Аз-Заһабидың берген бағасы

Аз-Заһабидың берген бағасы

Аз-Зәһаби өзінің «тәзкират әл-хуффаз» атты еңбегінде Әбу Ханифа, имам Малик, Әузағи мен Суфян әс-Сәурилер (Алла оларды рақымына бөлесін) туралы көлемді мәліметтер бере келе, олардың өмір сүрген кезеңін – ислам ілімдерінің ерекше қарқын алып, дәурендеген заманы деп есептеген. Зәһабидың еңбегінде келген деректерден қысқаша мынадай қортынды шығады:
1. Әбу Ханифаның (Алла оны рақымына бөлесін) ілімі Құран, хадис, фиқһ және тіл білімдерін терең қамтығандығы.
2. Әбу Ханифа (Алла оны рақымына бөлесін) хаидс іліміне белсене кірісіп, тіпті хадис жинау үшін ұзақ сапарларға да шыққан. Ол кезеңде фиқһ ғалымдарының Құран мен хадис ілімінен басқа айналысатын саласы болмағандығын да айта кету керек.
3. Әбу Ханифа Куфадағы Әли ибн Әбу Талиб пен Ибн Масғудтың (Оларға Алла разы болсын) ғылыми мұрасын ең жақсы сақтаған тұлға.
4. Әбу Ханифа – сол кезеңдегі әйгілі он ғалымның бірі болатын. Олар: Әбу Ханифа, имам Малик, әл-Әузағи, әс-Сәури, Ләйс, Ибн Ғуяйна, Мағмар, Шуғба, Хаммад ибн Зайд, Хаммад ибн Сәлама (Алла оларды рақымына бөлесін) секілді Құран мен сүннет ілімдерін терең меңгерген әйгілі ғалымдар еді.

276 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 160-161бет. 277 Маканат Әби Ханифа фил-хадис, 121-122-бет. 278 Маканат Әби Ханифа фил-хадис, 122-бет.

5. Әбу Ханифа – өз кезеңіндегі Фиқһ саласының шыңына көтерілген бірден бір ғұлама әрі мұжтаһид ғалымдардың алды болатын.
Бұл – қатардағы қарапайым ғалым емес, әйгілі ислам тарихшысы, хадис саласының ғалымы әрі сыншысы имам әз-Зәһабидың берген бағасы.279

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *