Құқықтық білім берудегі педагогикалық технологиялардың маңызы

Құқықтық білім берудегі педагогикалық технологиялардың маңызы
Жоспары:
Педагогикалық технологиялар мазмұны, сипаттамасы
Педагогикалық технологиялардың маңыздылығы
Педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары
Негізгі түсініктер: педагогикалық технологиялар, мұғалім ролі, құқықтық мәртебе, жауапкершілік, сана-сезім.

Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке түлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқьпу технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Оқытуды және педагогикалық қызметті «технологияландыру» талпыныстары XX гасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды. Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және эргономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың жаңа технологияларының оқу үрдісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес.
Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысал, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге кажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұгалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б. Ең алдымен оның себебін мүғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни әлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық және технологияларды оқу үрдісіне ендіру белгілі бір шарттарды қажет етеді. Олар:
— мүғалімнің оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі;
— оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал;
— оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;
— оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы.
Оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологиясын жобалау және ендіру мүғалімдерде белгілі бір білім мен біліктердің болуымен және олардың осы білім мен біліктерге ие болуға талпыныстарымен шартталады. Көпшілік жағдайда мұғалімдер оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіру қажеттігін түсініп, технологияны қолданғысы келеді, солай бола тұра оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруға жеткілікті құзырлылығының болмағанын мойындайды. Л.В.Шмелькованың зерттеуі бойынша көпшілік мүғалімдер пікірінде педагогикалық технологиялар өзінде түрлі үғымдардың тұтас кешенін қамтиды екен. Осылайша, респондеттердің 5,2% — «педагогикалық технология» ұғымында педагогикалық техниканы, 6% — озат педагогикалық тәжірибені, 11,2% — педагогикалық шеберлікті, 15,5% — педагогакалық шығармашылықты, 17,5% — ОТҚ-н қолдануды, 25% — педагогикалық инновацияны, 27,6% — оқытудың дәстүрлі емес түрлері мен әдістерін, 29,3%,— дидактикалық жүйелерді, 31.9% — педагогикалық концепцияларды түсінген. Тек сұрағандардың ширегі ғана бұл ұғымды оқу үрдісін жобалау мен кепілді нәтижеге жетумен байланыстырған. Осылайша сауалнамаға қатысқан педагогтардың үштен бірінде педагогикалық технология туралы нақты және мазмұнды түсінік болмаған. Солай бола тұра, мұғалімдердің басым көпшілігі өз іс-әрекетінде жаңа педагогикалық технологияны қолдану қажет деп көрсеткен. Демек, оқыту үрдісіне жаңа технологияларды енгізу үшін ең алдымен оқытушыларды қайта даярлап, жаңа педагогикалық технологиялар бойынша кәсіби біліктілігін көтеруге жағдай жасау қажет және де ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар тек қана қайта даярлау үрдісінде емес, сонымен бірге тікелей кәсіби-педагогикалық әрекет барысында жасалып, бұл қайта даярлау нәтижелері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Олай болмаған жағдайда оқытушылар бұрынғыша, не оқыту технологияларын ендіруді имитациялайды, не ғылыми білімнің болмауынан технология идеяларын өзінің түсініктерімен ауыстырады, не тұтас алғанда оқытуға технологияны ендіріп жатырмын деп технологияларының жеке элементтерін жүзеге асыруы (көш жағдайда солай болады да) мүмкін.
Сондықтан да мұғалімдердің кәсіптік дайындық үрдіс оқытудың жаңа технологияларын жобалап, енгізу бойынша құзырлылығын арттыру мәселесін шешу қажеттігі туындайды.
Жоғарыда атап көрсеткендей, көп жағдайда мүғалімдер де «технология», «оқыту технологиялары» ұғымдары туралы толық түсініктері болмай, олар жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне ғылыми жобалау туралы білімдерден (принциптері, енгізу кезеңдері, т.б.) бейхабар болып, көбіне тәжірибеге жаңа педагогикалық технологияны ендірдім деп технологиялардың жеке элементтерін немесе оқытудың инновациялық әдістерін колдануы мүмкін. Сондықтан да мүғалімдердің жаңа педагогикалық технологиялармен осылайша қарулану дәрежесі технологиялардың оқу орнының педагогикалық үрдісінде маңызды рөл атқарады деп есептеуге мүмкіндік бермейді.Осыдан оқытушыларды жаңа технологияларды жобалау, ендіру бойынша білім мен біліктерінің деңгейін көтеру мәселесін шешетін бірден бір жол — арнайы курстарды ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл курстың мазмұнына төмендегі мәселелер кіруі мүмкін: педагогикалық технологиялардың даму тарихы; педагогикалық технологияларды ендіру қажеттілігі мен алғышарттары; «педагогикалық технология» ұғымының мәні мен мазмұны; педагогикалық технологиялар белгілері, оларды жіктеу; педагогикалық технологияларды оқу орнында таңдау критерийлері; педагогикалық технологияларды ғылыми жобалаудың негіздері; педагогикалық технологияларды ендірудің кезеңдері мен принциптері, олардың ерекшеліктері мен сипаттамалары; педагогикалық технологияларды ендіру нәтижелерін талдау; педагогикалық технологиялар пәрменділігі критерийлері.
Күтілетін нәтижеге осы курстарда оқу орнының бүкіл педагогикалық ұжымын тұтас оқыту арқылы жетуге болады, бұл оқу орнының бүкіл жұмысында жаңа педагогикалық технологияларды сауатты және нық қолдануға мүмкіндік береді.
Білім сапасы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде. Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді. Олар:
— мүғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы;
— қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;
—басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;
— жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;
— мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;
— іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;
— өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;
— технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.
Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді. Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мүғалім білуі керек:
— жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді;
— жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
— жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
— жаңа технологияда мүғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;
— оқушылардың жұмыс әдісін;
— оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін, мұғалім істей алуы керек: қандайда бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды;
— күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;
— әр сабақта сауатты жоспарлауды;
— оқу моделін құрастыруды;
—оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды;
— оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;
— оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;
— тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау;
— компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау;
Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы кажет:
— жаңа технологияда пайдаланатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдануды;
— түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;
— өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды;
— жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйретуді;
— педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды.
Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру — жаңаша оқытуға жеткізетін жол.
Оқу үрдісін «технологиялауда» оқыту субъектілерінің, яғни мұғалім мен оқушылардың дайындығының психологиялық аспектілері де маңызды рөл атқарады. С.И.Годник зертгеулері көрсеткендей, жеке түлға жаңа жағдайларға бейімделуде жеке және кәсіби сапаларды жүзеге асыруда, әрекеттің жаңа тәсілдеріне ие болуға байланысты қиындықтарды сезінуі мүмкін. Жаңалықты меңгеруге бүкіл ұжым құлшыныспен кіріседі деп үміттенуге болмайды, мұғалімдердің бұған деген іс-әрекеттерінде үлкен айырмашылық болады. Социологтардың мәліметтері бойынша педагогтердің тең жартысы инновациялық әрекетке бірден енуге дайын, ал қалған жартысы сенімсіздік, ұстамдылық, тіпті кей жағдайда өшпенділік те білдіруі мүмкін. Мұғалімдердің педагогикалық технологияларды енгізуге байланысты кейбір психологиялық қарсылықтары түсінікті. Олар үйреншікті іс-әрекетті өзгертуге деген қалауларының болмауымен, жаңалытгы игере алмаймын деген қорқыныштың болуымен, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қиыншылықтарымен, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігімен, т.б. шартталған.
Бұл мәселені шешуде мектепте кәсіби педагогикалық іс-әрекетті «технологиялауды» мотивациялау мен ынталандыру жүйесінің (материалдық және моральдық ынталандыру шаралары) жасалуы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал туғызатын арнайы ортаны құру және педагогикалық технологияларды жобалау мен ендіру үрдісіне білікті басқаруда көмектесуі мүмкін.
