Хайыз, нифас және ауру қаны келген әйелдер
С: Хайыз және нифас мерзіміндегі әйелдер қандай діни амалдарды орындамайды?
Ж: Намаз оқымайды, ораза тұтпайды, Құран оқымайды, Құран аяттары жазылған қағазды, діни кітаптарды ұстамайды, мешітке кірмейді, Қағбаны тауаф етпейді.
С: Хайыз және нифас мерзіміндегі әйелдердің сыртында мұқабаға жабыспаған қабы бар Құранды ұстауына және дұға тілеуіне бола ма?
Ж: Болады. Бірақ, Құранды ұстап және жатқа оқуы дұрыс емес.
С: Ауру қаны келген әйелдерге не істеуге болмайды?
Ж: Олар таза әйелдер сияқты намаз оқиды, Құран оқиды, ораза ұстайды, аяттар жазылған парақтарды, діни кітаптарды ұстай алады, мешітке бара алады, Қағбаны тәуәп ете алады.
С: Хайыз және нифас мерзіміндегі әйелдердің күйеуімен бір жерде жатуы дұрыс па?
Ж: Дұрыс, бірақ төсек қатынасына бармайды.
С: Хайыз және нифас мерзіміндегі әйелдер қаза болған намаздары мен оразаларын не істейді?
Ж: Намаздың қазасы өтелмейді, бірақ ораза қазасын өтейді.
С: Хайыз және нифас қаны келгеннен кейін, аяқталатын уақыты болмаса да, арада бірнеше сағат қан келмей тұрса, сол уақытта әйелдер хайыз және нифас үкімінде болады ма, әлде таза саналады ма?
Ж: Әлбетте, хайыз және нифас үкімінде болады. Арадағы уақыт саналмайды.