Шариғат үкімдері
С: Шариғат үкімдері деген не?
Ж: Ислам дінінде сену және амал ету міндетті болып табылатын үкімдер.
С: Шариғат үкімдері қайдан алынады?
Ж: Құран және хадистен алынады.
С: Хадис деген не?
Ж: Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мүбәрак сөздері.
С: Құран және хадистен шариғат үкімдерін білу мүмкін бе?
Ж: Арабша жақсы білген адамға кейбір үкімдерді білуге болады, бірақ шариғаттың әрбір үкімдерін білу үшін мүжтаһид болу керек. Олай болмаған жағдайда, Құраннан және хадистен үкім беру мүмкін емес.