шуара» сүресінің 88-89 аятында: «Ол күнде мал дәулеті пайда бермес егер Алла құзырына таза келген кісілерге ғана пайда берер» депті.
Төртінші негіз – бұл топтың өкілдері шариғат үкімдерін білмейтіндерден тұрады. Олардың айтуынша шариғат үкімі ділден – шаһуат пен ғазап ашуды және екіжүзділікті босату шарт дейді. Ал бұл сөздер дүрыс деуге болмайтын және орындалмайтын қыйын үкім. Сипаттап айтсақ, олардың бұл сөздері қара киізді жуумен арту керек дегенге үқсайды. Бұл болмайтын сөз, бұл білместік және ақымақтық деуге болады. Шариғат бұндай іске жарлық бермейді. Ал шариғатты жарлығы «шаһуат пен азаб ашуды – ақылдың тұсында тұтқын етіп ұстау керек» дейді. Шариғатқа ақылға басым болмасын және көсемдік жасамасын дейді. Ал пенде шариғатты әр дайым есінде сақтағаны ләзім және күнәхарлықтан сақтанғаны жөн. Сонда ғана Хақ Тағала кешірімді болар. Бұл істерді орындайдың мүмкіндігі бар. Көп адамдардың бұл мәртебеге қолы жеткен, Әзіреті Расул Акрам саллалаху алайхи салям: «Адамдардың ойында ашу ғазабы, шаһуат шабыты болмаса қатын құрлы емес. Мен де адаммын, ашуланамын кейбір адамдар ашуланғаны сияқты» депті. Алла Тағала «Әл-и имран» сүресінің 137-ші аятында: «Сіздерден де ілгері көп жолдар – тәжірбиелер өткен. Ал жерді айналып жұріп Алланың дінін жалған дегендердің жаман салдарының қандай болатынын бір көріңдер» деп хабарлапты.
Алла тағала ашуын жұтушы, халықтың күнәсін кешірушіні мадақтапты. Тегінде ашусыздарды мадақтамапты.
Имам Ғаззали