ҚР-сының ұлттық қауіпсіздік органдары

ҚР-сының ұлттық қауіпсіздік органдары.
1 .Қазақстан Республикасының егемендігі жэне үлтық қауіпсіздІк арақатынасы.
2.Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегi азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
3.Экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

1 .Қазақстан Республикасының егемендігі жэне үлтық қауіпсіздІк арақатынасы.
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады.
Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң принциптерi:
1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылықты сақтау;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң бiр-бiрiне жедел хабардар етiп отыруы және келiсiлген iс-қимыл жасауы;
3) ұлттық қауiпсiздiктiң барлық түрлерiнiң бiрлiгi, өзара байланысы және теңестiрiлгендiгi;
4) саяси, экономикалық және ақпараттық шаралардың басымдығы;
5) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi;
6) ұлттық қауiпсiздiктi қорғау жөнiндегi iс-әрекеттiң күллi жиынтығын iске асыруды бақылау болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi:
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
2) елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау;
3) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму;
4) қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу және Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайту;
5) Қазақстан қоғамының материалдық және рухани құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;
6) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң, бiрегей құрылысы мен президенттiк басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылық пен ел аумағының бөлiнбестiгiнiң бұлжымас берiктiгi;
7) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, оларды нығайту және қызметiнiң пәрмендiлiгiн арттыру;
8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының жарақталуы мен жауынгерлiк әзiрлiгiн қамтамасыз ету;
9) заңдарды бұлжытпай орындау және құқық тәртiбiн сақтау;
10) әрiптестiк негiзiнде халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп-қатерлер мыналар:
1) заңдылық пен құқық тәртiбiнiң әлсiреуi, оның iшiнде ұйымдасқан нысандарын қоса алғанда қылмыстылықтың өсуi, мемлекеттiк органдардың қылмыстық құрылымдармен астасуы, лауазымды адамдардың капиталдың заңсыз айналымына сүйеушi болуы, сыбайлас жемқорлық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу дәрежесi төмендеуiне ықпал ететiн қару мен есiрткi заттардың заңсыз айналысы;
2) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, аумағының бөлiнбестiгiне қиянат келтiретiн iс-әрекет;
3) елдiң қорғаныс қабiлетiнiң әлсiреуi, мемлекеттiк шекараның қол сұғылмаушылығына төнген қауiп-қатер, Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану, оған қарсы агрессия;
4) шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлаушылық, террорлық, диверсиялық және өзге де iс-әрекеттерi;
5) мемлекеттiк органдардың қызметiне iрiткi салу, олардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн бұзу, елдiң басқарылу дәрежесiн төмендету;
6) кез келген нысандағы саяси экстремизм, оның iшiнде әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты немесе алаусыздықты қоздыру;
7) ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан, жаппай тәртiпсiздiктерден, рұқсат етiлмеген жиналыстардан, митингiлерден, шерулер мен демонстрациялардан, заңсыз тосқауылдар мен ереуiлдерден көрiнетiн әлеуметтiк-саяси жағдайдың шиеленiсуi;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құру;
9) экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы, табиғи апаттар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар, жұқпалы аурулар мен iндеттер;
10) стратегиялық ресурстардың ел мүдделерiне кереғар пайдаланылуын, инвестициялық белсендiлiктiң артуына, соның iшiнде Қазақстан Республикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуына кедергi жасауды қоса алғанда, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, капиталды елден сыртқа бақылаусыз әкетуi;
11) демографиялық жағдайдың нашарлауы, соның iшiнде бала туудың күрт төмендеуi, өлiм-жітiмнiң көбеюi, бақылаусыз көшi-қон процестерiнiң туындауы;
12) елдiң бiлiм және интеллектуалдық әлеуетi сапасының нашарлауы;
13) елдiң ұлттық мүдделерiн қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жетiлдiрiлмегендiгi немесе болмауы.
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi және оның негiзгi мiндеттерi Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде және бiрыңғай мемлекеттiк саясат шеңберiнде оны қамтамасыз ететiн, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын күштер, өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн бүкiл жауапкершiлiктi толық мойнына алатын өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар құрайды.
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп-қатердi болжау және анықтау;
2) ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп-қатердiң алдын алу мен оны зарарсыздандыру жөнiндегi жедел және ұзақ мерзiмдi шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асыру;
3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштердi құрып, әзiрлiкте ұстау;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жалпыға бiрдей және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысу болып табылады. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiне:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құрамалары;
2) ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, сыртқы барлау, әскери және қаржы полициясы органдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, салық және кеден қызметтерi, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтерi жатады.
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштер бiр-бiрiмен заңдарда белгiленген шекте өзара iс-қимыл жасайды және өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша бiр-бiрiне өзара хабардар етiп отырады. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету өз құзыретi шегiнде дербес, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң өтiнiштерi бойынша жүзеге асыратын барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бәрiне мiндеттi болып табылады.
2.Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегi азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi Қазақстан Республикасы ұлттық заңдар мен халықаралық шарттарға сәйкес өз аумағындағы әрбiр адамның және азаматтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасы өз шегiнен тыс жердегi Қазақстан азаматтарына мемлекеттiң қорғалуы мен қамқоршылығына кепiлдiк бередi. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау мақсатында қажет болатын мөлшерде ғана шектелуi мүмкiн. Бұл орайда азаматтар мен ұйымдар заңдарда белгiленген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету субъектiлерiнен өз құқықтары мен бостандықтарының шектелулi жөнiнде түсiндiрме алуға құқылы. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiнде өз өкiлеттiгiн асыра сiлтеген лауазымды адамдар заңда белгiленгенiндей жауапты болады. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жәрдем көрсеткен азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттiк қолдау жасауға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды құқықтық жағынан қорғауға кепiлдiк берiледi.
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге:
1) мемлекеттiң барлық органдары мен лауазымды адамдары, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды iске асыруға заңды негiзде қатысушы азаматтар құзыретiнiң ара-жiгiн жiтi ажыратып, олардың үйлесiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ете отырып, дәйектi iске асырылатын бiртұтас мемлекеттiк саясат;
2) нақты және ықтимал қауiп-қатерге ұлттық мүдделердi қорғау жөнiнде лайықты шаралар қолдану;
3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi, олардың мүдделерiн теңестiрiп отыру арқылы қол жеткiзiледi.
Қазақстан Республикасы өзiнiң ұлттық қауiпсiздiгiн өз қолында бар барлық құралдар мен әдiстер, оның iшiнде бiржақты немесе халықаралық шарттарға сәйкес қолданылатын экономикалық, саяси, әскери, құқықтық, арнаулы (барлау, қарсы барлау) құралдар мен әдiстер арқылы қамтамасыз етедi. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету:
1) осы саладағы мемлекет қызметiнiң негiзгi бағыттарын белгiлеу;
2) ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатердi анықтау және болжау;
3) ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қатердiң алдын алу және оны зарарсыздандыру жөнiнде, оның iшiнде осы қатердi туғызушы себептер мен жағдайларды жою жөнiнде оралымды және ұзақ мерзiмдi шаралар кешенiн жүзеге асыру;
Ұлттық мүдделерге тiкелей қатер төнген, оларға қол сұғылған жағдайларда, оның iшiнде iшкi мемлекеттiк, шекарааралық және ғаламдық сипаттағы тосын және төтенше жағдайлар туындаған реттерде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi мен құралдарын жұмылдыру; ұлттық мүдделердi қорғау жөнiндегi шешiмдер мен iс-әрекеттердi дереу қабылдау, ұлттық қауiпсiздiкке қол сұғатын кез келген заңсыз iс-әрекеттердiң жолын кесу, өзге де құқық шектеу шараларын жүзеге асыру; ұлттық мүдделерге қол сұғушылыққа байланысты зардаптарды оқшаулау және жою, қалпына келтiру шаралары кешенiн жүзеге асыру арқылы ұлттық мүдделердiң қорғалуының қажеттi деңгейiне қол жеткiзу мен оны сақтап отырудан тұрады.
3.Экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Экономикалық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың:
1) Қазақстанның экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;
2) Қазақстанның дүниежүзiлiк экономикалық жүйеден экономикалық тұйықталуына жол бермеуге;
3) ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiзiн сақтау мен нығайтуға;
4) Қазақстанның геосаяси төңiрегiнде туындайтын ықтимал терiс факторлардың әсерiне байланысты мемлекет экономикасының шетiндiк дәрежесiн барынша азайтуға;
5) отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара тиiмдi ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, отандық экономиканы қалпына келтiру мен дамытуға арналған iшкi, сыртқы несие ресурстары мен инвестициялық мүмкiндiктер бағытының басымдығына;
6) мемлекеттiк бюджет тапшылығының мүмкiн болатын шектi деңгейiнен асып кетпеуге және оның кiрiс бөлiгiн нығайтуға;
7) бюджет қаражаты мен мемлекеттiк ресурстардың нысанасыз пайдаланылмауына жол бермеуге;
8) сыртқы қарыздың республикалық бюджет туралы заңда белгiленген мөлшерге қарағанда ұлғайып кетуiне жол бермеуге;
9) Қазақстан аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы қатерлi теңдессiздiкке жол бермеуге;
10) бәсекенi көтермелеу және монополизмдi шектеу жағдайында ел экономикасында қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн арттыруға;
11) экономикалық өсудi қамтамасыз етуге бағытталған шешiмдерiмен және iс-әрекеттерiмен қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн қорғау, оның iшiнде мемлекеттiң өнеркәсiп әлеуетiн сақтау мен нығайту мақсатында мемлекет шетелдiк инвесторларға берiлетiн кепiлдiктердi сақтай отырып, Қазақстан экономикасының шетелдiк ұйымдар мен шетел қатысатын ұйымдардың басқаруындағы немесе меншiгiндегi объектiлердiң жай-күйi мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының стратегиялық peсурстарын пайдалану жөнiндегi келiсiм-шарттар жасалған (өзгертiлген) кезде, осы келiсiм-шарттардың орындалуы мен олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік органның жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға iшiнара немесе толық беруiне рұқсат беруi немесе рұқсат беруден бас тартуы туралы шешiм қабылдауы кезiнде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсат беруi немесе рұқсат беруден бас тартуы кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi. Бұл ретте мемлекеттiк орган, өтiнiм берушіге осы тармақта көзделген мәмiлелердi жасауға рұқсат беруден, егер бұл бір елден шыққан бір тұлғада немесе тұлғалар тобында мұнай операцияларын жүргізу құқықтарының шоғырлануына әкеп соғатын болса, бас тартуға құқылы. Аффилиирленген тұлғалармен мәмiлелерге қатысты да осы шарттың сақталуы мiндеттi.
Мыналарға:
1) шегiнде еңбек, қаржы ресурстары мен өзге де ресурстардың еркiн орын ауыстыруы жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының рынок кеңiстiгiнiң;
2) Қазақстан Республикасының бiртұтас және дербес қаржы жүйесiнiң, соның iшiнде елдiң бүкiл аумағында ұлттық валюта-теңге айналысының;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас және дербес коммуникациялық және энергетикалық жүйелерiнiң қалыптасуы мен iркiлiссiз жұмыс iстеуi мүдделерiне қайшы келетiн қандай да болсын шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
Мыналарға:
1) Қазақстан экономикасына инвестициялардың құйылуына кедергi жасайтын;
2) теңге бағамының күрт құлдырауына, мемлекеттiң алтын-валюта активтерiнiң сарқылуына, елдiң экономикасы мен ақша айналысын тұралатып тастауы мүмкiн мемлекеттiк қарыз көлемiнiң өсуiне ұрындыратын;
3) капиталдың елден сыртқа бақылаусыз әкетiлуiне ықпал ететiн шешiмдер қабылдауға және iс-қимылға тыйым салынады және бұл жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарына (объектiлерiне) меншiк құқығының ауысуына және туындауына шектеу қояды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *