Қаза намаздар
С: Кейбір себептермен намаздар оқылмай қалса, не істейді?
Ж: Намаздарын қаза қылады.
С: Бір кісінің қазасы болып, келесі намаздың уақыты кірсе, қай намазды бірінші оқиды?
Ж: Егер де өмірінде бірінші рет қаза қылса, әуелі қазасын өтеп, уақыты кірген намазды содан кейін оқиды.
С: Өмірінде бірінші рет намазын қаза еткен адам қателесіп уақыты кірген келесі намазды алдымен оқып жатып, есіне түссе, бұл намазы бұзылады ма?
Ж: Бұзылады.
С: Ал оқып болғаннан кейін есіне түссе, оқылған намазы дұрыс бола ма?
Ж: Дұрыс болады, басынан оқу шарт емес.
С: Қаза болған намазын оқиын деп жатқанда, уақыты кірген намазы шығып кетеді деп күдіктенсе, қай намазды бірінші оқиды?
Ж: Әуелі уақыты кірген намазды оқып, кейін қаза болған намазын өтейді.
С:Намазды себепсіз, уақытында оқымай, қаза қылу дұрыс па?
Ж: Дұрыс емес, ол үлкен күнә.
С: Егер де бес уақыт намаздың бәрі қаза болса, қайсысын бірінші оқиды?
Ж: Таң намазынан бастап реті бойынша кезекпен өтейді.
С: Қаза болған намаздардың тек парыздарын оқиды ма, әлде сүннеттерімен бірге оқиды ма?
Ж: Тек парыздарын оқиды, ал қаза болған таң намазын бесіннің уақыты кіргенше өтесе, сүннетін де оқиды.
С: Үтір намаздың қазасы өтеледі ме?
Ж: Өтеледі.
С: Айт намазының қазасы өтеледі ме?
Ж: Өтелмейді.
С: Таң, ақшам, құптан намаздарының қазасын өтегенде алғашқы екі ракағатын дауыстап оқи ма?
Ж: Егер жамағатпен оқыса, қырағатты дауыстап оқу уәжіп, ал жеке оқыса, іштей
оқиды.