ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН: «РЕСЕЙ 1905 ЖЫЛЫ АЛҒАШ РЕТ ЖӘНЕ СОҢҒЫ РЕТ ЕУРОПА БОЛДЫ»

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН:

«РЕСЕЙ 1905 ЖЫЛЫ АЛҒАШ РЕТ ЖӘНЕ СОҢҒЫ РЕТ ЕУРОПА БОЛДЫ».

 

1905 жылдың тамызында II Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. Бірақ, ол манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға жəне сайлануға құқығы жоқ болатын. Бұл жайт қазақтардың арасында наразылық туғызып, қазақ зиялылары өз өкілдерін депутаттыққа сайлау керектігі жөнінде батыл талап қоя білді.

Мұрағат құжаттары бойынша, «Ресейдің I-ші жəне II-ші Мем- лекеттік Думаларына қазақтардан бар-жоғы-12 адам сайланған» деп көрсетілген. Сол алғашқы депутат болып сайланған қазақ зия- лылары кімдер еді..?

Тарихқа көз жүгіртсек, XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында қазақ даласында Ресейдегі саяси партиялардың филиалдары ашыла ба- стады. 1905-1906 жылдары сол кездегі қазақ қалаларында «Кадет»,

«Народная свобода», «Социал демократтар» жəне т.б партиялар ресми түрде тіркеліп, өздерінің үгіт- насихат жұмыстарын жүргізіп тұрған. Ішкі Ресейдегі толқулардың екпіні қазақ қалаларын да шарпып, патшаға қарсы ереуілдер мен шерулер Орал, Перовск, Ақтөбе, Петропавл жəне т.б. қалалардағы өнеркəсіп орында- рында, темір жол жұмысшылары арасында жиі болып отырды. Міне, осындай алашапқын кезде Мемлекеттік Думаға сайлау бо- латыны туралы заң шыққаны қазақ арасына да жетеді. Өздерін теңгермей, жартыкеш санап жүрген үкіметтің енді елдің басты заң шығарушы органының мүшелігінен орын бермегі қазаққа жақсы жаңалық əкелген хабар болды. Ресейдің І жəне ІІ Думасына қазақ депутаттарының сайлануы елдің рухы мен еңсесін ғана көтеріп қойған жоқ, оның зиялы қауымын саяси тұрғыда шыңдай түсті. Ен- дігі жерде, Думада үкіметке ықпал етудің жаңа мүмкіндіктері пай- да бола бастады. Яғни, 1905 жылы Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы еліміздегі бұқараның саяси сана-сезімінің өсуіне ықпал еткенін білеміз.

Соның нəтижесінде, 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қа- зақтардан Торғай облысынан – Ахмет Бірімжанов, Уфа губер- ниясынан – Сəлімгерей Жантөре, Орал облысынан – Алпысбай

 

 
   


Қалменұлы, Астрахань губерниясынан – Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан – Шəймерден Қосшығұлұлы, Семей облысы- нан Әлихан Бөкейхан сайланды. Бірақ, Ресейдің I Мемлекеттік Ду- масы небəрі 73-ақ күн жұмыс істеді. Артынша, 1907 жылы II Мем- лекеттік Думасы жасақталғанымен, ол Думаның да қызметі ұзаққа созылмай, небəрі 104 күн ғана жұмыс жасады.

І Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы

 

Бірақ, жергілікті биліктегілер сайлау науқанын ұйымдастыруды көп уақыт қолға алмайды. Тек, халықтың қысымымен ғана ол мерзімінен əлдеқайда кеш басталады. Тіпті, аумақтық бөлініске келгенде де, барынша əділетсіз болады. Мəселен, қазақ даласының Ақмола, Семей, Торғай, Орал губернияларына бөлінген 10 депутаттық мандаттың бүкіл халықтың 70% құрайтын қазақтарға 4-еуін, ал  30%  құрайтын  орыстар  қоныстанған  қалаларда  6-уын ғана береді. Осылайша, уақтылы өткізілмеген сайлаудың ұзаққа созылуының кесірінен, қазақ депутаттары тым  кеш  қалып, Думаның жұмысына алғашқы күннен қатыса алмайды. Мəселен, А.Қалменұлы, А.Бірімжанұлы Санкт-Петербургке Дума ашылғаннан кейін бір жарым ай өткен соң келсе, Ә.Бөкейхан оның жабылуына біраз күндер қалғанда ғана жетеді. (себебі, Дала гене- рал губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.) Дегенмен, қанша жетіспе- ушіліктері болса да, бұл қазақ даласында демократиялық жолмен

 

өткен тұңғыш сайлау еді. I-ші Думаға қазақтар арасынан 8 депутат қана сайланды. Соның өзінде де, қазақ депутаттары белсенділік танытып əртүрлі комиссияларға мүше бола алды. Жоғары білімді заңгер Ахмет Бірімжанов –əскери дала соттарын жою жөніндегі заң жобасын жасау комиссиясына енгізіледі. Ол Алпысбай Қалменов екеуі жоғарғы үкімет орындарына қазақ жеріне қоныс аударушы- ларды орналастыру барысында заң бұзушылық əрекеттер жасалып жатқаны жөнінде сұрау салады. Бақытжан Қаратаев хат хабарлар- ды реттеу, ар-ождан бостандығы комиссиясына, ал Мұхамеджан Тынышбаев аграрлық комиссияға мүше болды. Қазаққа қатысты заң жобалары мен мəселе талқыланғанда ұлт мүддесі айтылуы үшін Мұсылман фракциясы жанындағы бюро жұмысына Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай белсенді түрде араласты. .

 
   


Патша I-ші Думаны өктемдікпен таратқанда, оған сайланған депутаттар қарсылық білдіріп, Выборг қаласына жиналады. 182 де- путат қатысқан бұл оппозициялық жиын тарихта «Выборг үндеуі» деген атаумен қалды.

ІМемлекеттікДумадағыкадетпартиясыдепутаттарының фракциясы. І Думаның күштеп таратылуына наразылық ретінде “Халыққа — халық өкілдерінен” атты әйгілі “Выборг үндеуіне” қол қойғаннан кейін. Оңнан солға қарай үшінші тұрған — Әлихан Бөкейхан. Териоки, Выборг (Финляндия), 1906 жылдың 9-10 шілдесі.

 

Жиналғандар патшаның əділетсіз шешімін айыптап, оның жүгенсіз істерін əшкерелеуге тырысты. Бұл II Мемлекеттік Думаға қазақтардан 7 депутат сайланған. Олардың кейбіреулері (Ш.Қосшығұлұлы, А.Бірімжанұлы, Б.Құлманұлы) екі рет сайла- на алды. Ал, Ә.Бөкейхан «Выборг үндеуіне» қол қойғандықтан, үкімет оны қуғынға ұшыратып, қылмыскер атандырды, ал заң бойынша, ол депутаттыққа кандидат бола алмады…

Егер де, тарихи-саяси тұрғыдан əділетті сараптайтын болсақ, XX ғасырдың басында Ресейдегі заң шығарушы орган — Думаның депутаты болған қайраткерлеріміз — бүгінгі XXI ғасырдағы қазақстан парламентаризмнің бастауында тұрады. Яғни, қазақ ұлтының алғашқы парламентшілері мен Алаш қайраткерлерінің Думадағы депутаттық үшін күресін бүгінгі кəсіби Парламент ұмытпауы тиіс еді десекте, əлі күнге дейін, парламент ғимара- тының бір бұрышынан қазақтан шыққан тұңғыш депутаттарға ескерткіш-тақта да орнатылмай келеді…

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өмірзақ Озғанбай: «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан»; Жақсыбай Самрат. Егемен Қазақстан № 36-39 (24292).2006 жыл 15 ақпан;
  2. Суреттер, Болат Мүрсәлім құрастырған «Алаш Орда» фотоальбомынан алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *