Тәкбір-ташриқ
С: Арапа, құрбан айт және ташриқ күндері әр намаздан кейін қандай амал жасау уәжіп?
Ж: Арапа күні таң намазынан бастап, үшінші ташриқ күнінің екінті намазына дейін әрбір намаздың парызын оқып, сәлем бергеннен кейін тәкбір-ташриқ айту уәжіп.
С: Тәкбір-ташриқ деген не?
Ж:
الK أPكVبPرK الK أPكVبPرK الPا إeلهK إeل[ا الK وP الK أPكVبPرK الK أPكVبPرK وP لeلهe الVحPمVدK
Транскрипциясы: Аллаһу әкбар Аллаһу әкбар, лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уә лилләһи хамду.
Мағынасы: «Алла ұлық! Алла ұлық! Алладан басқа құдай жоқ! Алла ұлық және барлық мадақ тек қана Оған тән!»
С: Тәкбір-ташриқты жамағатпен оқылған намаздан кейін айту уәжіп пе, әлде жалғыз оқылған намаздан кейін бе?
Ж: Екеуінде де айту уәжіп.