Сахабалар
С: Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сахабалары деп кімдерді айтамыз?
Ж: Мүмін мұсылман кезінде Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көріп, оған жолыққан және мүмін болып дүниеден өткен адамдар.
С: Осы сахабалар қандай адамдар?
Ж: Олардың әрқайсысы өте парасатты кісілер, біз олдардың бәрін құрмет тұта білуіміз керек.
С: Сахабалардың ең абзалы кімдер?
Ж: Алдымен Әбу Бәкір Сыддық, кейін Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Әфуән және Әли ибн әл-Мұртаза (р.а.). Осы төрт сахаба ең құрметті, қадірлі және ұлық сахабалар.