Адамға сый – діл гауһары

Адамға сый – діл гауһары
Жоғарыда айтылғаннан діл гауһарының шарапаты және ұлықтығын білдің. Енді сол ғазиз гауһарды саған кім берді жөне денеңе кім пайда қылды? Сол қымбат баға гауһарды талап қылмасаң құралақан бос қаларсың. Бұл жағдай өзіңе ісгеген қиянат және зиянкестік болар. Жадыңда болсын, діл гауһарын қалап, дүниенің сан түрлі оны-бұнысының парқын ажыратып, шарапатын кемелдендіре біл. Ділдің ақыреттегі іззетшарапаты сол болар – оның өлшеусіз мәңгі бақилығы, есепсіз құдіреттілігі және шүбасыз білімділігімен Хақ тағаланың жамалын көрмектік. Жалпы, ділдің бұл ғаламдағы шарапаты сол – ділдің ақіретте іззет шарапатын көрмек-ті. Оны табуды лайықты істермен қолға түсіргейсің және бұл күндерде адамнан сорлы бейшаралау нәрсе жоқ шығар – аштық пен сусау, ыстық пен суық, бейнет пен қасірет қайғылардың тұтқыны деуге болады, Әр нәрсе оған ләззат, рахат кейде зиянды да жеткізеді. Олардың ақыры ренжу, машақаттар болып шығар.
Сонымен, әр кісінің ізеті мен шарапаты ілім және күш- қуат құдіретімен, не қымбатымен не болмаса сұлу сипат суретімен болар. Адамның іліміне назар салсаң, одан азапты жоқ. Егер көмейдегі бір тамырға зиян жетсе, қатерлі хал болар, оның ләжі не болар? Егер оның қуаты мен қүдіретіне қарасаң, одан әлсіз нәрсе жоқ, егер маса-сона тұмсығын қадаса ұйқысызданып бей-жәй болар. Егер оның қымбаттығына назар салсаң, тағамнан бір ноқат сияқты нәрсе зардап жеткізсе, ренжу болар. Егер жамалы мен суретше назар салсаң, халі мүшкілдерден. іші толы бір былғаныш, екі күн өзін жумаса кір-қоңдылықтан рәсуә болар.
Хикаят. Бір күні шайық Әбу-Сайд сопыларымен сейілге шығып бір жерге жетеді. Әжетхана қыйын сол жерге шығарып тастаған еді. Сопылар мұрындарын ұстап беттерін бұрып тұрды. Шайық біраз басын төмен салып тұрды мүридтеріне қарап: «Бұл лас нәжістердің маған айтқан сөзін естідіңдер ме?» деді. «Аңғармадық» деп жауап берді мүридтері. Шайық айтты: «Бұл нәжістің маған айтқаны, мен кундіз-түні әр түрлі әсем безендірілген күйімде сатушылар мен аспаздардың алдында тұратын едім, сіздер қалталарыңыздан динар, дирхем теңгелерін беріп, мені қолға түсірдіңіздер. Сіздерменен бір түн де сұхбаттас бола алмастан, бұл халге түстім. Менің сіздерден қашқаным жөн бе, я сіздер менен қашасыздар ма?» деді. Мүридтер бұл істерден қатты қынжылды.
Сонымен ақиқатына келсек, адам бұл ғаламда есепсіз олқылық, әлсіз шарасыздықтан, опасыздықтан құры емес және оның барар жайы қияметте болар. Егер бақыт химиясын көңіліңе алсаң, оны амал қылсаң, хайуандық мәртебесінен періштелік мәртебеге көтерілерсің. Ал егер дүниеге көңіл қойсаң, қиямет күні ит пен доңыздан жаман боларсың. Саған айтарым, ғаріптер топырақ болып, тозақ азабынан аман, тыныш болар екен. Ал күнәлілер, тозақ азабына тап болады екен. Сондықтан шарапат жолжорығын таныдың. Енді кемшілік, бейшаралығыңды да білгейсің. Ілімбілімнің пайда болуы – Хақ тағала ілімдерінің кілті. Енді өзіңді танымаққа лайықты айтылған сөздер, жеткілікті шығар. Бұл кітап қысқаша болғандыктан бұдан артық талдауды көтер алмас.

Имам Ғаззали

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *