Әжетханаға кіру тәртібінің сүннеттері

Әжетханаға кіру тәртібінің сүннеттері
1. Әжетханаға жалаңбас кірмеу.
2. Әжетханаға жалаңаяқ кірмеу (шәрке кию) керек.
3. Әжетханаға кірерде мына дұғаны оқу:
بِسْمِ ه اللّهُمّ إِنّي أَعوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبائِث
«Би-сми Лләхи, Аллахумма, ин-ни а’узу би-кә мин әл-хубси уәл-хабаиси!»
Аудармасы: «Уа, Аллаһ! Жын – шайтанның кесепаттарынан және барша жамандықтарынан Өзіңе сыйынамын. Мені олардан қорғай гөр»
4. Әжетханаға сол аяқпен кіру.
5. Қажетіңді отырып орындау керек. Тұрып өтеудің қажеті жоқ.
Имам әл-Ғазалидің қосқаны: «Қажетіңді өтеген тұста сол аяққа сүйену (жантаю) керек».
6. Қажетіңді өтеген тұста қыблаға жүзіңмен немесе арқаңмен қарап отырмау керек.
7. Әжетханада сөйлемеу керек.
8. Зәрдің тамшылары киімге немесе денеге тимеуін қадағалау қажет.
Имам әл — Ғазалидің қосқаны: «Дәл қажет өтеген жерге «әл-истинжа» жасамаған абзал». Біздің кезімізде, алдымен дәретті ағызып жіберіп, кейін жуыну керек, өйткені дәрет суы нәжіске түсіп, денеге немесе киімге шашырауы мүмкін.
9. Қажетті өтеп болғаннан кейін, өзіңді сумен тазартып, зәрден «әл-истибра» жасау керек.
Имам әл-Ғазалидің қосқаны: « «Истибраның» мағынасына аса үңіле берудің қажеті жоқ, себебі ол шайтанның азғыруына әкеледі, және күрделене түседі. Ал ылғалды сезген адам, жуынған суының қалдығы деп есептесін. Егер осы ойлар оған маза бермесе, онда қайтадан жуынсын, алайда шайтанның азғыруына жол бермеген абзал».
10. Әжетхана қағазымен тазаланып (біздің кезімізде), кейін сумен жуынған абзал. Және осылай жасағандар үшін, аят түсірілген:
فِيهِ رِجَالٌ يُحِبُونَ أَن يَتَطَهَرُوا وَۚاللَهُ يُحِبُ الْمُطَهّرِينَ
Мағынасы: «Онда тап – таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болуышыларды жақсы көреді» (Тәубе сүресі, 108 аят).
11. Әжетханадан шыққанда оң аяқпен шығу керек.
12. Әжетханадан шыққандағы оқылатын дұға:
غُفْرانَك
«Ғуфрана-кә!»
Аудармасы: «Кешіре гөр!»
13. Қажет өтеп болғаннан соң дәрет алу керек.
Имам әл-Ғазали айтады: «Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қажетін өтеп болғаннан кейін, бірде – бір рет дәрет алмаған кезін көрген емеспіз».
(Ибн Маджа, № 354 қараңыз) .
Әбу Әли әл-Ашари

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *