Сәһу сәждесі
С: Бір кісі намаздың ішіндегі бірер парыздарды ұмытып жасамай кетсе, намазы дұрыс бола ма?
Ж: Дұрыс болмайды.
С: Егер намазда белгілі бір уәжіп амалды ұмытып кетсе, намазы бұзыла ма?
Ж: Бұзылмайды. Алайда намаздың соңында сәһу сәждесін жасау уәжіп.
С: Сәһу сәждесін қалай жасайды?
Ж: Ақырғы отырыста ташаһуттен кейін салауат дұғасын оқымай, егер жалғыз отырса екі жағына, имам болса бір жағына сәлем беріп, екі рет сәжде жасайды. Сосын қайта отырысқа отырып, ташаһут, салауат дұғаларын оқып, намазын тәмамдайды.
С: Имам не үшін тек бір жаққа сәлем береді?
Ж: Егер екі жаққа сәлем берсе, артындағы ұюшылар намаз бітті деп тұрып кетуі мүмкін.
С: Имам намазда бір уәжіпті ұмытып кетсе, артындағы ұюшылар да имамға қосылып сәһу сәжде жасауы уәжіп пе?
Ж: Уәжіп болады.
С: Намазға кешігіп келген кісі, имаммен бірге сәһу сәждесін жасай ма?
Ж: Сәһу сәждесін жасап, имам сәлем бергеннен кейін тұрып, намазын жалғастырады.
С: Имамға ұюшы кейбір уәжіптерді ұмытса, сәһуді жасау уәжіп бола ма?
Ж: Жоқ, уәжіп болмайды. Өйткені, имамға ұюшы жеке өзі сәһу сәждесін жасамайды.
пе?
ма? керек?
С: Бір кісі кейбір уәжіптерді өз ықтиярымен орындамаса, оған сәһу жасау уәжіп
Ж: Уәжіп болмайды, алайда уәжіпті орындамағаны үшін үлкен күнәһар болады.
С: Бір кісі намазда сүннет немесе мұстахабты тәрк етсе, сәһу жасау уәжіп бола
Ж: Уәжіп болмайды.
С: Ұмытып екі немесе одан көп уәжіпті жасамаса, неше сәһу сәждесін жасау
Ж: Қанша уәжіпті ұмытса да, бір рет сәһу сәждесін жасау жеткілікті.
С: Намаздың ішінде қандай амалдарды ұмытқанда сәһу сәждесі уәжіп?
Ж: Мына 14 әрекеттің бірін ұмытса, сәһу жасау уәжіп. Олар:
1. Әуелгі екі ракағатта «Фатиханы» оқымаса;
2. Алғашқы екі ракағатта қосымша сүре оқымаса;
3. Екінші ракағаттан кейін отырыс жасамаса;
4. Отырыста ташаһһут оқымаса;
5. Алғашқы отырыста салауат оқыса;
6. Алғашқы отырыста сәлем беріп қойса;
7. Қырағатты дауыстап оқитын намазды дауыстап оқымаса;
8. Қырағатты іштей оқитын намазды дауыстап оқыса;
9. Үтір намазында «Құныт» дұғасын оқымаса;
10. Қырағаттың алдында рүкүғке барып қойса;
11. Екі рет рүкүғ жасаса;
12. Үш рет сәжде жасаса;
13. Соңғы отырыста қиямға тұрып кетсе;
14. Ташаһудтен кейін қай ракағат екенін ойлап, сәлем беруді кешіктірсе.