Құқықтық көмектер көрсету

Құқықтық көмектер көрсету.
1. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаттары.
2. Адвокаттың мәртебесі.

1.Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаттары.
Адвокатура азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету үшін құрылған кәсіптік, өзін өзі басқаратын ұйым. Ол құқық қорғау органы болып табылмайды, заңды бұзуға жол берген адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу құқығы жоқ, оның іс әрекеті мен шешімі жалпыға міндетті сипатта емес, алайда адвокатураның қызметі азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандқтарын, ұйымдардың мүдделерін қорғауда мағызы зор.
Адвокатураның қызметі ҚР Конституциясының 13, 16 баптарына сәйкес жүзеге асырылады, яғни әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Конституцияның 16 бабының 3 тармағында ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған әрбір адам адамның сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін алуға құқығы көзделген.
Қорғаушы — заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.
Адвокатура тәуелсіз ұйым болып табылады. Атқарушылық, сот билігінің лауазымды адамадары адвокатты, мысалы клиенттің мүддесін қорғауда оның белсендідігін азайтуға мәжбүр ету үшін ықпал ете алмайды. Адвокатураның санын, ышығыстары мен кірістерін ешкім де бекіте алмайды. Адвокатура өзін өзі басқаратын ұйым болып табылады, сондықтан ҚР Әділет министрлігі мен оның органдары тарапынан бақылау жоқ, олардың нұсқаулықтары мен әдістемелік ұсыныстарын басшылыққа алуға құқылы.
Қазіргі кезде адвокатура қызметпен айналысатын адамдардың негізгі ұйымдық бірлестігі адвокаттар алқасы болып табылады. Адвокаттар алқасының өзінің мөрі мен бланкісі, банктерде шоты бар заңды тұлға болып табылады. Алқаны құру құрылтайшылары тобының бастамасымен жүзеге асырылады. Алқаны ұйымдастыру және оның қызмет тәртібі алқа мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын оның жарғысымен айқындалады. Жаңадан қайта құрылған алқалар мен олардың жарғылары ҚР Әділет министрлігінде тіркеуге жатады.
2. Адвокаттың мәртебесі. Адвокат — міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және “Адвокаттық қызмет туралы” заңмен реттелетін адвокаттық шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лиценция алған адам адвокат бола алады.
Адвокат жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лиценция алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заңмен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы.
Адвокаттың көмекшіліре мен тағлымдамадан өтушілері болуы мүмкін. Адвокаттың көмекшілері еңбек шартының негізінде заң консультациясында, адвокат кеңсесінде немесе адвокаттық қызметпен жеке дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істей алады.
Адвокаттың көмекшілері адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершілігімен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
Жоғары заң білімі бар азаматтар ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері болып табылады. Тағылымдамадан өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы қаулысның негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Адвокат лицензия негізінде жұмыс істейді. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші ҚР барлық аумағында қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *