Әһли сүннет жамағаты

Әһли сүннет жамағаты

С: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтыс болған соң, Ислам дінін ұстанушылар неше топқа бөлінді?
Ж: Барлығы 73 топқа бөлінді, оның атақтылары үшеу.
С: Олар қайсылар?
Ж: Әһли сүннет жамағаты, шиға және муғтазилит.
С: Осы үшеуінің қайсысының сенімі хақ?
Ж: Әһли сүннеттің сенімі хақ.
С: Біз қайсы топқа жатамыз? Ж: Әһли сүннет жамағатындамыз. С: Біздің сеніміміз қандай?
Ж: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі және сахабалары дінге қандай көзқараспен қараса, біздің сеніміміз де дәл сондай және еш өзгерген емес. Осы кітап та дәл сол әһли сүннет бойынша жазылған және әрбір мәселесі дұрыс.
С: Шиғаның көзқарасы қандай?
Ж: Олардың сенімдері әһли сүннетпен кейбір мәселелерде сәйкеседі, ал кейбір мәселелерде қайшы келеді. Мысалы, әһли сүннет Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кейін таққа отырған сахабаларды мойындайды, ал шиғалар Пайғамбарымыздан кейін Әли, одан кейін оның балалары халифа болуы керек еді дейді, ал қалған үш халифаны мойындамайды.
С: Мұғтазилиттердің сенімдері қандай?
Ж: Олардың сенімдері әһли сүннетпен кейбір мәселелерде ғана сәйкеседі, өйткені олар көп жағдайда өз ақылдарына сүйенеді де, шариғат үкімдерінің өз ақылына сыймаған жерлерін мойындамайды, шариғатты да өз ақылдарына сай етіп алған. Мысалы, олар мәйіттің қабірде тірілетіндігіне, сұрақ-жауап алатын періштелерге, мәйіттің қабірде азап немесе рахат табатындығына, сират көпіріне, адамдардың істеген амалдары амал таразысымен өлшенетіндігіне және Алла тағала жәннатта болған кісіге көрінетіндігіне және т.б. мәселелерге сенбейді.
С: Әһли сүннет жамағатындағы адамды кім деп атайды?
Ж: Сүнниттер деп атайды.
С: Шиға сеніміндегілерді кім деп атайды?
Ж: Шииттер (қызылбас) деп атайды.
С: Муғтазилиттерді кім деп атайды?

Ж: Муғтазилилер деп атайды.
С: Шииттер мен мұғтазилилер мұсылман болып есептеле ме?
Ж: Дін Исламның хақ жол екендігіне иман келтіргендігі және құбылаға қарап намаз оқығандығы үшін олар мұсылман. Бірақ кейбір мәселелердегі терістіктері үшін күнәһар, оларды ешқашан да кәпір деп айту дұрыс емес. Себебі, олар Алланың барлығына және бірлігіне сенеді, Мұхаммед (с.ғ.с.) Оның елшісі екендігіне сенеді, сондай-ақ, Құран Алланың сөзі екендігіне күмән келтірмейді.
Ертеде олардың өз ішінде түрлі қате сенімдегілер және бұзық мәзһабтағылары көп болған. Ал қазір олар азайған. Ал егер олардың арасында күпірлік көзқарастағылары шықса, кәпір деп үкім айту дұрыс болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *