ҚР-сында құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

ҚР-сында құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру
1.Нотариат.
2.Нотариустың құқықтық жағдайы.

1.Нотариат Нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді растау, құжаттарды, олардың үзінділерін куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңда көзделген басқа да іс әрекеттерді және заңда көзделген тәртіппен орындау жүктелген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүйесін білдіреді.
Нотариаттық қызмет сотпен тығыз байланысты. Бұл сот пен нотариаттың азаматтық айналымда субъективтік құқықтарды қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі ортақ міндеттерімен түсіндіріледі. Азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауларды қарайтын соттан айырмашылығы нотариат азаматтық құқықтарды заңдық тұрғыда бекітуге және болащақта оның ықтимал бұзылуын болдырмауға бағытталған функцияны орындайды, осылайша нотариат қызметі алдын алу сипатына ие. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, олардың заңды мүдделерін қорғау нотариучтың заңда көзделген нотариаттық іс әрекеттерді жасауы арқылы жүзеге асырылады.
Нотариаттық іс әрекеттер олардың бағыты бойынша топтастырылады:
1. даусыз құқықтарды куәландыруға бағытталған нотариаттық іс әрекеттер;
2. даусыз фактілерді куәландыруға бағытталған нотариаттық іс әрекеттер;
3. борыштық және төлемдік құжаттарға атқарушылық күш беру жөніндегі нотариаттық іс әрекеттер;
4. мұралық мүлікті қорғауға, мүлікті иеліктен айыруға тыйым салуға және құжаттарды сақтауға қабылдауға шаралар қолдану жататын нотариаттық қорғау әс әрекеттері.
Нотариаттық іс әрекеттер, егер бұл әрекеттер алдын ала заңмен белгіленген ережелерге сәйкес жасалған жағдайда, даусыз құқықтар мен мүдделерді тиімді қорғауды әрі күзетуді қамтамасыз етеді. Нотариаттық іс жүргізуге қатысушылар арасында табиғаты бойынша құқық қатынасы болатын нотариаттық ресімдік, іс жүргізушілік мазмұнды қамтитын өзара құқықтары мен міндеттер туындайды. Осы құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, бір жағынан нотариаттық іс әрекет жасау кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды кепілдік береді, ал екінші жағынан нотариаттық функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Нотариаттық функция тек бір ғана нотариаттық қызмет көрсетумен шектелмейді. Фактілерді, құжаттардың көшірмелерін куәландыру және азаматтар мен ұйымдарға қатысты басқа да нотариаттық іс әрекеттер үшінші адамның құқығына, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қысым көрсетпей жасалады, яғни басқа да адамдардың құқықтары мен мүддесі, заңдылық пен құқық тәртібі қамтамасыз етіледі.
2.Нотариустың құқықтық жағдайы.
Жоғары заң бiлiмi бар, јдiлет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемiнде бiр жыл таєылымдамадан ґткен жјне нотариаттыќ ќызметпен айналысу ќўќыєына лицензия алєан Ќазаќстан Республикасыныѕ азаматы нотариус бола алады.
Ґтелмеген немесе заѕда белгіленген тјртіппен соттылыєы алынбаєан, белгiленген тјртіппен іс-јрекет жасауєа ќабiлетсіз не iс-јрекет жасауєа ќабілеттілігі шектеулi деп танылєан адам нотариус бола алмайды.
өзiне ќатысты аќталмайтын негiздер бойынша ќылмыстыќ iс тоќтатылєан, лицензиясынан айырылєандыќтан не нотариаттыќ iс-јрекет жасау кезiнде Ќазаќстан Республикасы заѕдарыныѕ бўзылуына жол бергенi їшiн мемлекеттiк нотариус ќызметiнен босатылєандыќтан нотариаттыќ ќызметтi тоќтатќан адам да осындай оќиєа болєаннан кейiн їш жыл бойы нотариус бола алмайды.
Жекеше және мемлекеттiк нотариустардыѕ нотариаттыќ ќызметтi жїзеге асырєан кездегi ќўќыќтары, мiндеттері теѕ болады. Олар ресiмдеген ќўжаттардыѕ бiрдей заѕ кїшi болады.
Баптың 1-тармаєында кґзделген лицензиясы жоќ адамдардыѕ (осы Заѕныѕ 1-бабындаєы 2-тармаќтың 2), 3) тармақшаларында аталған адамдарды ќоспағанда) нотариаттыќ iс-әрекеттер жасауы, не нотариат туралы заѕдардыѕ ґзге де талаптарын бўзып жасауы және сол iс-әрекеттерден табыс табуы Ќазаќстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *