Июдейге қызыңды берер ме едің?
Сол уақыттарда Куфада дәулетті біреу хазірет Османды (р.а.) яхуди дейді екен. Ғалымдар қаншама рет олай айтып, былай айтып, оны пасық ойынан қайтара алмайды. Ешқандай нәтиже шықпаған соң келіп жағдайды Әбу Ханифаға жеткізеді. Әбу Ханифа байға барып:
– Саған құдалыққа келдім. Алланың әмірі, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шешімімен қызыңды айттырамын, – дейді.
– Кімге? – дейді бай күтпеген «құдаға».
– Өте тақуа бір адамға. Дәулет десе дәулет бар, білім десе білім бар. Өзі Құранның хафызы. Жомарттығында шек жоқ. Түні бойы ғибадаттан бас алмайды. Алладан қорыққаны соншалық, бір сәтке де көздері жастан құрғамайды…
– Жетер-жетер. Осы қасиеттердің бірін ғана иеленген адамның өзіне қызымды қазір беруге дайынмын.
178 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 210-бет
179 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 216-бет
– Бірақ, бір кемшілігі бар, – дейді Әбу Ханифа, – июдаизм дінін ұстанады.
– Құдай сақтасын! Басқа адамды таппағандай менің қызымды қайдағы бір яхудиге бермек болдың ба? Мені кім деп тұрсың өзің? имам ның да күткені осы еді. Жұлып алғандай байға былай дейді:
– Сен бір қызыңды яхудиге бермегенде пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі бірдей қызын яхудиге қалайша бермек? Осыны ойладың ба?
Бай сөздің төркінін сонда ғана түсініп, тәубе еткен екен180.