Тәфаккур
С: Тәфаккур дегеніміз не?
Ж: Жаратылысқа қарап, Алла тағаланың құдіретін ойлап, Оған шүкір айту дегенді білдіреді.
С: Тәфаккур жасау қажет пе?
Ж: Әлбетте қажет, уәжіп болады.
С: Тәфаккурды қандай жолмен жасаймыз?
Ж: Алла тағала жерді, аспанды, күнді және басқа жаратылысты жаратты.
Пенделерінің әрекет етіп, жұмыс жасаулары үшін таңертең күнді шығарып, жер жүзін
жарық етеді. Кешке олардың рахаттанып тынығулары үшін күнді батырады. Қара топырақтан түрлі ғажайып өсімдіктер мен ағаштарты өсіреді. Олардан көңілге қуаныш әкелетін түрлі хош иістер және шырындар шығарады.
Жер жүзіндегі жан-жануарлар Алла тағаланың Құдіретімен бір-бірінен өсіп-өніп көбеюде. Алла тағаланың берген ризығымен тамақтанып, өмір сүруде. Өзіміздің жағдайымызды жақсылап ойлап көрсек, Алланың Құдіретінің зор екенін білеміз. Біз әуелде жоқ едік, кейіннен Құдай тағаланың қалауымен адам кейпіне еніп, дүниеге келдік. Жетілдік, өстік. Жақсы мен жаманды ажыратуымыз үшін Алла бізге ақыл берді. Сол берген ақылымызбен жақсылап ойланып көрсек, Раббымыз бізге бірнеше пайдалы ағзаларды берген: сөйлеуге ауыз және тіліміз, көруге көзіміз, естуге құлағымыз, иістерді сезуге мұрнымыз, ұстауға қолдарымыз және жүруге аяқтарымыз бар. Адамның сыртқы ағзаларына қарағанда ішкі ағзаларының хикметі және кереметі көбірек. Ішіміздегі қан тамырларымыз, бұлшық еттеріміз және еш тоқтамастан біздің бойымыздағы қанымызды айналдырып тұрған жүректің жұмысын ойласақ, адам баласы үшін бір хикмет бар. Алла тағала біздің тамақтануымыз, ішіп-жеуіміз үшін көктен жаңбырын жаудырып, сол жаңбыр суымен жерден алуан түрлі өнімдер,жеміс-жидектер өсіреді. Адамзат рахаттану үшін жер бетін түрлі пайдалы нәрселермен көркемдеді. Бұлардың барлығы Алла тағаланың бізге берген нығметі. Осындай шексіз нығметтер беруші Ұлы Жаратушымыз жайлы ойланып, пікірлеп, Оған мадақ және тасбих айтуымыз міндет болады . Әр уақытта Ұлы раббымыздың жаратқан ғажайып нәрселерін көргенде, мадақ айтуымыз қажет.
سKبVحPانP الe وP الVحPمVدK لe وP لPا اeلهP إeل[ا الK وP الK أPكVبPرK
Транскрипциясы: Субханаллаһи уәл-хамду лилләһи уә лә иләһә илләллаһу уаллаһу акбар
Мағынасы: Алла бүкіл кемшіліктерден таза, мақтау Аллаға ғана, Алладан басқа құдай жоқ, Алла – ұлы.