Қажылардың Меккеде жасайтын амалдары

Қажылардың Меккеде жасайтын амалдары

С: Қажылар Меккеге кіргенде не істейді?
Ж: Ең бірінші Қағбаға барып, оны көргенде тәкбір және тахлил айтады. Қағбаның бір бұрышындағы Хажар Асуат атты мүбарак тасты сүйіп, берекеленеді. Қағбаны жеті мәрте айналып, сүннет болған тәуәпты өтейді.
С: Одан соң не істейді?
Ж: «Ибраһим мақамы» деген жерде Қағбаға қарап, екі ракағат намаз оқиды.
С: Одан кейін не істейді?
Ж: Зәм-зәм суын ішіп, жүздерін, бастарын және денелерін сипайды.
С: Зәм-зәм суын қалай ішеді?

Ж: Кісі көп әрі тығыз болғандықтан, зәм-зәм суын тік тұрып, құбылаға қарап үш жұтыммен ішеді.
С: Зәм-зәм суын ішкенде қандай дұға оқылады?
Ж: Мына дұғаны оқиды:

Pالل[هKم[ إleني أPسV PKئلكP eرزVقZا PواسeعZا وP eعلVمZا نPافeعZا وPشeفP Zاءا eمنV كKلl دPاءœ

Мағынасы: Я Алла! Шынында мен Сенен кең ризық, пайдалы ілім және барлық ауруға шипа сұраймын!
С: Одан кейін не істейді?
Ж: Мешіттен шығып, Сафа және Маруа деген жерлердің арасында жүреді. Бұл амалды «сағи» деп атайды.
С: Одан кейін не істейді?
Ж: Зулхижжаның сегізінші күніне дейін Меккеде болып, киелі жерлерді зиярат етеді және қалағанынша нәпіл тәуәп жасайды.
С: Одан кейін не істейді?
Ж: Сегізінші зулхижжада барлық қажылар Минаға барады. Арапа күні, яғни зулхижжаның тоғызыншы күні Арафат тауына барады. Сол жерде бесін намазының уақыты кірген кезде, имам құтба оқиды, осы уақытта бесін намазы мен екінті намазы бірге оқылады. Бірінші азан және қаматпен бесінді оқиды, кейін тек қамат айтып екінті намазын оқиды.
С: Одан соң не істейді?
Ж: Ғұсыл құйынып, Арафат тауының ортасына тоқтап, зікір және тәлбия айтады, яғни аяғымен тік тұрып қалағанынша дұғалар жасайды.
С: Содан кейін не істейді?
Ж: Күн батқаннан кейін Мұздалифа деген жерге барып, ол жерде ақшам уақытында ақшам намазын оқымай тұрып, құптан уақыты кіргеннен кейін бірінші ақшам намазын, одан кейін бірден құптанды оқиды. Кешкісін Мұздалифада отырып, таң атырып, күн ағарғанша Муздалифадағы бір тау жанында тоқтау жасап, тәлбия айтып тұрады және қалаған тілегін айтып, дұға етеді.
С: Одан соң не істейді?
Ж: Таң ағарып атқанда Минаға барып, арнайы жерде жеті рет Жамра тастарын лақтырады, әрбір тасты лақтырғанда тәкбір айтады және сол жерде құрбандық малын бауыздап, етін және терісін садақа қылады.
С: Одан соң не істейді?
Ж: Шаштарын алдырып немесе қысқартып, кейін Меккеге қайтады. Меккеде парыз тәуәпты өтеп, ихрамнан шығады. Ихрамнан шыққаннан кейін өздерінің киімдерін киеді.
С: Қажылар айт намазын қай жерде оқиды?
Ж: Минадан Меккеге қайтып жетсе, Меккеде оқиды, жетпесе, оқымайды.
Жолаушы қажыларға айт намазын оқу уәжіп емес.
С: Парыз тәуәбын өтегеннен кейін не істейді?
Ж: Қайтадан Минаға барып, он бірінші, он екінші және он үшінші зулхижжада әр күн арнайы жерлерде Жамра тастарын лақтырады.
С: Одан соң не істейді?
Ж: Қайтадан Меккеге келеді.
С: Меккеден өз еліне қайтуды ниет еткен қажылар не істейді?
Ж: Қоштасу тәуәбын жасайды. Зәм-зәм суын ішеді, қолын сулап, бастары мен жүздерін сипайды. Қағбаның қара тасын сүйеді. Қағба есігі мен Хажарул әсуад арасындағы «Мұлтазам» деген жерге беттерін, кеуделерін және қолдарын сүртіп, берекеленеді. Қағбаның пердесін ұстап, беттерін сүртеді. Қағбадан және басқа да мүбәрак жерлердіқимай көздеріне жас алады, шынайы ықыласпен қалаған тілегін айтып, дұға

жасайды, одан кейін Қағбаға қараған күйі арқасымен жүріп, Қағбадан шығады. Содан кейін Мекке шығып, қайтуға дайындалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *