Адами рухтың ақиқаты
Осы кезден біліп алғын, хайуани-рух – бұл ғаламдық төменгі дәрежедегі тән түзілісі болар. Шығыт тастындылары төртке бөлінеді: олар – су, от, топырақ, жел-ауа және әуестену әдеті (яғни қалауы) сол сияқты қан, қақырық, запыран, жалқық. Сонымен су, от, тонырақ, ж ел және қалау қалпы қызығу, әуестену әдеті, әр түрлі де, бір-бірімен сабақтас болмақта. Ыстықтық пен суықтық, ылғалдық пен құрлық, мығдарлық өлшемінің ара-қатынасы тәуіп, дәрігерлік іліміне қажет болады. Бұл төртеуінің орта дәрежедегі арақатынасы ыстық және суық, құрғақтық пен ылғалдылық тең түсуі — орташа, жағымды делінеді. Орташа ұстамақпен хайуани-рух қалыбын (сипатын) сақтай білу керек. Бұл адамиға-рухқа қызмет етіп, күш-қуат беретіндерден болар. Сонымен адами-рух, бұл ғалам сапындағылардан емес. Бәлкім, жоғарғы ұлық, ғалам періштелер жауһарынан болар. Бұл ғалам да рухы тән шахарында ғаріп-мүсәпірлерден, бірақ бұл адами-рухқа ғаріптік себебінен ақырет сапарына қажетті заттарын дайындап берер. Сол себептен де Хақ тағала Бахара сүресінің 38-аятында, 71-72-аяттарында: «Бұл – ақиқат, адамды топырақтан халық етіп жаратқан мен боламын. Уақытында дайындап адам жасайтын, адам денесіне өз рухымды пайда қылдым» дейді. Міне, бұл аяттарда екі рухтың бар екендігіне ишарат бар. Біреуін алғаш, яғни лайға қарығанда пайда қылыпты. Және оның жаратылыс қалыбына бұл ғибаратпен бірге жақсы хабар жіберіп, оны шын мәнінде, жан-жақты дайындадым депті. Міне, қалыпқа түсіру деген осы болар. Одан кейін рухиды өзіме тән дейді. Бұның мысалы сол болар. Бір парша матаға от тұтатпақшы болсаң, әуелі ол матаны отты қабылдауға жақсылап дайындау қажет, одан кейін матаны отқа жақын келтіріп үрлер, содан кейін ғана от тұтанар. Хайуани-рухқа да сипат қалыбы қажет, және тәуіп-дәрігерлік ілімінде ол рухидың қажеттілігін біледі. Осы жолмен аурудың алдын алып, өлім қаупінен аман сақтайды. Осыған ұқсас адами-рухтың ақиқаты діл болар. Оның да қалыбы бар. Жақсы ғибадат және ұқыптылықпен шариат жолы арқылы оны білуге болады. Өйткені, шариат адами-рухды бір қалыпта сақтар. Оның саулығына себеп болар. Бұдан кейін мұсылмандықтың ұлық дәрежесін баяндаймын. Кісілер ақиқатында адами-рухты білмесе, ақыретті де зеректік парасатымен тани алмас. Хақ тағаланы танымақ та мүмкін емес. Өз жаратылысын танымақ — ақыретті танымақтың кілті болар. Діннің негіз әсілі — иман келтіріп, Алланы тану мен ақыретті тану болар. Осы тұрғыдан алғанда бұл ілімді жан-жақты талдадым. Жалпы адами-рух ұлықтығының бір сырын баян еткенім жоқ. Себебі оны баяндауға рұқсат жоқ. Ол ешбір жанның да пайымына сыя бермес. Хақ тағаланы танымақ және ақыретті танымақ — бәрі осы бір әсілге байланып қойылған. Қиыншылықта, оны жеңу қайратының тарихымен ғана ол әсілді білерсің. Егер біреуден естісең оны қолға түсіріп тұта алмассың. Ал халық Алла тағаланың өлшеусіз бұл сипатын аңғарған-ды, бірақ сене берме. Бұл сипат адам болмысында бар екеніне қалай сенесің? Бәлкім, ол сипат Хақ тағаладағы жаратылыста бар екеніне аят, хадистен айдан анық дәлел жоқ болар. Пайым ақылына сыймаған сөзді, халық естумен ғана іңкәр болар деп Пайғамбар Әлейһумус салам: «Адамға ақыл және пайымына сыятын сөзді айтыңдар» депті. Әнбиелердің кейбіреулеріне уақи хабар келіпті: «Сипаттарымнан халайықтың пайымына сыймайтынын баяндамаңдар. Тек пайымы жететінін ғана айтыңдар, егер пайымы жетпей іңкәр болса, өздеріне зиян болар».
Имам Ғаззали