Оқу орнында технологияны ендіруге жағдай жасайтын ұйымдастыру жағдайлары туралы айтқанда жағымды ахуал, материалдық және техникалық құралдар, технологиялау процесіне әдістемелік қолдау, талап және мұғалімдер іс-әрекетін бағалау, мұғалімдердің кәсіби әрекетін технологиялау туралы білімдерін терендету мақсатында біліктілігін көтеруге мүмкіндік беру (қайта даярлау курстары, түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалануға қол жеткізу) сөз болады, яғни оқу орны әкімшілігін педагогикалық ұжым мен мұғалім жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады:
— өз төжірибесінде жұмыстың инновациялық түрлерін қолданып жүрген тәжірибелі мұғалімдермен жұмыс. Олардың мақсаты — өз жұмысына қандай да бір технологияны кезеңмен сіңдіріп, нәтижесін ұжым талқысына шығарып, сол арқылы әріптестерінде жаңашылдық үрдісіне ену, олардың іс-әрекетін қайталау тілектерін туғызу:
әрқайсына тәжірибелі тәлімгерлер бекітілген жас мамандармен жұмыс. Туындаған сұрақтарына жауап беріп, сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек, ақыл-кеңес, беретін тәжірибелі әріптеспен бұндай жұмыс әрқашан нәтиже береді;
— өз жұмысына өзгеріс енгізуге тілек білдірмеген мұғалімдермен жұмыс. Олар үшін технологияны тұтас алғанда және әрбір элементін жеке қолданудың тиімділігіне баса назар аударта отырып ашық сабақтар өткізу.
Оқу орнының әдістемелік жұмысын жоспарлауда осындай жұмыстың мысалы ретінде «Жаңа педагогикалық технологи—кәсіби даярлықта» бөлімі пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны нық қолдануға әкелетін әдістемелік, техникалық қамтамасыз етуді, кеңес беруді, диагностикалау, рефлекцияны қамтитын ұзақ кезеңді жұмыс жүзеге асырылады.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау — жұмыс сапасының негізі болып табылады. Осы орайда: «Ең еуелі мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші — оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам салы болуы;… үшінші мектепке керегі белгіленген программа», — деген ағартушы-ғалым А.Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқаймыз.
Оқу үрдісін технологияландыру — білім беру жүйесінің мүғалімнің ғылыми-әдістемелік пен қатгамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке әдістемелік жүйесі, оқу үрдісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген , көп деңгейлі , көп кезеңді үрдісі.
Қай қоғамда болсын жалпы білімнің атқаратын тарихи мақсаты — жас ұрпақ-тың дүниетанымын, оның белгілі бір мамандықты меңгеруіне іргелі негіз бола-тын жалпы білім беру. Сәл кейінге шегінсек, қазақ топырағында XX ғасырдың басында ауыл балаларын оқытудың ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін жасаған қазақ зиялылары арнайы еңбектер жазып, хат тануға бет бұрған кезде, оқу-жазу үрдісін тездетіп меңгертуде педагогика мен психология-ның алатын орны ерекше болады.
Ал қазіргідей оқытудың жаңа технологиясы дамыған заманда жеке адамды қалыптастыру үшін ұлттық мектеп, ондағы өтілетін сабақтар қандай болу ке-рек? Ауыл мектептерінің орны, оның ішінде шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін қалай жетілдіру керек? Міне, бүгінгі күнде шешімін табуға тиісті міндеттер осы болып отыр. Олай болса өз ойымызды ортаға салып бір тұжырымға келейік. Өйткені Елбасының өзі ауыл мектептеріне айрықша назар аударуы тектен-тек емес. Рас. ҚР «Білім туралы» заңы қабылданып, білім мазмұны тәуелсіздік тұрғысынан жаңғырды.
Дегенмен, мектептерде жүргізілетін сабақтарға қойылатын талаптар көп,бірақ оның тиімдісі де, тиімсізі де бар. Біздер, мұғалімдер осындай талаптарды орындаудан шыға алмай келеміз, мұның өзі педагогтердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне де кері әсері болмай тұрған жоқ.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
2. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.
3. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б
Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.
А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *