Тарауық намазы
С: Тарауық намазы қандай намаз?
Ж: Еркек және әйел адамдар үшін сүннет амал болып табылатын намаз.
С: Тарауық намазы қай жерде және қай уақытта оқылады?
Ж: Рамазан айында әр күні құптан мен үтір намаздары арасында оқылады.
С: Құптаннан бұрын тарауықты оқуға бола ма?
Ж: Болмайды.
С: Тарауық намазына кешігіп келген адам не істейді?
Ж: Алдымен құптан намазының парызын жалғыз оқып, сосын имамға ұйып тарауықты оқуға кіріседі. Құптанның екі ракағат сүннетін тарауық намазының арасында немесе тарауықтан кейін оқиды. Тарауықтың үлгермеген жерлерін кейін өзі толықтырып оқиды.
С: Тарауық намазы неше ракағат?
Ж: Жиырма ракағат.
С: Оны нешеге бөліп оқиды?
Ж: Екі ракағаттан онға бөліп оқиды. Төрт ракағат қылып оқыса да болады, бірақ екі ракағаттан оқыған абзал.
С: Тарауық намазы жамағатпен оқылады ма, жалғыз оқылады ма?
Ж: Жалғыз оқыса да болады, бірақ жамағатпен оқудың сауабы молырақ.
С: Тарауық намазына қамат айтылады ма?
Ж: Айтылмайды.
С: Тарауық намазы арасында қандай амал жасау сүннет?
Ж: Әр төрт ракағат оқылғаннан кейін төрт ракағат намаз уақытындай отырып демалу сүннет.
С: Демалып отырған кезде қандай амал қылу керек?
Ж: Тасбих және дұға айтып отыру мұстахаб. С: Біздің елімізде қандай тасбих айтылады? Ж: Мына тасбих айтылады:
سKبVحPانP ذeي المKلVكe وPالVمPلPكوKتe سKبVحPانP ذeي العeزŒPةe وPالعPظPمPةe وPالVقKدVرPةe وPالVكeبVرeيPاءe وPالجPبPروKتe سKبVحPانP
الVمPلeكe الVحPيŒe الŒPذeي لPا يPمKوتK سKبŒKوحé قKدŒKوسé رPبŒKنPا وP رPبŒK الVمPلPائeكPةe وP الرŒKوحe لP إeلPهP eإلŒP ال نPسVتPغVفeرKال
نPسV PKألكP الVجPنŒPةP وP نP KعوذK eبكP eمنP النŒPارe
Транскрипциясы: Субхаанә зил-мүлки уәл-мәләкүүт. Субханә зил-иззәтә уәл- азамәти уәл-құдрати уәл-кибрия-и уәл-жәбәруут. Субханәл-мәлики-хаййл-ләзи лә йәмуут. Суббуухун құддуусұн раббүна уә раббүл-мәләәикәти уәррууһ. Ләә иләәһә иллаллаһү нәстәғфирұллааһ нәсәлүкәл жәннәтә уә нә узү бикә минәннәәр.
Мағынасы: «Жердегі және аспандағы жаратылыстардың иесі болған Алла тағалаға тасбих айтамын, яғни оны әртүрлі кемшіліктен және нұқсаннан пәк деп бойұсынамын, ұлықтық, құдірет және үстемдік иесі Алла тағалаға тасбих айтамын, бүкіл әлемнің патшасы және қожасы мәңгі Аллаға тасбих айтамын. Кемшіліктен пәк және таза болып табылатын Одан басқа біз үшін құлшылыққа лайықты ештеңе жоқ, біз Алладан күнәларымыздың кешірілуін сұраймыз. Иә, Раббымыз! Сенен жәннатты сұраймыз және тозақ отынан құтқар деп саған сыйынамыз».
С: Тарауық намазы біткенше осы тасбих неше рет оқылады?
Ж: Әр төрт ракағаттан кейін, яғни бес ретайтылады.
C: Тарауық намазында имам «Фатиха» сүресінен соң қандай сүре оқиды?
Ж: Қалаған сүресін оқиды. Бірақ, Рамазан айы біткенше Құранның басынан бастап аяғына дейін толық бір рет оқып шығу сүннет.
С: Имам тарауық намазын жария оқиды ма, іштей оқиды ма?
Ж: Жария оқиды.
С: Тарауық намазын оқығаннан кейін қандай дұға жасалады?
Ж: Мына дұғаны оқиды:
الل[هKم[ صPلl عPلى مKحPم[دœ وP عPلى آلe مKحPم[دœ وP سPلlمV الل[هKم[ زPيŒنV بeزeينPةe الVإeيمPانe وP شPرlفVنPا بeشPرPافPةe الVهeدPايPةe وP الVعeرVفPانe وP أPكVرeمVنPا بeصeيPامe شPهVرe رPمPضPانP وP ارVزKقVنPا الVجPنŒPةP وP الVغKفVرPانP وP تPقPب[لV مeن[ا تPرPاوeيحPنPا يPا سKبVحPانP
وP اسVتP eجبV دK PعائPنPا يPا حPن[انK بe PVeفضلكP وP وK KeجودكP يPا مPن[انK eبرPحVمePتكP يPا PأرV PحمP الر[احe eمينP
Транскрипциясы: Аллааhумма солли ъала Мұхаммад, уа ъәләә әәли Мұхаммад, уә сәллим. Аллааhумма зәйинә бизиинәтиль-иймәән, уә шәррифнәә би шароофатиль-хидаяти уәль-ъирфәән. Уә-әкримна бисиаами шаһри ромадаан. Уарзуқнәль-джанната уәль- ъуфроон. Уа тәқоббаль миннәә тароо-уииханаа, я Субхаан. Уастажиб дуъа’ана, я Ханнаан. Бифадлика уә жуудикә, я Мәннән. Бирохматика, иәә Архамар-Роохимиин.
Мағынасы: «Я, Раббымыз! Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына рақымың мен сәлемің болсын. Я, Раббымыз! Бізді хидаят және мағрифатыңа бөлей гөр және бізді Рамазан айының оразасымен құрметті және сыйлы ете гөр және бізге жәннатты нәсіп етіп, күнәларымызды кешір. Уа, пәк Алла, біздің тарауық намаздарымызды қабыл қыл.
Рақымды Алла, бізге сұрамастан беретін Алла, әр нәсілдің және әр халықтың және біздің дұғаларымызды қабыл ет! Сондай рақмет етуші Алла Тағала! Әрбір жақсылық тек Сенің ғана рақметіңмен болады. Ей, Рақымдылардың Рақымдысы!».
С: Тарауық намазы біткен соң, не оқылады?
Ж: Үтір намазы оқылады.
С: Үтір намазы жеке оқыла ма, жамағатпен оқыла ма?
Ж: Рамазан айында жамағатпен оқылады.
С: Имам үтір намазын жария оқиды ма, іштей оқиды ма?
Ж: Жария оқиды, тек құнұт дұғасын ғана іштей оқиды.
С: Имамға ұйыған жамағат та құнұт дұғасын оқиды ма?
Ж: Әлбетте, әрқайсысы ішінен оқиды.